Сайыстың тақырыбы: «Үлгілі
отбасы –мемлекет тірегі»
Cайыстың мақсаты: 1.Оқушыларға отбасы – Отанның бір
бөлшегі екендігін ұғындырып,ата-аналармен сайысқа қатыстыра отырып,
баланың ата-ана өміріндегі маңызын,ата-аналардың балаларға деген
тәрбиесін көрсету, Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа
бағдар» атты мақаласына орай, оқушы –ата-ана тарапынан үлес
қосу, 2. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Аға ұрпақтың
ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді ,жігерлі тұлғаны
дамыту.3.
Тәрбиелік:Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,
достық қарым-қатынасты қалыптастыру, қазақ халқының
салт-дәстүрі туралы
білімдерін байқау,сыпайы, адал да парасатты ұл мен қыз
тәрбиелеу.
Сынып бөлмесі тақырыпқа сай
безендірілген.
Сабақтың түрі: Сайыс
сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: «Мен және отбасым» атты қабырға
газеті, мақал – мәтелдер, нақыл
сөздер.
Жүргізуші:
Отбасы-бір түбірден тараған.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы Адамзат баласы шыр
етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға
бейімделіп,ықпалына көніп ер жетеді.Бала бақыт,бала қуаныш, бала
өмірді жалғастырушы, ал ата-ана –тәрбиелеуші және
демеуші.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар мен
оқушылар!
Әке- асқар тау,
Ана -мөлдір бұлақ,
Бала- жағасындағы құрақ -дейді қазақ. Тәрбие - тал бесіктен
басталады. Әке мейірімі- мен құрышын қаңдырып,ана сүтінен нәр алып,
әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін,жерін, халқын
сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы –бұл қоғамның
негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты
тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Сондықтан Н. Ә. Назарбаевтың
«Рухани жаңғыру-болашаққа
бағдар» атты мақаласына
орай, «Үлгілі отбасы –мемелекет
тірегі» атты сайысты өткізгелі
отырмыз.Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға
«Жүректен- жүрекке » шеңберіне
шақырамын.
(Әрбір отбасы бір-біріне
тілек айтады).
Қазақ жерінің көлемі қандай
кең болса, жүрегі мен құшағы да дәл сондай кең. Қазақстан – үлкен
мемлекет.Мемлекеттің ішінде тағы бір мемлекет бар.Ол – жанұя,
отбасы мемлекеті.Отбасы – әр адам үшін баға жепес байлық, саны
жетпес құндылық, әр отбасы өзінше бір шағын ел. Олардың өзіндік
отбасылық заңы, ұстанымы, тәрбиесі, шешімдері және ең бастысы
әрекеттері болады. Осындай әрекеттерді байқау мақсатында өткізгелі
отырған сайыстың төріне құрметпен
шақырамын.
Әр отбасы өзіне тиесілі
орындарына барып отырады.
Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен
тұрады:
1 бөлім - «Тегін білу- тектілік»
Таныстыру кезеңі - 2минут
2 бөлім – «Өнерліге
өріс кең» Отбасылық өнер байқауы.
3 бөлім - «Жағдаяттар» сұрақ-жауап сайысы.
4 бөлім - Сахналық қойылым (Салт-дәстүрге
байланысты).
5-бөлім- Үй тапсырмасы.
(Логикалық есеп).
Жүргізуші:Өнерпаздар өнерін
салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
1.Мектеп-гимназия директоры
А.Т. Естаева
2.Директордың оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Ақсұңқар
3. Бастауыш сынып мұғалімі
К.Ж. Қалықова
1. Жақсы адам кімге болсын болар
пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Қалкеевтер
отбасы ортамызда.
2. Қуантады білімімен
бәрімізді,
Қол соғып қошеметтеп, біз оларды
Құлшынбек
отбасы келіп қалды
Татулық пен бірлікті ту еткен
бұл
3 Жігітке ақыл,білім
жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады.
Сайысқа бар күшімді саламын деп,
Бекежановтар
отбасы таласады.
4. Отбасылық ойынға,
Келді олар асыға .
Жұлдыздай болып жарқырап,
Шығамыз біз топ жарып,- деп
Бейсебековтер
отбасы келді.
5.Есемізді жібермейміз
ешкімге,
Жолымызды бермейміз деп
әркімге.
Бес баланың анасы мен
әкесі.
Намыс туын бермек емес
Бахтияровтар отбасы.
Жүргізуші:
Бәйге жарыс деген соң жарысайық,
Мәреде бәрімізде табысайық.
Бұл байқауды тәуекел деп жол ашып,
Алдыменен әулеттермен танысайық,- деп, «Тегін білу- тектілік»
таныстыру кезеңін бастаймыз.
Әділ-қазылар алқасы бірінші
бөлімге баға береді.
Отбасы мүшелеріне Н. Ә.
Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» атты мақаласына орай
сауал алғым келіп тұр.
1.Бейсебек Құралайдың
әжесіне:
Апа, еліміз жаңа тарихи
кезеңге аяқ басты.-Сіздің бала кезіңіз бен Құралайдың осы заманғы
тыныс –тіршілігі туралы не айтар
едіңіз?
2.Құлшынбек Замираның
анасына:
Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында
білімнің салтанат құруы атты төртінші бағытында
б ілімді, көзі ашық, көкірегі
ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет
деді. Табысты болудың ең іргелі,
басты факторы білім екенін сыныптағы шәкірттеріме түсіндіріп
өтсеңіз...
3.Бақтияр Балнұрдың
анасына:
Осы мақалаға орай, Бекболат
Тілеухан мақалада айтылатын дүние –
ұлттың өзінің ұлттық кодын, генетикалық жадысын сақтап қалу деген
дүние өте маңызды.Өйткені тамырынан үзілген бәйтерек жапырақ
жаймайтыны сияқты негізгі дәстүріне, тамырына сүйенбеген халық
ұзаққа бармайды деді. Сіз қалай ойлайсыз, салт-дәстүрсіз болашақта
өз мемлекетімізді елестету мүмкін
бе?
4. Қалкеевтер
отбасына: Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін,
900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. Мақалада
Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді,
оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға
тиіспіз деді.Жастар, сендердің латын әліпбиіне деген көзқарастарың
қандай?
5. Бекежан Әлижанның
отбасына: Мақалаға орай, ауданымызда
қандай іс-шаралар өткізіліп жатыр?
Жүргізуші:Он саусақтан өнер тамған шебер
болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатқан текемет.
Өнеріңді көрсетші әулеттерім, кәнекей,
Сөз берейік әулеттерге жекелеп,- деп
«Өнерліге өріс кең» Отбасылық
өнер байқауы.
Әділ-қазылар алқасы екінші
бөлімге баға береді.
Жүргізуші: 3-бөлім - «Жағдаяттар»
сұрақ-жауап сайысы. Бұл бөлімді менің жүргізушілік әріптесім
Айзереге тапсырамын.
Айзере:Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың
Сұрақ -жауап табайық!- сайысымыздың келесі бөлімі бойынша
жағыдаяттар сұраққа жауап беру.
1.Балаңыз телеарнадан
мультфильм көріп отыр,осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті
телехикаяныз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз
қандай?
2 .Сіз балаңызды дүкенге
жұмсадыңыз.Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас
тартты. Не істер едіңіз?
3 Балабақшадан келген балаңыз.
«Мен ертең балабақшаға бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің
әрекетіңіз қандай болмақ?
4.Сіз тәрбиешісіз.Сіздің топта
біреудің жалғыз баласы бар. Ол бала өте тынышсыз, тәрбие беруге
көнбейді. Ұрыссаңыз ата-анасы ренжиді, ұрыспасаңыз бала өте
тәртіпсіз, сіз қандай шара
қолданасыз?
Әділ-қазылар алқасы үшінші
бөлімге баға береді.
Жүргізуші: Шаңырақ
бесігің боп тербеледі,
Шаңырақ
қалмас мәңгі жерде тегі.
Астында
шаңырақтың бірге туып,
Қойшы
мен Президент ержетеді.
4- бөлім – «Өнерліге
өріс кең» Отбасылық өнер байқауы.
Жүргізуші: Биік
болсын еңселі шаңырағың,
Болсын мәңгі қайда да
сағынарың.
Шаңырақты ұстап қал
ортайтпашы,
Салтын сақтап бабаның қабыл
алғын.
4 бөлім - Сахналық
қойылым (Салт-дәстүрге байланысты).
Әділ-қазылар алқасы
төртінші бөлімге баға береді.
5-бөлім- Үй тапсырмасы.
(Логикалық есеп).
Әділ-қазылар алқасы бесінші
бөлімге баға береді.
Енді
сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырып, сайыстың ең шешуші
кезеңі марапаттау сәтін тамашалайық. Сайыскерлерімізді әділқазылар
әділ бағалап , номинациялармен
марапатталды.
Сайысты Василий
Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен
бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға
үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»
Бүгінгі «Үлгілі отбасы-мемлекет тірегі »отбасылық сайысы
аяқталды.!
Гүл
шоқтары, құттықтау сөздер, естелікке суретке
түсірілді.