Үлкенге - құрмет, кішіге -
ізет.
Балалардың әдептілік туралы
ұғымдарын кеңейту, отбасында қоршаған ортада үйлесімді қарым -
қатынас дағдыларын қалыптастыру мен бір – біріне отбасына
сыйласымды, сүйіспеншілікті қарым - қатынаста болуға, үлкенді
құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу мақсаты
көзделді.
Әдіс -
тәсілдер: ойын, әңгімелесу, сұрақ -
жауап, көрнекілік, сөздік.
Құрал -
жабдықтар: тақырыпқа байланысты әдепті
және әдепсіз әрекетті бейнелейтін көркем суреттер, сары түсті күн
шуағы, жылы және суық түсті текшелер.
Барысы: Амандасу
рәсімі.
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің жақсы ма? Кәне, бәрің ортаға жиналып, шеңбер бойына
тұра қойыңдар, әуелі қоршаған ортамен, содан кейін бір - бірімізбен
амандасайық. (Бәрі бірге)
Армысың, Алтын
күн!
Армысың, асыл
жыр!
Армысың, көк
аспан!
Армысың, жан
достым!
Жылуыма жылу
қос,
Міне, менің
қолым!
- Балалар, біз шеңбер бойына
жиналып бір – біріміздің қолымыздан ұстағанда нені сезіндік
?
- Достық, жылулық, бәріміз
бірге екенімізді т.б.
- Жақсы балалар,
дұрыс.
Бастапқы
нұсқау: үшке дейін
санау.
Балалар көздерін
жұмады.
«Терең дем алайық. Демімізді
алғанда ішке жарықты жұтамыз. Жарық ішкі мүшелерімізге мол сәулесін
төкті. Ішіміз жап - жарық болып кетті. Қандай тамаша? Тыныс
шығарайық. Ішке кірген жарығымыз ішіміздегі жағымсыз ойларды, реніш
– өкпені сыртқа алып шықты.Ішкі дүниеміз тап - таза, жап-жарық
болып кетті. Міне, тамаша».
Ойын:
«Жақсы,
жаман»
Мақсаты: жаман әдеттен аулақ
болуға, көргенін ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға
тәрбиелеу.
Тәрбиеші төмендегідей
әрекеттерді кезекпен айтып тұрады, ал балалар дауыстап ол әрекеттің
жақсы, жаман екенін айтады.
- ағаштың бұтағын
сындыру,
- гүлдерге су
құю,
- қарт адамға
күлу,
- әжеге
көмектесу,
- бауырыңды
ойнату,
- құстарға ұя
жасау,
- ағаш бұтағына қонған
торғайды таспен ату,
- кішкентай бөпені
уату,
- өзіңнен кішкентай баланы
қорқыту, жылату,
- үлкен кісіге орын
беру.
Сергіту
жаттығуы:
Біз кішкентай
баламыз,
Өсіп - өніп
толамыз,
Көкке қарап
талпынып.
Күнге қолды
созамыз,
Қанат қағып
ұшамыз.
Қарлығаштай
қалықтап,
Бір отырып, бір
тұрып,
Жаттығулар
жасаймыз.
Тәрбиеші: Балалардың назарын тақтадағы
суреттерге аудартады.
Балалардың
жауабы.
Балалар, берілген суреттерді
әңгімелеп, жетекші сұрақтар арқылы неліктен жақсы, жаман әрекетке
ажыратқандарын дәлелдейді, тәрбиешінің нұсқауы бойынша текшелермен
белгілейді.
Дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді
мынау мақал - мәтелге көңіл бөлейік.
«Үлкенге құрмет, кішіге -
ізет» - мақал – мәтелдің мағынасын
ашу, түсіндіру.
Тәрбиеші тақтаға сары түсті
дөңгелекті қыстырады.
Балалар, « Бұл - Біз » деп
есептейік. Біз қандай болуымыз керек?
Балалардың
жауабы:
- қарт адамдарға құрмет
көрсету,
- кішіге қамқор
болу,
- жас баланы
аялау,
- әрқашанда мейірімді
болу,
- үлкеннің айтқанын
тыңдау.
Тәрбиеші сары түсті дөңгелек
маңайына әрбір жауапқа күн шуағын іліп
отырады.
-Ал, енді балалар, сендердің
бойларыңда өздерің айтқандай қасиеттер болса мына күннің шуағындай
бойымызда жылулық болады да, біз бәріміз күн нұрын қалай жақсы
көрсек, бізді де айналамыздағылар солай жақсы көретін болады.
Сондықтан да мен сендердің күн шуағындай болуларыңды
тілеймін.
« Ана алдында -
құрмет,
Ата алдында
-қызмет.
Сыйлап үлкен
кісіні,
Аялағын кішіні »,- деген нақыл
сөздерді әрдайым есімізде сақтаған жөн.
-Балалар, әдептілік туралы
қандай мақал - мәтелдер, тақпақтар
білесіңдер?
Балалар әдептілік, жақсылық
туралы өздері білетін тақпақтарын, мақал-мәтелдерін
айтады.
Тәрбиеші тақырыпты қорытып,
балаларды мадақтап, алғыс айтады.
Балалар бір – біріне жақсы
тілектер айтады.
Қоштасу:
Ата - ананы
тыңдайық,
Айтқанынан
шықпайық.
Ал, достарды
қолдайық,
Қиын шақта
қорғайық.