Тақырыбы:Тоқта!Сақтан!Жол ашық!Мақсаты:– Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға үйрету;– Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;Көрнекілік: бағдаршам, сызылған жол, жол белгілері. Өтілу барысы:Мұғалімнің кіріспе сөзі:– Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік.– Арманға , алда күткен асығамыз,Біз қалай толқын атпай басыламыз,Жол жүру ережесін жақсы біліп,Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.Жалғайтын достастырып бар елменен,Жолдардан тұрады ғой әлем деген.Бүгінгі бізге келген қонақтарға,Сабағымыз басталсын сәлемменен.Мұғалім: Сөйлеуді ол білмейді,Бірақ, тоқта, жүр дейді.– Бағдаршам!– Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар!– Мынау қандай белгі? Сақтандыру, ескерту белгісі. (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)Қып-қызыл үшбұрыш,Ескерту белгісі мен болам.Қауіптен сақ бол деп,Сәт сапар жолдаған.Аман-сау жүреді,Жаяу да, көлік те,Мен берген белгініСақтаған, қолдаған!Тыйым салу белгісі. (Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты,Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.Міндеттеу белгісі. (Көк түсті дөңгелек)Белгімін көрсетер жылдамдық, бағыттыМіндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,Абай бол, шартымды міндетті орында!Нұсқау (көрсеткіш) белгісі. (Көк түсті төртбұрышты)Баратын жеріңнің бағытын, тұратын,Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамынКүндіз де, түнде де от болып жанадыКөк түске боялған төртбұрыш шырағым.Қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер.1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.2. Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.3. Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.Ал, балалар, бағдаршамның көздері туралы айтып беріңдерші?Бұл сақшының үш көзді,Үш көзден ұқ, үш сөзді.Ашша сақшы үш көзін,Айтты деп ұқ үш сөзінТоқта! Сақтан! Жол ашық!Жүрме жолға таласып.Қызыл көзін ашқандаСынық сүйем баспа алға,Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға.Жасыл көзін ашқанда,Жүре бергін жасқанба!Мұғалім:Ал, қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. (Балалармен бірге жолдан өтеді)– Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар! (Орнына тұрады)Қорытынды:Ал, балалар! Міне, сендер жолда жүру ережесін еске түсіріп, жолдан өту қауіпсіздігін сақтауды үйрендіңдер.Енді осы жол ережесіне байланысты суреттер салайық.Жолда, көшеде барлық ережелерді есте сақтаймыз ба?Ендеше, біз сабағымызды әнмен аяқтайық.Көшеде сақ бол!1.Көшеде біз сақ болайық,Қайғырмасын ата-ана.Жолда сен бол лайықты,Оқушылар атына.Қ-сы: Әрқашан күн сөнбесін,Аспаннан бұлт төнбесін.Қасымда болсын анам,Болайын мен де аман.2.Жолда жүру әліппесін,Білгенің жөн бес саусақтай.Сонда ғана жүре аласың,Сен өзіңді сау сақтап.