Материалдар / Тәрбие сағаты "Түстер бізде қонақта" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Түстер бізде қонақта" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
607
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Түстер бізде қонақта»

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып сурет әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

1. _______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.

І топ «Бояулар»

ІІ топ «Қарындаш»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, – дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.


«Бояулар» тобы:

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Сурет болмас бояусыз.


5-класс. Топ мүшелері:

«Қарындаш» тобы:

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш.

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал, міне қарындаш.


6-класс. Топ мүшелері:

 

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, – деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.


Сайыс кезеңдері:

1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

2. «Кім шапшаң, кім жылдам?»

3. «Айырмашылығын тап»

4. Сөздерден түс аттарын шығару.

5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс)

6. Жұмбақ шешу.

 

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.


 І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру

Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.

І топқа:

Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)

Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)

Суға тез еритін бояу. (Акварель)

Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)

Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)


ІІ топқа:

Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)

Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)

Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. (анималистік жанр)

Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)

Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)

 

2 кезең

Кім жылдам табады,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

Быт-шыт болып шашылған

Құрайды екен кім жылдам? – деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.

 

3 кезең.

Топбасшыларына тапсырма. «Айырмашылығын тап»

Екі топбасшыға сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.

 

4 кезең.

Сөздерден түс аттарын шығару.

І топқа:

ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)

ІІ топқа:

ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫЛТҚЫЗ (ҚЫЗҒЫЛТ)

 

5 кезең. Сурет сайысы (топпен жұмыс)

Екі топқа өтірік өлең жолдары беріледі. Мағынасына қарап өлең жолдарын суреттеп қағаз бетіне түсіреді. Топ басшылары шығып түсіндіреді.

І топқа.

Сала салсам қалтама,

Ойнап жүріп пойызды.

Жүрмекші боп арқама,

Бөле берді ойымды.

Қоя бердім, бұл шыным,

Қызығы бар мұның да.

Майыстырды тұмсығын,

Соқтығысып шыбынға.


ІІ топқа.

Тышқан деген мықты ғой,

Батыр болып шықты ғой.

Қыр көрсетіп аюға,

Оны да алып жықты ғой.

Қорбандаған аюды,

Тышқан аяп кетеді.

Кетпесін деп үзіліп,

Көмекке өзі жетеді.


6 кезең. Жұмбақ шешу.

Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.

 

Мен арамын, арамын,

Қара орманға барамын.

Қимастан бір бұтағын,

Қара орманды тарадым. (шаш пен тарақ)

 

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

 

Күні-түні сөйлеймін,

Өлең айтам, билеймін.

Бәрін-бәрін көрсетем,

Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар)

 

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)

 

Сан ойлантады, сан мұңайтады,

Үндемей-ақ әңгіме айтады. (кітап)

 

Үйір-үйір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (түйе)


Сайысты қорытындылау.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.


І топқа:

ЛЫЗЫҚ

АҚРА

ДІРГІЛКӨ

ЫРҚОҢ

РҰС

ІІ топқа:

ЛЫСАЖ

ЫРСА

КӨКСИЯ

ГІНКҮЛ

ҒЫЛТҚЫЗ


Сайыс кезеңдері:


1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

2. «Кім шапшаң, кім жылдам?» сурет құрастыру.

3. «Айырмашылығын тап» суреттердің айырмашылығын табу.

4. «Сөздерден түс аттарын шығару» топпен жұмыс.

5. «Мәтін бойынша сурет салу» топпен жұмыс.

6. «Жұмбақ шешу» топпен жұмыс.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!