400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Туған жердің кереметтері мен көріністері" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жерге саяхат жасау арқылы ауылдың тарихын зерделейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

өтілетін күні :

Сыныбы : 8

Тақырыбы :

«Туған жердің көріністері мен кереметтері»


Сабақтың мақсаты :

Оқушыларға өз туған жерлерінің табиғи көріністері, кереметтерін көре білуге және бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері :

  • Туып-өскен жер туралы мәліметтер жинап,презентация жасау

  • Ауылымыздың көріністері мен кереметтері жайлы хабарлама

  • «Менің ауылым – болашақта» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын көрсету

Нәтижесі

Өз туған жеріне қамқорлық танытатын болашақта елжанды ұрпақ тәрбиеленеді.

Сілтеме

Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқияннан өзіме шейін» шежіре кітабы

Е.С.Байғазиев «Күрті-құт –береке мекені»

Аудандық жинақ «Жамбыл ауданының жайсаңдары»

Сабақтың типі

Зерделеу сабағы

Тәрбиенің бағыты

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Көрнекілігі

Презентациялар,кітаптар, Қазыбек бектің шығармалары

Сабақтың әдіс-тәсілдері

СТО стратегиялары,топпен жұмыс,жеке жұмыс

Пәнаралық байланыс

Әдебиет,тарих



Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Білу


1.Ұйымдастыру кезеңі :

  • Шаттық шеңбер

  • Әркім өз топтарына бөлініп отырады


2. Қызығушылықты ояту

Өмірбек Байділдаевтың «Туған ел» өлеңі

Туған жер қандай көркем мөлдіреген.

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген,-деп жырлағандай әр адамның өзінің туған жері бар.Ол адамға әрбір тасымен ыстық.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады. Соның бірінші бөлімі :

1. Әдеби бөлім : Туған жер,ауыл туралы өлеңдер

«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»




1.Шаттық шеңбер құрып, сәттілік тілейді.

2. Алдын ала бөлінген топқа отырады











Мерейтойлары аталып өткен Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқиды



Түсіну

Мағынаны тану

2. «Біздің ауылдың көріністері мен кереметтері» бөлімі

Әр топ өздері дайындап келген тапсырмаларын көрсетеді. Топ мүшелері туып-өскен Қазыбек бек бекеті туралы жан-жақты мәлімет жинап,ақпарат ұсынады.


І топ «Ауыл тарихына шолу»




ІІ топ «Қазыбек бек Тауасарұлы» туралы мәлімет



ІІІ топ «Қазыбек бек Тауасарұлының еңбектері»


ІV топ «Қазыбек бек ауылының атақты тұрғындары»











Қазыбек бек бекетінің орналасқан жері, ауыл тарихына шолу жасайды.


Қазыбек бек Тауасарұлы туралы деректер дайындайды


Еңбектерінен үзінді оқып талдайды.


Ауылдың атақты адамдары жайлы баяндайды

Сергіту сәті

«Саржайлау» әні

Сөзі : М.Мақатаев

Әні : Н.Тілендиев

Оқушылар әнді хормен орындайды



Қолдану

Видеоролик

«Қазыбек бек бекетінің көріністері»


Видеороликтан оқушылар түйген ойларын шығармашылық жұмыспен ұштастырады

Жинақтау

3. Біздің ауыл керемет... Шығармашылық бөлім

І топ

« Қазіргі кездегі Қазыбек бек бекеті»


ІІ топ

«Ауылымызға қажет демалыс паркының» моделі


ІІІ топ

«Ауылым десем ойыма...» ойтолғау жазу


IV топ

«Ауылым – алтын бесігім» атты өлең шығару




Оқушылар презентация көрсетеді

Салған суреттері мен жасаған модельдерін ұсынады.

Ойтолғау жазып,біреуі шығып оқиды

Оқушылар өздері шығарған өлең жолдарын оқиды



Талдау

Қорытынды :


Туған жер

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Ф.Оңғарсынова

Нақыл сөздерді құрастыру:

1.Әркімнің туған жері - Жерұйық

2.Ұлтарақтай болса да , Атамекен жер қымбат

3.Ат төбеліндей болса да , Туып өскен ел қымбат

4.Бөтен жердің гүлінен, Туған жердің тікені артық.












Оқушылар нақыл сөздерді құрастырады.

Бағалау


Рефлексия


Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерін стикерге жазып береді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі