Тәрбие сағаты "Ұлт тілі - ұлының үні"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ұлт тілі - ұлының үні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бабаларымыздың, ақындарымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін, өлеңдерін насихаттау,оқушының мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіре тілді құрметтеу сезімін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Кенжеғалиева Раушан Жалғасқызы

Атырау қаласы №4 облыстық шипажайлық мектеп-интернаты

Тәрбие сағаты 6 сынып


Тақырыбы: « Ұлт тілі – ұлының үні»


Мақсаты:  Бабаларымыздың, ақындарымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін, өлеңдерін насихаттау,оқушының мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіре тілді құрметтеу сезімін арттыру

Түрі: Әдеби кеш

Әдісі: көркемсөз, көрініс, ән.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар.


Барысы.

І. Ұйымдастыру

ІІ. Тәрбиеші: Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан- ұрпаққа сақтап отыратын қазына.


Анаргүл:

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім,

Туған тілім – анам тілі - өз тілім.

Туған тілім – далам тілі - өз тілім,

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.


Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

Айдос : 1990 жылы шілденің 1-інде Қазақ ССР-інің « Тіл туралы Заңы» күшіне енді.


Жанель:

 Қуан далам!Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!

«Тіл туралы Заңым» енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

 Қуан бабам!Қуанатын күн бүгін!

Деген едің: « Тіл бар жерде өмір бар».


« Халық жауы» атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолында ар үшін.

Қуан халқым!Күшіне енді « Тіл Заңы»,

« Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы!

«Ана тілі»; оқитын Рамазан Ақбота

Бұлт сейілді,төніп тұрған тіліме,

Шуақ шашсын, күн күлімдеп көгімде.

Қанат жайып қалықтағым келеді.

Баба тілін қастерлеген жерімде.

Тіл тұғырын ұмытуың керек пе?

Халық сөзі рух береді жүрекке.


Ана тілді бағаламай өтсеңіз,

Өзге тілің ұлтымызға керек пе?

Сан ғасырдың тарихы бар тілімде,

Белестерден өте берсін сүрінбей.

Қазақ тілін арнасына толтырып,

Шығарайық келер ғасыр төріне.


М.Шаханов «Құдіретті төрт ана»; оқитын Насекен Айсұлу

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт- санасы – тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.


Және туған тарихы, еске алуға қаншама,

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың,

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.


ІІІ. Тәрбиеші : Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.


« Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс тамашалаңыздар.

Абай – Расул

Әбіш – Әліби

  • Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?

  • Ақ зат асыл ғой.

  • Неге қара зат асыл емес пе?

(Әбіш Абайдың бетіне қарап күлімсіреп.)

  • Қараны қалай асыл дейсіз?

  • Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көреді емес пе, бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы қарашығы ғана көреді.Қараның асылдығына осы дәлел.Екіншіден,қағаз ақ,одан адам оқып білім ала алмайды,үстіне жазған қара сиядан өнер- білім алады.Үшіншіден,жас шақта адамның сақал- шашы қара болады.Осыған байланысты адамда ақыл, білім, қайрат көп болады.Қартайғанда сақал, шаш ағарады.Ол адамда қайрат та азаяды.Сондықтан қараны асыл ма деп ойлаймын.

  • Оның бәрін қалай білдіңіз?

  • Ақылмен білдім.

  • Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе?

  • Екіншіден, ақыл-нұр, жарық- зат.Ол да аққа ұқсамай ма?


IV. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.

Гүлдана: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық»  Ғабит Мүсірепов

Арай:  «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту»                  Бауыржан Момышұлы

Делназ:   «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»                                                            Ғабит Мүсірепов

Райхан: «Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»                                                        Шерхан Мұртаза

Назерке : «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр»                                                         Мағжан Жұмабаев

V. Қорытынды.

-  Тіл -халықтың жаны.Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы. Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.                                                                                                                         

Ана тілі көңіліңе гүл егер,

Ана тілі- ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу- бір өнер,

Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер.

Ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік.


Хор: «Ананың тілі».






Рисунок 28



Рисунок 29

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2020
3649
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі