Материалдар / Тәрбие сағаты "Ұл ұятымен, қыз қылығымен қылықты"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Ұл ұятымен, қыз қылығымен қылықты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты "Ұл ұятымен, қыз қылығымен қылықты"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
850
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты: Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты.

Білімділік: Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді  қастерлеп, өмір  заңдылықтарын білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін,  дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.

Көрнекілігі:  слайд, бейне ролик, көрме т.б

Түрі: тәрбие  сағаты

Әдісі: сайыс сабақ                           

 І.  Ұйымдастыру кезеңі Музыка ойнап тұрады.

Мұғалім

.Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                 

 Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» атты ашық тәрбие сағатымызды   бастаймыз.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады.

Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.

Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде.

Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.

Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек.

Ұлттың ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қармай,осы заманға лайықтысын таңдап алып,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбиелеу ата-ананың да ұстаздар қуымының да міндеті.

1-жүргізушіҚыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

1 Таныстыру

2 «Өнерлінің өрісі кең» өнер сайысы

3 «Жалғасын тап – деп аталады»  мақал – мәтелдер сайысы

4. Ойланайық, пікірлесейік Сұрақ жауап

5 Ас мәзірі

2-жүргізуші: Қыз бала –бойжеткен, келін, ана, Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

Ұрпағыңның ойласаң болашағын, Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.

1 жүргізуші:

Бүгінгі сайысқа қатысатын үміткерлерімізді ортаға шақырайық.

1 жұп Батырхан - Үміт

2 жұп Нұрлыбек Сара

3 жұп Нұрғиса Айдана

4 жұп Диас - Алуа

5 жұп Бекзат Айзат

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың әділ бағасын беретін әділ қазы алқасымен таныс болайық.

1 _______________________________________________________

2 ___________________________________________________________

  1. __________________________________________________________

1-жүргізуші: Сайысқа дайындала берулеріңізге рұқсат.

2-жүргізуші:

Біз қыз баланың бойынан нені көре отырып: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді. дей отыра –сайысымыздың 1-інші кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер

1 жүргізуші: - 1 кезең Таныстыру кезеңі

1 жұп Батырхан - Үміт

2 жұп Нұрлыбек Сара

3 жұп Нұрғиса Айдана

4 жұп Диас - Алуа

5 жұп Бекзат Айзат

Ортада Ән. Бақтир Қайсардың орындауында Әке әнін

2-жүргізуші:  2 кезеңі «Өнерлінің өрісі кең» өнер сайысы

Олай болса сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық. 

1 жұп Батырхан - Үміт

2 жұп Нұрлыбек Сара

3 жұп Нұрғиса Айдана

4 жұп Диас - Алуа

5 жұп Бекзат Айзат

2 жүргізуші Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.

1-жүргізуші: Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген. 

2-жүргізуші: Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю – жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.

Тәрбие сағатымыздың келесі кезеңі «Жалғасын тап – деп аталады» 

Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.

1 жұп Батырхан - Үміт

2 жұп Нұрлыбек Сара

3 жұп Нұрғиса Айдана

4 жұп Диас - Алуа

5 жұп Бекзат Айзат

  1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар…… (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без………. (шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

6. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

7. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

8. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

1-жүргізуші Олай болса,  әрі қарай  тәрбие сағатымыздың  «Ойланайық, пікірлесейік» атты бөліміне берейік.     

1-жүргізуші:  Қыздар мен ұлдарға сұрақтар қойылады.

Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? 

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?  

3. Қызға қандай қылық жараспайды?  

4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса,    сыпайы, биязы  болса  ) 



Қыздарға сұрақ:

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? (бұзақылық, сотқарлығы, кісіні   сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт  (Атадан жақсы ұл туса,  Қар үстінде от жанарАтадан жаман ұл туса,  Ат үстінде ит қабар, Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді, жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік) 

3.Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды?(салмақты,кішіпейіл адамгершілігі мол)

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп  ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?     (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)



1-жүргізуші: «Ұлым жақсы болсын десең – біліктімен ауыл бол,қызым жақсы болсын десең – қылықтымен ауыл бол» дейтін қазақ, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастағаннан, қыз балаларды ес біліп, етек жаба бастағаннан өнерлі, текті, тәрбиелі, адамгершілігі жоғары кісілермен барыс-келіс, алыс-беріс жасап, олармен көрші отыруға құлшынған, әрі ресми тәрбие жүргізе бастаған.

2-жүргізуші: Ұл бала тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт-байлық жаратушы екендігін ұғындыра отырып, ел-жұрт, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларына қалай қамқор болу керек, қиын сәттер мен ел басына күн туған сәттерде қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту керек екендігі мұқият үйретіледі.

Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты.

Десек те, сіздің жаһандану үрдісінен қалмай , ата-дәстүрді берік сақтаған, үлкеннің алдынан кесе өтпейтін, тәрбиелі де ибалы қазақ қызы деген атқа лайық болуларыңыз керек.

1-Жүргізуші: Дастарқанның басында дұшпан да дос.

2-Жүргізуші Атың барда – жер таны желіп жүріп, Асың барда – ел таны беріп жүріп.

1- Жүргізуші Тоқ адамды ұйқы басады, Аш адамнан ұйқы қашады.

2-Жүргізуші Дастарханда наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ.

демекші келесі кезең 5 кезең Ас мәзірі.

Әділ қазы алқасы әділ шешімін шығарғанша орта сыныбымыздың ұл қыздарын шақырамыз. Туған күн иегесі Айданы құттықтап, «Туған күн» әні орындайтын 5 «Б» сынып оқушылары.



Жүлдері орындар:

Бас жүлде - ______________________________________________

І орын -- _______________________________________________

ІІ орын -- ________________________________________________

ІІІ орын -- ________________________________________________

________________________________________________



Қорытынды

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түйдік?

Ақ жолға бастайтын жеті жетекші бар, осыны бойыны сіңіре білген, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам.Осыны естен шығармай жүріңдер.

Адамның басшысы – ақыл

Жетекшісі – талап

Жолаушысы – ой

Жолдасы – кәсіп

Қорғаны – сабыр

Қорғаушысы – мінез

Сынаушысы – халық.  

Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Қош, сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!