Сабақтың
тақырыбы: "Туберкулездің адын
алу".
Мақсаты: Балалардың сана-сезiмдерiн
ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы
туралы түсiнiк қалыптастыру ә) Қазіргі адамзат ұрпағына төніп
тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда
болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып
көрсету. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрi: Сұхбат ( Сұрақ-жауап, кеңес
әңгiме)
Сабақтың
әдiсi: Баяндау,
сұрақ-жауап.
Көрнекiлiктер: Туберкулез тақырыбында слайд
,видео, денсаулық туралы слайд.
Сабақтың
барысы:
І. Мұғалiмнiң кiрiспе
сөзi: Балалар дүние жүзінде халық
санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 - жыл
бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық
сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез
ауруымен 8-10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен. -
Ал, енді тәрбие сағатымызды осы туберкулез ауруын алдын алуға
арналады. (ортаға оқушылар шырақпен
шығады)
1
оқушы:
Таза мінсіз асыл сөз,
(Алина)
Ой түбінде
жатады.
Ой түбінде жатқан
сөз,
Шер толқытса
шығады.
2
оқушы: Халықпыз қазыналы,қарапайым,
(Айша)
Дархандығы, мәрттігі
даладайын.
Қам жейтұғын, күйініп кезең
келді,
Ойланып, кеңесетін ұрпақ
жайын!
3
оқушы: Өміріме өзімнің таңданамын.
(Әдемі)
Қалмаймын деп қатардан
қарманамын.
Бүгінімді өткізсем
қыйындықпен
Ертеңіме үмітпен
алданамын.
ІІ. «Жұқпалы аурулар»
жайында талқылау сұрақтары:
1) Жұғу(инфекция) дегеніміз
не? (Азат)
2) Жұқпалы аурулар қайдан
пайда болады? (Жандос)
3) Микробтар туралы не
білесіңдер? (Азамат)
4) Жұқпалы ауруларды қалай
алдын алуға болады? (Алуа)
«Туберкулез» ауруы жайында
толығырақ мәлімет беру үшін арнайы шақырылып отырған дәрігеріміз
Еркін Хадишаны ортаға шақырсақ. (дәрігер жұқпа туралы мәліметтерін
слайд, бейнероликтер арқылы түсіндіріп
өтеді).
Дәрігер: Ал, енді менің
өздеріңе қойатын бірнеше сұрақтарым бар.
1) Адам денсаулығына қандай
заттар зиян келтіреді?
2) Зиянды әдеттер қандай ағза
мүшелерін зақымдайды?
3) Өздерің денсаулықты сақтау
үшін қандай жағыдайлар жасап жүрсіңдер?
ІІІ.
Көрініс: «Бір стакан
сүт»
Талқылау
сұрақтары:
1) Көріністен қандай ой
түйдіңдер?
2) Жақсылық жасай білу әр
адамның қолынан келетін іс деп ойлайсыңдар
ма?
ІҮ. Оқушылар арнайы келген аудан
дәрігерлеріне өз сұрақтарын қояды.
«Денсаулық» туралы
бейнеслайдқа назар салу.
Ү.
Қорытынды: Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе
сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе
сен.
Алысыңда сыйлайды, жақының
да,
Өзіңді өзің төменге
түсірмесең
Бүгінгі біздің ауданымыздың
салауатты өмір салтын наихаттау бөлімінен келіп отырған дәрігер
Сатова Айгерімге сөз кезегін беріп, өз тілегі мен кеңесін тілек
парағына түсіруін өтінейік.
1
оқушы: Отбасымен ауылды біз
сүйеміз.
Үлкендердің сөзін ойға
түйеміз.
Денсаулықты әрқашанда
сақтаймыз,
Жылулықпен бейбіт өмір
баршаңызға тілейміз!