жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тәрбие сағаты. "Туған жерге туыңды тік" 7 сынып
«Қазығұрт жалпы орта білім
беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: Туған жерге туыңды тік!
Орындаған: Оразымбетова Ж
Сынып: 7а
2017-2018 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: «Туған жерге туыңды тік»
Сабақ мақсаты:
Білімділік:Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, ата- бабаларымыздың тереңде жатқан тарихымен таныстыру;
Дамытушылық: оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін дамыту, бірін –
бірі тыңдап түсіну, құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушылардың бойында Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін ,тілін, әдет- ғұрпын құрметтейтін жаны таза , адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, интерактивті тақта,
Суреттер, нақыл сөздер.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Әдіс – тәсілі: пікір алмасу, сұхбаттасу,
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Мемлекеттік Әнұранды орындау
2. Шаттық шеңберін құрау: Оқушылар қолдарын ұстасып, бір – біріне жақсы тілектер тілейді.
3. Әр топ өздерін таныстырып шығады.
1 топ «Атамекен» тобы
2топ «Атамұра» тобы
Кіріспе сөз:
Біздің бүгінгі сабағымыз «Туған жерге туың тік» деп аталады. Бұл сабағымызды тәуелсіздік мерейтойына арнаймыз.
І тапсырма Тест сұрақтарын орындау:
1. Қазақстан Республикасының Егеменді мемлекет болған жылды көрсет
а) 1989 ж. 1 мамыр б) 1992 ж. 1желтоқсан
ә) 1991 ж. 25 қазан в) 995 ж. 30 тамыз
2.Қазақстан қай кезден Тәуелсіз Республика деп танылды?
а) 1990 ж. 25 қазан б) 1991 ж. 16 желтоқсан
ә) 1991 ж. 25 қазан в) 1991 ж. 16 қараша
3. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.
а) Астана, парламент ә) Байлығы, шекарасы
ә) Ту, елтаңба, әнұран в) Валюта, қолөнері
4. Елтаңбада бейнеленген киіз үйдің бөлігі
А) шаңырақ Б) уық
Ә)кереге В) іргетас
5.Мемлекеттік Тудың авторы кім?
а) Ш.О Ниязбеков б) Ш. Қалдаяқов
ә) Ш. Уәлиханов в) Ж. Мәлікұлы
6. Биыл Астана қаласының неше жылдық мерейтойы тойланды?
а) 10 ә) 5 б) 15 в) 20
7. Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс – кейпін
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің ата- анаң,
Отан – сенің, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң
Отан- аудан, ауылың.
Отан- тарих, отан- тіл,
Жасаған елің, ер халқың,
Отан –өлең, Отан –жыр,
Көтерген көкке ел даңқын
( Кімнің өлеңің?)
а) М. Мақатаев б) М.Шаханов
ә) Б. Ысқақов в) Қ. Мырза Әлі
8. Отан туралы мақалды көрсет:
М) Білекті бірді жығар, С) Батырды намыс өлтірер,
Білімді мыңды жығар Қоянды қамыс өлтірер
Н) Жақсы жаныңа жолдас, Р) Туған жер - алтын бесік
Жаман малыңа жолдас
ІІ тапсырма
Қазақтың көрнекті ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев:
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан!» -деп сыбырлаған.
Жаным менің ,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен де биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем ,- деп жырлап өткендей, Отанын сүймейтін, туған жерін ардақтамайтын адам – тірі жәндік. Келесі тапсырмамыз Отан, туған жер туралы өлең шумақтарын жатқа айту.
ІІІ тапсырма: Қазақстан Республикасының Туы, авторы туралы мәліметтерін ортаға салу.
Көк аспанда көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Ақниетті алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
ІҮтапсырма: Мақал – мәтел сайысы. Отан, туған жер туралы мақалдар айту. Қай топ тоқтап қалса немесе айтылған мақалды қайталаса, сол топ сайысты тоқтатып, жеңіліске ұшырайды.
Мақалдар:
Отан оттан да ыстық.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Туған жер – алтын бесік.
Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Туған жерің – анаң, басқа жер- өгей анаң.
Елден айрылған көмгенше жылайды,
Елден айрылған өлгенше жылайды.
Адамда бір ғана Отан, бір ғана ана бар
Үтапсырма: Үй тапсырмасы. Әр топ өз өнерлерін көрсетіп,өздерін елінің
өнерлі болашағы екенін дәлелдеу.
ҮІ тапсырма. Топ басшыларымен сұхбат.
Әр топ басшыларымен жеке сұхбат өткізу
1 топ басшысына сұрақ:
-
Егер сіз Білім Министрі болсаңыз өз бағдарламаңызға нелер енгізер
едіңіз
2 топ басшысына сұрақ:
-
Егер сіз Қазақстан Республикасының Президенті болсаңыз алдыңызға қандай мақсат қояр едіңіз?
Сайысымыздың қандай нәтижеге ие болғанын ұпай санымен анықтап, жеңім-паз топты марапаттау.
Қорытынды сөз :
Туған жер – өздерің дәлелдегендей киелі де қасиетті мекен. Өз жерімізде
көк туымыз желбіреп, әнұранымыз орындала берсін. Тұғырымыз мықты болып,
келешек ұрпағымыздың көкейінде туған жерге деген сүйіспеншілік алауы мәңгі
лаулап, жалындай берсін.
«Атамекен » әні орындалады
«Қазығұрт жалпы орта білім
беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мәлімет
Бүгін 2017ж желтоқсанның 5-і күні «Туған жерге туыңды тік» атты тәрбие сағатын өтілді. Сабақтыңың мақсаты: ата-бабаларымыздың тереңде жатқан тарихымен таныстырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, елін, жерін, тілін, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Сабақты Әнұранмен бастап патриоттық сезімдерін оятты. Сосын шаттық шеңберін құрып, оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тіледі.
Сыныпты екі топқа бөліп отырғызды. 1 топ Атамекен, 2 топ Атамұра болды. Бұл тәрбие сабағы сайыс сабағы ретінде сұрақ жауаптар дайындалған.
1 тапсырма тест сұрақтарын орындау болатын. Оқушылар өздерінің білгір, тапқыр екендігін және ҚР туралы білетіндерін көрсетіп екі топта жарыса жауап беріп отырды.
2 тапсырма бойынша не-бір ақын жазушылар жырлап өткендей, Отан, туған жер туралы өлең шұмақтарды жатқа айту болды. Бұл тапсырма бойынша Атамекен тобынан Тәліпбай Оразкүл Отан туралы өлеңін айтты. Оған қосылып Байдуллаева Сабрина да айтты. Атамұра тобынан Ешманов Елжан мен Ахаш Ұлбота Отан және туған жерге арналған өлең шұмақтарын жатқа айтып берді. Бұл тапсырмада да екі топ жақсы қатысып отырды.
3 тапсырмаға келсек, ҚР Туы, авторы туралы мәліметтерін ортаға салды. Атамекен тобы толық жауап берді Атамұра тобынан қарағанда.
4 тапсырма мақал-мәтел жарысы болды.. Екі топ та отан, туған жерге арналған мақал –мәтелдерін айтты.
5 тапсырма үй тапсырмасы екен. Әр топ өз өнерлерін көрсетіп, өздерін елінің өнерлі болашағы екенін дәлелдеді.Атамекен тобы мен Атамұра тобы патриоттық өлеңдер айтты.
6 тапсырма, топ басшымен жеке сұхбат өткізу екен, әр топ басшы өз армандарын айтып, өз ойларымен бөлісті.
Жарыстың соңында қандай нәтижеге ие болғанын ұпай санымен анықтап Атамұра тобы бір ғана ұпайы артық болып жеңіп шықты.
Оқушылар өте көңілді күйге бөленіп, патриоттық сезімге бөленіп қайтты.
Сынып жетекшісі: Оразымбетова Ж
«Туған жерге туыңды тік» атты тәрбие сағаты



шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген