400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ұлттық тәрбие" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық тәрбие атты тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҺАНДАНУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Жумағазин Нурбулат Мукатаевич

Ақтөбе қаласы

№ 46 орта мектебі


Жұртқа мәлім, ұлттық тәрбие жалпы адамзаттық мәдениеттің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл жағдайда халық педагогикасы немесе оның негізі этнопедагогика ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретіңде қарастырылады.

Халық педагогикасы халық мәдениетінің бір бөлігі болса, онда оған осы ұлттық тәрбиенің негізгі қасиеттері тән болғаны. Ұлттық тәрбие адамзат бірлестігіне және оның мәдениетіне берілген, оны сақтап, дағдылар мөлшері мен ережелер тәртібін сақтауға қызмет етеді. Бұған қоса, қоғамның қарқынмен алға басуын талап етеді, адамдардың жеке қасиеттерін және өздерін өздері жүзеге асыруға мәжбүр етеді. Мұның өзі сайып келгеңде, адамның жеке тұлға ретіңде көркеюіне алып келеді. Бұған дәлел қазақ халқының ұлттық ойындарында жатыр.

Демек ол мәдениетпен тікелей байланысқан. Мәдениет күрделі адамзат бірлестігі элементтерінің бірі болып табылады. Осы жүйенің басыңда саналы тіршілік иесі - адам тұр. Адам белгілі бір (рухани, материалдық, мәдени) ортада өмір сүреді, бұл орта басқа ортамен байланысқан. Осы жүйе халық педагогикасын қалыптастыратын база болып табылады. Педагогикалық білім қоғамның экономикалық, мәдени, саяси және басқа да сұраныстарына жауап ретінде көрінеді, сондықган да халық педагогикасы әлеуметтік организмге тән компоненттер базасында құрылады.

Тәрбиенің объектісі және субъектісі — адам. Педагогикалық ой-пікір, атап айтқанда, ұлттық тәрбие халықта қалыптасады, оған халық этностары кіреді.

Педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуына адамдардың әлеуметтік ұйымы (этностар, халықтар) олардың материалдық және рухани мәдениеті, географиялык орта, географиялық мекен жайы және басқа да компоненттер ықпал етеді.

Халық ұғымы қоршаған төңірегіндегілерді, өзекті білдіреді. Ал адам өзек болып табылады. Оны көптеген әлеуметтік сипаттағы (еңбек, демалыс, мәдениет, тұрмыс, мемлекеттік құрылыс т.б.) жөне табиғат феномендерді (климат, географиялық орта) қоршап тұр.

Сонымен ұлттық тәрбие халықтың арасында қалыптасады.

Халық элементтерін құрайтындардың бәрі педагогикалық ойдың қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Осы арада халық педагогикасы (этнопедагогикасы), бұл халықгың қызметі және халықтың өмір сүру тәсілі екенін айтуымыз керек.

Ұлттық тәрбиесіз халықтың өмір сүруі мағынасыз, өйткені, педагогикалық ой үнемі мәдени дәстүрді, халықтың рухани мәдениетін туғызып, адамдарды рухани және материалдық өмірде ең жоғарғы деңгейге жетуге ынталандырып отырады. Сонымен халық жөне оның этнопедагогикасы диалектикалық байланыста. Этнопедагогика — даму, өмір сүру тетігі. Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі - ұлт ойындары. Халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретіңде, адам баласының фантазиялық ой жүйесінің занды жалғасы ретінде оны үйренудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімдік, тәрбиелік маңызы бар.

Ұлт ойындар — интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлт ойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін, заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарының бірі — Мұхтар Омарханүлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: "Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жолында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған".

Қазақ халқының ұлт ойыңдарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі - өнегенің желісі бар. Қазақ халқының ұлт ойындары негізінен алғанда үш жүйеден тұрады: ойын-сауық, дене шынықтыру, спорт және ой шыңдау.

Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші, өсе келе соған белсенді қатынасушы, келесі кезенде өзгеге үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Амал қанша, кейінгі 50-60 жылдың көлемінде үлт ойындарына көңіл бөліп, елеп-ескермеудің нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық. Халкымыздың эпостық жырларының бір, "Қобылаңды батырды" алайық. Қобылаңдының жат жұртқа барып, бәсекеге түсіп, алтын (қабақ) теңгені 'атып түсіріп, мерейінің үстем болуы, Құртқа секілді балауса жастың соншалық білгірлігі ертегіден гөрі шындыққа жақын екенін мойындаған жөн. Бұл - сол заманның шындығы және сол заман тәрбиесінің жемісі. Сонымен бірге бұл шындық — жастарға деген зор ілтипат, сенім мен ықыластан туған нағыз халықтық тәрбиенің жемісі.

Ұлт ойындарын семья тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, үзілістерде, ұзартылған күн топтары мен жұмыстары, мектепте өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ойынның түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеліп алынуы тиіс. Ұлттық ойындар сонымен бірге сол халықтың даму тарихынан да хабар береді. Күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да — қимыл-қозғалыс ойыны. Қимыл - қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді; ойынның қалыптасқан түрлеріне байланысты ол қимылды тынығумен алмастыра алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім кабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау секілді қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Міне, ойын дегеніміз — тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адам қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттык кимыл-қозғалыс ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан-салалы, бірақ, іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы және педагогтік шеберлігі қажет.

Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогиканың түңғиығынан алады. Қазақтың ұлттық ойыңдары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, ептілікті, шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, т.б. мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойыңцар әділдік пен адамгершіліктің жоғары қағидаларына негізделген.

Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Оның тәрбиелік маңызы аса жоғары әрі құңды. Қазақ халқының өміріңде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс шаруашылық саласы жоқ десе де болады.

Қазақтың ұлттық ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған. Сәбит Мұқанов өзінің "Өмір мектебі" мемуарлық еңбегінде ертеректе "Орда" асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді. Б.Төтенаевтың "Қазақтың ұлт ойындары" кітапшасында аты ғана сақталып қалған маңызды ойындардың ішінде "Абайдын алты алашы" ойыны атап көрсетілген. Дер кезінде қағаз бетіне түспей, жинаушылардың көзінен таса қалған ойыңдар әлі де көптеп кездеседі. Солардың арасында "Сары ұлан", "Сарыала қаз", "Ақ аю", "Ағызбақ", "Бақай пісті", "Жылмаң", "Топай", т.б. ойындар бар. Дегенмен, халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді.

Сондай - ақ сабақ барысыңда осындай ойын элементтерін дидактикалық құрал ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес, соңдай - ақ жоғары сыныптарда да пайдасы мол. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар окиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатынасып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушының ой өрісін дамытуға әсер етеді.

Ойын араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың білуге құмарлығын арттырып, түсініктерін кеңейте түседі.

Бастауыш сыныпта математика сабақтарындағы қолданылатын дидактикалық басты принциптердің бірі - көрнекілік. Мұндай көрнекі құралдардың бірі - абақ.

Абақ — өзіндік тарихы бар ежелгі есеп құралы. Бұл аспапты арифметикалық амалдарды орындау үшін көне дәуірлердегі гректердің кең қолданғаны туралы тарихи деректер сақталған.

Біздің бақылауымызша, сыныптарда математика сабақтарын оқыту процесінде көрнекті құрал — абақ ретінде, қазақтың ежелгі ұлттық ойыны "Тоғыз құмалақ" тақтасын пайдалануға әбден болады. Тоғыз құмалақ өзінің құрылым - түзілісі жағынан ертедегі есептеу құралы — абаққа өте ұқсас.

Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған ұлт ойындарының бір түрі ой шынықтыру ойындары болса, оның көп қоры бұл күнде ұмыт болып, бізге жетпей отыр.

Халық ойындары ақыл-ойдың дамуына, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашады. Сондықтан ойын аркылы әрі тынығады, әрі ұжымдылыққа, ұйымшылдыққа үйренеді. Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық, өзін-өзі тежеу сияқты касиеттердің алғашқы қажеттігін сезіну де осы ойыннан басталады. Бүгінгі күнде жас ұрпақты ең жас кезінен дене күштері мен рухани күштері сайма-сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді мемлекетіміз аса маңызды міндеттердің бірі деп санайды.

Осы арада дене тәрбиесіне қысқаша анықтама беретін болсақ, бірінен - бірі ажырамайтын мынадай анықтамалардан тұрады. Спорт, дене тәрбиесі және дене шынықтыру. Спорт - белгілі бір жаттығулармен арнайы айналысып, сол жасаған спорт түрінен жоғары көрсеткішке жету. Дене шынықтыру — өсіп келе жаткан организмді жаттығулар жасау арқылы қоршаған ортаға бейімдеу. Дене тәрбиесі - жаттығулар жасау аркылы адам денесінің дұрыс өсіп, қалыптасуын тәрбиелеу.

Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты - жасөспірімдердің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктеріне тәрбиелеу болып табылады.

Дене тәрбиесі сабағында жетілуге тиісті барлық міндеттер үш бағытта жүргізіледі:

1. Үйрету 2.Тәрбиелеу 3. Білім беру

Үйрету міндеті денсаулықты нығайтуға, дене мүшелерін жетілдіруге, адам ағзасьш бір қалыпты дамытуға багытталады. Негізгі керсеткіші — тән сұлулығы мен оны қалыптастыру, әрі денсаулығын жақсарту. Әрине, дененің дамуында әлеуметтік мәселе басты орынды иеленді және биологиялық, географиялық жағдайлар белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Мысалы: тұрмыстық жағдайдың жаксы болуы бойдың, кеуденің өсуіне, салмақтың артуына әсер етеді. Арнайы іріктеліп алынған дене жаттығуларының көмегімен денені жалпы жетілдіріп, жекелеген дене мүшелерінің қызметін жақсартуға болады. Мен сабақта балаларға арналған қозғалмалы ойьшдарға кеңіл бөле отырып, спорттык ойьшдарға қызықты үйымдастыру арқылы оқушьшардың қызығушылығын арттырып отырамын. "Жалғыз қүрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" - деп Міржақып Дулатов атамыз айтқандай, келешек ұрпақтың санасына салауатты өмір салтының сипаттамасын қалыптастыру қажеттілігін әр өтілген сабақта басты назарда ұстаймын.

Мен өзім орта мектеп жағдайында адамның салауатты өмірін және сонымен бірге дене тәрбиесіне деген қатынасын қалыптастыруға негіз қалануы керек деп есептеймін. Басында айтылғандай ұлттық ойындардың бүгінгі мектептері және мектептен тыс оқу тәрбие жұмысына, оқушылар арасында қызығушылықка ие болу қазіргі заманның негіздері бар талаптарының бірі. Ұлттық ойын құрамаларын сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау кабілетін нақтылап, мазмұнын окушы санасына енгізеді. Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Өзім мектепте "Ұлттық қозғалмалы ойындар"атты ұлттық бағдарламамды пайдаланамын:

  • ұлттық қозғалыс ойындарын үйреніп, игеру кезінде кәсіби педагогикалық тәсілдерді қолданып, тиісті дайындықтар жүргіземін;

  • дене шынықтыру сабағы алдына қойылатын мақсаттарды оқушылардың есіне міндетті түрде жеткізем;

  • сабаққа қатысушылардың педагогикалық кейбір іс-әрекеттерін алдын - ала үйретем (түсіндірем, қателерін түзетем, көрсетем);

  • ұлттық қозғалмалы ойындар, дене шынықтыру жаттығулары мен спорт түрлері бойынша жарыстарда пайдаланатын ережелер мен төрешілердің талаптары туралы мағлұмат берем;

  • дене шынықтыру сабақтары мен мектептен тыс шаралар өткізілетін орындар (аландар, спорт кешені) және керекті құралдарды алдын ала дайындаймын. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Оқу жылы көлемінде оқушылардың дене дайындығы мен дене қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ұлттык ойындарды пайдаландым. Сонымен дене тәрбиесінің сабақ жоспарын дұрыс құрып, ұлттық ойындарды сабақ барысында тиімді пайдаланса және сабақты арнайы білімі бар маман жүргізсе, оқу бағдарламасындағы материалдар толық меңгеріліп, оқушылардың денесі дұрыс дамып жетілетіндігі айқыңдалды.

Дене тәрбиесі сабағында ойындар неғұрлым көп етілген сайын бұлшық ет топтарының да оған қатысу мүмкіндігі мол болатындығы белгілі. Ал ойынның көп болуы дене қабілеттері ғана емес, дененің жалпы дайындық деңгейлерін де дамыта түседі. Демек, оқушылардың дене бітімінің, түлғасының дұрыс қалыптасуы ұлттық ойыңдардың тәрбиелік құрылымына да көп қатысты. Жалпы бастауыш сынып окушылары 4 жыл мерзімде 70-80-ге жуық ойын түрлерін меңгеруі тиіс. Міне, осы ойындарды толық меңгергенде ғана оқушылардың дене қабілеттері мен денесінің жалпы дамып - жетілуі ғана емес, сонымен қатар ерік-жігер қасиеттерімен бірге батылдыққа, тапқырлыққа, тез бағдарлауға, алғыр, зерек және сергек болуына көп септігін тигізетініне ешқандай күмәнім жоқ.

Бүгінгі оқушы - ертеңгі азаматтарымызға үлкен үмітпен қарап, денсаулығын бүгіннен ойлап, білімін шындасақ, ата-бабадан қалған ұлағатты сөздерді құлақтарына құйып, дәстүрлерімізді тәрбиесіне қолдансақ ұялмайтын ұрпақ өсіреміз. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жетуге болатьшын бүгіннен ойластыру керек.

"Тәні саудың — жаны сау" - деп халқымыз тегін айтпаған ғой, жылда әдетке айналған мектеп бойынша "Денсаулык фестивалі" өткізілді. "Салауатты өмір салты" сағатына мектептің 1-11-сынып оқушылары түгелдей дерлік қатыстырылды, өйткені адамдардың денсаулығы - халқымыздың қазынасы, еліміздің байлығы. Денсаулығы мықты адам қашанда халық шаруашылығының қай саласында болсын өнімді еңбек етіп, көздеген биіктен көріне алады.

"Дене тәрбиесі" пәні - жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің негізгі түрі. Сабаққа қойылатын маңызды талаптар; оқушыларға жан-жақты да тиянақты білім беруді камтамасыз ету: бұл орайда олардың денсаулығын, дене жағынан жалпы дамуы мен қозғалыс даярлығын жетілдіру; сабақтың білімдік және нұсқаулық бағыттылығын ескеру; оқушылардың бойында дене тәрбиесімен өз бетінше шұғылдануға қажет дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыру. Оқушылар өздігінен шұғылдануға арналған тапсырмаларды сабақта алуы қажет. Казіргі заманғы сабақта қойылатын маңызды талаптың бірі білім бағытына байланысты оның жоғары сапалығына, қозғалыс әрекетіне және маманның шеберлігіне қол жеткізу, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын еселейтін әдістер мен тәсілдерді қолдануға шығармашылық тұрғынан іздену керек.

Дене шынықтырудың әдістемесін дамыту әрбір сабақтың міндетті шарты болып табылады және ол оқушылардың қозғалыс ойын әрекеттерін арттыруға ықпал етеді.

Оқушылардың денсаулық жағдайына, дене бітімінің дамуы мен қозғалыс әрекетін ескере отырып, оларға жеке көңіл бөлу міндеттілігі: дене тәрбиесі сабағына қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады.

Дене шынығуының жан-жақты дамуын, қозғалыс тірегінің үйреншікті әдеттерін баяндап, тәрбие бағдарының құндылығын және тазалық сақтаудың өмірдегі пайдалы әсерлерін камтамасыз ету;

  • қозғалыс әрекеттерінің негізін үйрету;

  • қозғалыс үйлесімділігін жетілдіру жан-жакты бағдарлау, қозғалыс бағытын өзгерту, дыбыстарды тез және дәл кабылдап, жауап қайтару, қимылдардың келісімділігі, ырғақ, тепе-теңдік және тіршілікке деген қабілеттілігін жылдамдық-қуатын, төзімділігін, күшін және икемділігін қалыптастыру;

- тазалық сақтау білімінің негіздерін тұрақты қалыптастыру құрылысының негізгі жүйелеріне тигізетін әсері, еріктілікпен сана-сезім қабілетін дамыту;

Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы. Еліміздің даму бағытын бекіткен "Казақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шүғылдану мәселесі қаралған. Сонымен қатар бағдарламада әркайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерден, темекіден сақтанып, санитария шараларын сақтау мәселелеріне, халықтың денсаулығына үлкен маңыз берілген. Жалпы дене тәрбиесі бүтінгі күннің ғана негізгі мәселелері емес, бұрыннан әр қоғамда өзінің ерекше орнын алып, сол қоғамға, заман талабына сай жұмыс атқарып келген. Оған дәлел ретінде ғылыми деректерге сүйенсек, өзіміздің ұлттық спорт ойын түрлерінің саны 400 - 450-ге дейін жетеді екен. Сол ойыңдардың, әсіресе ат спорты және қимыл-қозғалыс ойын түрлері әлі күнге дейін сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып беріліп келеді. Кез келген мемлекеттің әскери күші осал болса, сол мемлекет уақыт өте келе өзінен күшті қуатты державаның қол астына өтіп, тәуелді болады, бұл — талай рет дәлелденген тарихи шындық. Небір елдер өздерінің әскери, саяси, экономикалық, т.б. әлсіздігінің кесірінен көршілес мемлекеттерге жем болған. Мұның түбін қарасақ, кез келген мемлекеттің әскери күші — сол елдің әскерге шақырылатын жастары денсаулығының мықтылығында.

Күш-ерік өзінен-өзі келмейді, оны қажырлы еңбек, жаттықтыру, тер төгіп, мақсатқа жету арқылы тәрбиелейді. Спорттың кез келген түрлерінде жаттықтырудың маңызы зор. Бірақ, қандай да болсын, жаттықтыруда жастарды тек техникалық-тактикалық түрғыда жалаң дайындай берген көп нәтиже бермейді. Ірі жарыстарда жеңіске жеткен спортшылардың басым көпшілігінен жеңіске жету себебін сұрағанда, барлығы дерлік: «Бойымды шарпыған ұлттық намыс пен қайраттылықтың, ержүректіліктің арқасында жеңіске жеттік» деген сөздері бар. Ендеше жалпы білім беретін орта мектептерде дене шынықтыру бағдарламаларына ұлттық ойындарға бөлінетін сағаттар санын көбейтіп, оны өз орнымен пайдалана білсе, нұр үстіне нұр болар еді.

















Сабақ бөлімі: Спорт ойын. Баскетбол

Сабақ тақырыбы: Бір орында тұрып пас беру

Мақсаты:

1. Оқушылаға пас беру техникасына үйрету

2. Спорт ойындары арқылы дене қабілеттерін дамыту,

3. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Өтетін орны: Спорт залы

Құрал- жабдықтар: ысқырғыш, секундомер, доптар т.б.


Сабақ

бөлімі

Сабақтың мазмұны

Жүктеме

мөлшері

Ұйымдастырушылық ж/е

әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе дайындық

14 минут

1. Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, түгендеу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырып өту.

2. Дене қыздыру жаттығулары. Залды айнала саппен журу, а)қолды көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. б) қол жекеде, өкшемен жұру. в)қолды мықынға қойып, аяқтың сыртқы, ішкі қырымен жұру. г)қолды тізеге қойып жартылай және толық отырып жұру.

3. Женіл жүгіру жаттығулар: а)қол алдыда, тізені көтере жүгіру. б) қол артқа ұстап, аяқты артқы сілтей жүгіру. г) қолды алға, артқа айналдырып, оң және сол бүйірмен секіру. д) артымен жугіру.

4. ЖДЖ


2'

1'


5'

5м





5'



Бір сызықтың бойына тіке тұру,спорттық киіммен.

Денені тіке ұстау


Саптан шықпай жүгіру

Ара- қашықтықты сақтау

Белгілері бойынша



Терең дем алып, дем шығару




Буындарды қыздыру

Негізгі

27 минут


Арнайы дайындық жаттығулары


Допты екі қолмен кеудеден беру


Екі қолмен еденге соғып беру


Допты екі қолмен төменнен беру


Екі қолмен жоғарыдан беру


Бір қолмен жоғарыдан беру


4'


4'


4'


5'


5'


5'




Қарама-қарсы тұрып орындау

Допты қолдың басымен итеру

Шынтақты ашпай


Бір адым алға жасау арқылы


Допты маңдай тұсында ұстау


Бір аяқпен серпіліп лақтыру

Қортынды

4 минут


Жалпы сапқа тұрғызу

Оқушылардың қателерін түзету

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру

Сабақты қортындылау




2'

1'

1'


Бір сызықтың бойына

Жаттығуды орындау кезіндегі

Тиісті бағаларын қою



Тема урока: Игра в асыки.

Задачи :

1. Обучить игре с асыками.

  1. Развить физические качества выносливость, ловкость и меткость.

  2. Воспитать в детях решительности, уверенности, настойчивости, дисциплины и чувства коллективизма.

Оборудование и инвентарь: осыки, гимнастический коврик, свисток.

Место проведение: спортивный зал

Провел : Жумагазин Н М



№


Содержание урока

Время

Дозировка

Организационно методические указание

1

Вводная часть. а/ Построение, прием рапорта, проверка посещаемость.

б/ Ознакомить темой урока и целью.


3 мин

Обратить внимание на внешний вид и на состояние здоровья.

Равнение в строю.

2

Подготовительная часть.

а/ Упражнение в движение: - руки вверх, на носочках

- руки за голову на пятках

- руки на пояс внешней стороной (внутренней) стопы

- руки перед собой, полу присади

- руки за голову, полным присади


б/ Медленный бег и спец беговые упражнение

- бег с приставным шагом, правым бокам

- бег с приставным шагом, левым бокам

- руки перед собой, высоко поднимание бедра

- руки сзади, зах-лест голени назад

Ходьба на восстановление дыхание

Перестроение в одну шеренгу.


О.Р.У. парами.


а) Исходное положение. ( И. п.) – стойка ноги врозь лицом друг – другу, руки вперед, упираясь ладонями в ладони партнёра. Одновременно согнуть руки, наклоняясь всем телом вперед. Выпрямляя руки, вернутся в и. п.

б) И. п. – стойка ноги врозь лицом друг – другу на расстоянии полушага, первый руки вниз предплечьями вперед, второй держит партнёра за лучезапястные суставы. Первый отводит предплечья в стороны и сводит их, второй оказывает сопротивление.

в) Исходное положение. ( И. п.) – стойка ноги врозь лицом друг – другу, руки вперед, упираясь ладонями в ладони партнёра. Первый дугами наружу руки вверх, второй оказывает сопротивление.

г) И. п. – широкая стойка ноги врозь лицом друг к другу на расстоянии двух шагов, наклон вперед, руки вперед – кверху, соединив руки.

д) И. п. – широкая стойка ноги врозь лицом друг к другу на расстоянии двух шагов, наклон вперед, руки в стороны – кверху, поворот туловища вправо и влево.

ж) И. п. – стойка ноги вместе, лицом друг к другу, взявшись за руки и отклонившись всем телом назад. Выполняют приседание.

з) И. п. – опираясь спинами и взявшись под локти. Глубоко приседать опираясь спинами и встать.

е) И. п. – опираясь спинами и взявшись под локти. Первый наклоняется в перед, поднимая партнера, второй поднимает ноги вперед.

к) И. п. – стойка боком друг к другу на расстоянии шага, положив одну руку на плечо партнеру, другую на пояс. Прыжки вращаясь по кругу.

10 мин








2 мин.








5 мин.

Дистанция 2м

Ладони во внутрь, следим за осанкой


Чаще шаги


Спину держим прямо


Вращение рук в перед

Вращение рук в назад


Чаще шаги

Руки подняли вдох, отпустили выдох








Можно соединить пальцы в замок.


Голову поворачивая вправо.


Кисти сжаты в кулак.



Затем меняются местами.



Соединить пальцы в замок.



Затем меняются местами.


Упражнение для спины и шеи.


Соединить пальцы в замок.




Сохранять равновесию.



Расстояние шаг

Сохранять равновесию.


Сохранять равновесию.



Прыжки на одной ноге чередуя направления движений.

3

Основная часть.

Ознакомит содержанием игры: Жеребьевка игры проводиться следующим образом. Игроки ставят по одному асыку, один игрок собирает, закидывает сака особым образом – июрит. Это для того чтобы определить очередность. Чья сака падает в положение «алшы», будет первым, а чья в «тайке» вторым, «бук»- третьим, «шик» четвертым. Таким образом проводится жеребьевка вначале игры.


1/ АЛШЫ

Игра личная. Состав команды – 2 ученика. Каждая команда имеет свои асыки. Каждый игрок – свою сака.

Правила игры.

  1. Игрок вторым номером бросает свой асык, в перед на расстоянии 3 -4 метра, первый игрок своей сакаой должен попасть в асык второго игрока. Если попадает, игрок зарабатывает очко.

  2. Игру обслуживают судьи.

  3. Игра проводится по 5 - 7 мин.


2/ ОМПЫ.

Состав команды – 7 человек. Каждый игрок имеет свою асык. Каждый игрок – свою сака.

Чертится круг диаметром 1 метр. По диаметру круга ставят свои асыки, на расстоянии 5 см в один ряд. Посередине асыков ставится омпы, т. е. один асык ставится вертикально. Правила игры:

  1. Игроки команды на кон ставят свои асыки, за попадание в омпы начисляется 5 очков, за каждый выбитый асык 1 очко.

  2. Игрок после попадания в асык игру продолжает до тех пор пока не промажет.

  3. Игру обслуживают судьи.


3/ САКА – МАНАЙ..

Состав команды – 5 человек. . Каждый игрок имеет свою асык и свою сака. Чертится круг диаметром 1 метр. По диаметру круга ставят свои асыки, на расстоянии 5 см в один ряд.

Правила игры:

  1. После определение жеребьевки, каждый игрок ставит свою асык в кон.

  2. Первый игрок бросает свою сака, поле попадание асыка , если расстояние от линии будет превышать, размера стопы, игрок забирает асык, если меньше то ставится обратно на одну линию.

  3. Игра продолжается пока на кону не кончится асыки.

  4. Игру обслуживают судьи.


27 мин










7 мин














10 мин


















10 мин




Если попались одинаковые «алши» то они повторяют июрит.














Расстояние броска неимении 3 – 4 метров.











После попадании, заново ставятся в ряд.



Судья ведет счет.


Расстояние броска неимении 3 – 4 метров.










У кого больше асыков, тот победитель.



Расстояние броска неимении 3 – 4 метров.





4

Заключительная часть.

а/ Построение учащихся.

б/ Подведение итогов урока.


в/ Домашнее задание.

5 мин


Равнение в строю.

Отметить наиболее активных и пассивных в игре.

Комплекс упражнение на внимательность.
























Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болғандықтан, оқушылардың жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға, даярлауға қызмет етеді. Бұл әдістемелік құрал дене тәрбиесі сабағының негізгі мақсат-міндеттерін басшылыққа ала отырып, ұлттық ойын түрлерін сабақта пайдаланудың тиімділігін тілге тиек етеді. Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында пайдалану оқушының ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түсуге жол ашады. Сондықтан, ол тәрбие жүйесінің міндеттері мен түрлерін толықтырып қана қоймайды, дене тәрбиесі сабағының мазмұны мен әдіс-тәсілдерін байытуға, оны жетілдіруге де өз үлесін қосады.

Ұлт ойындары — адамдардың шындықпен өрілген алыс күндерін меңзейтін, болмыстың өзінен туындайтын және соны жастардың танып білуімен, түсінуіне арналған ақыл-ой, қиялының өрелі өрісі, яғни ол күнбе - күнгі адам тұрмысының көрінісі. Сондықтан, адамның өзі оның тұрмыс-тіршілігі қандай шындық болса, ол жасаған ойын да сондай болмыс шындығы. Ұлт ойындары, сайып келгенде, адам қиялы аркылы өмір шындығының адам санасында түрленіп, қайта тууы болып табылады. Өйткені, ойын дегеніміз адамның еңбек тәжірибесінің сол ойын арқылы қайталануы. Олай дейтініміз, ол - белгілі бір жүйеге негізделген адамдық дене, ақыл-ой жаттықгырушысы.

Жеңіл атлетика түрлерінде қолдануға болатын ұлттық-қимыл ойындары.

Ұлттық - қимыл ойындарының қай-қайсысы болса да күшті, жылдамдықты, ептілікті және төзімділікті мейлінше жетілдіруге мүмкіндік береді. Жүгіру жаттығуларында пайдаланылатын қимыл ойындары сол спорттың түріне сай - бағытталған болуы тиіс. Қимыл ойындары мұнда спортшыны жылдамдыққа тәрбиелесе, ал кейбіреулері спорттан неғұрлым шапшаң шығу немесе сөреге ілгері жұлқынып жүгіруіне тәрбиелейді.

"Орамал тастау" ойыны

Өтетін орны: Алаң, ойын жүргізуге арналған орамал.

Дайындық: Ойыншылар екі командаға белінеді. Команда бір-біріне қарама-қарсы

25-30 м қашықтықта тұрады. Жеребе бойынша команданың біреуі ойынды бастауға куәлік алып, капитан арқылы тапсырылған орамал команда мүшелеріне беріледі.

Ойынның шарты: Орамал алған өзінің қарсылас командасына шығып, сап бойымен жүре бастайды. Саптың ана, мына бастарына үш реттен артық жүруге болмайды. Сол аралыктарда ол бір ойыншының аяғына орамал тастап, жылдам езі командасына жүгіруі керек. Ал екінші команда ойыншылары онын іс-әрекетін ыкыласпен кадағалай түра, аяғындағы орамалды аласала қашқын ойыншыны ез командасына жеткенше жүгіре жетіп, орамалмен үрса, онда бірінші ойыншыны кепілдікке алады. Егер де екінші ойыншы жете алмаса, онда ойынды команданың екінші ойыншысы бастайды. Аяк астындағы орамалды байқамай, оны алып, қашып бара жатқан ойыншыны қуаламайды. Онда байқамай қалған ойыншы кепілдікке алынады да, ойынды бастау үшін команданың келесі ойыншысы шығады. Сонымен команданың қайсысы 10-15 минут ішінде көп кепілдік алса, сол топ жеңімпаз болады.

Ойынның ережесі: 1. Орамалды жан-жаққа тастамай, ойыншының аяғының астына тастау керек. 2. Қателіктері мен кепілдікке алынған ойыншылары аз команда ойынды ұтады. Ойынның педагогикалык маңызы:

Бұл ойын жылдам жүгіруге тәрбиелейді, ықыластықты, ұйымшылдықты және ептілікті талап етеді.

"Айгөлек" ойыны

Өтетін орны: алаң, үлкен зал.

Дайындық: ойыншылар бірдей 2 топқа бөлінеді. Ара қашықтық 15-20 метр.

Ойынға қатысушылар екі топка бөлінеді де, ара қашықтығы 15-20 метрдей жерде қол үстасып карама-қарсы тізбек күрып түрады. Алдымен бір топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ак терек пен көк терек,

Бізден сізге кім керек? — деген өлеңді айтады. Бүған екінші топтың ойыншылары осы өлең жолдарын қайталай айтып, ең соңында:

Ақ терек пен көк терек,

Айнүр атты қыз керек, — деп, өздеріне үнаған қыздың, үлдың атын атайды. Сонда аты аталған қыз немесе үл бала карсы топтың ең өлсіз жерінен үзіп өтуі керек. Егер үзе алмаса, ол сол топта қалып калады. Ал үзсе, сол топтан өзі қалаған бір ойыншыны өз тобына алып келеді. Ойыншылар кезекпен шақырылып болған соң, ең соңында қай топтың ойыншы саны көп, сол топ үтады.

Ойынның ережесі: 1. Екі топтың ойыншылары кезекпен-кезек өздеріне үнаған ойыншыны шақырады.

2. Бір рет шақырған ойыншыны қайта-кайта шақырмайды.

Ойынның педагогикалық маңызы: окушыларды үйымшылдыққа, татулыққа, бірін-бірі сыйлауға, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелейді.

■"Жаяу кекпар" ойыны

Өтетін орны: үлкен алаң, спорт зал.

Дайындық: ойыншылар бір сызықтың бойында қатарға түрады. Жүргізуші команда беруге дайындалады. Алғашқы көмбеге түйілген орамал /көкпар/ тасталады. Ойын үлкен алаңда өтеді. Ойынға қатысушылар санына шек койылмайды.

Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға түрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды / түйілген орамал/ 200, 300, 400 метр жердегі екінші көмбеге кім бүрын жеткізсе, сол үтқан болып есептеледі. Егер көкпарды алып бара жатқан ойыншыны орта жолда куып жетіп, орамалды алып алса, көкпар оған беріледі. Көкпарды кім мөреге бүрын жеткізсе сол жеңімпаз атанады.


Түйілген орамал алғашқы көмбеге тасталады да, ойынға қатысушылар ойын жүргізушісінің берген белгісін күтеді.

2. Ойынға қатысушылар қатаң ойын тәртібін сақтауы керек.

Ойынның педагогикалық маңызы: Окушыларды сақтыққа, жылдамдыққа, үйымшылдыққа ептілікке, тәрбиелейді.

Жеңіл атлетика кезінде есте сақта!

  1. Жүгіргенде тек ез жолдарымен жүгіруге тиіс екендіктеріңді ұмытпа.

  2. Ұзақ қашыктыққа баяу жүгіргенде қасындағылардан озуға тырыспа, сөйлеспе. Ойлы-кырлы жерлерде кездескен кедергілерден /тас, қүлаған ағаш, бұта, темпешік, т.б. /. аспай-саспай етуді еске сакта.

  3. Секірудің кез-келген түрін /үзьшдыққа, биіктікке,\ езіңнен бұрын секірген бала ол жерден кеткен соң ғана бастау керек екенін естен шығарма.

4. Секіру жаттығуын орындағаннан кейін тамырдың соғуы минутына 160-170-тен аспауы тиіс. Жаттығуға кайта кірісерде тамырлардың соғуы минутына 120-130-ға дейін төмендеуі керек. Егер бұдан асып кетсе онда демалыс уакытын үлғайту кажет. Тамыр соғуын білезік тамырларын басу аркылы санауға болады.

Есте сакта!

Жеңіл атлетика сабақтарында есте сактайтын кауіпсіздік ережелері.

1. Спортпен шүғылданған кезде табаны резеңке аяк киім кию керек.

2. Қыска кашықтықтарда тек кана өз жолыңмен жүгіруің керек. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.

  1. Үзындыкка, биіктікке секірер алдыңда шүңқырдағы құмды майдалап қопсытып алу керек.

  2. Спорт қүралдарын /граната, диск, найза, т.б. / лактырғанда лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.

  3. Лақтырған ядроны қағып, алуға болмайды жөне ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сактану керек.

  4. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  5. Жауын-шашынды күндері лақтыратын қүрал-жабдықтарды мұкият сүртіп, құрғатқаннан кейін ғана пайдалану керек.

  6. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рүқсат етілмейді.

  7. Тырма мен күректі сабақ өткізетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күрек, т.б. жабдықгардың үшкір жағын /жүзін/ төмен каратып қою керек.

Төменде жеңіл атлетика бойынша бірнеше сабақ үлгілерін ұсынамын.

Бірінші сабак

Жеңіл атлетика

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойларына карап сапқа тұрғызу. Қатарда түрып оңға, солға, айналма бүрылуды үйрету басталады. Таңертеңгілік бой жазу жаттығулары. Шешінетін бөлмеде киім ауыстырып кигенде үқыптылыққа дағдыландыру.

"Тез орныңды тап " ойыны

Спорт жабдығы: Кішкентай доптар.

Кіріспе бөлім. Сабақты бастамас бүрын, киім ауыстырып кигенде үқыптьлықка дағдьландыру. Киімді ауыстырғанда қалай болса солай лақтырып тастамай, дұрыстап бүктеп қойылады, болмаса ілгішке ілінеді. Кайтадан киінгенде киімнің сыны бүзылып қалмайтындай болу керек.

М. Н. — Келесі сабақтан бастап окушылар пәнаралык үзіліс кезінде киініп, сабаққа кіруге соғылған қоңыраумен бірге аландағы (залдағы) белгіленген орынға катарға түруы керек.

Қатарда түрып "оңға қарап түзеліндер (равняйсь) дегенге дағдыланған кезде, "оңға қарай" деген қосымша команданы айтпаса да болады, балалар, түзу түрыңдар (смирно), еркін тұрындар (вольно) командаларымен қоса оңға, солға бүрылуды үйрету. Оңға қарап түзеліңдер командасы берілгенде окушылар түзу түрып басты оңға бүрып, өзінен кейінгі төртінші баланың кеудесін көруге тиіс. Қатардың оң жағындағы бірінші окушы ғана тура қарап тұрады. Түзу түрындар командасы берілгенде оқушылар тура қарап түзеліп түрады. Еркін тұрындар (вольна) командасыңца оң болмаса сол аяқгы ғана еркін босатып тұруға болады. Оңға (на-право) оң аяқтың өкшесімен сол аяқтың ұшымен дененің 90° бүрылуы, сол аяқты оң аяқпен қатарла-сып қою. Сондай-ақ солға (налево), сол аяқты өкшесімен, оң аяқтың үшымен дененің 90° бүрылуы. Айналма бүрылу (кругом) сол иық арқылы дененің 180° бүрылуы — бір дегенде сол аяқтың өкшесімен, оң аяктың үшымен солға бұрылып, екі дегенде оң аяқтың жанына қойьшады.


М. Н. — Бүрылған уақытта аяқ қимьшының дүрыс орындалуын қадағалау. О. — 4-5 рет қайталау.

"Тез орныңды тап" ойыны

Оңға, солға, айналма бүрылуды қайталап болғаннан кейін қозғалмалы ойын жалғасады. Ойынның қалай ойналатындығын бастан аяқ түсіңдіру шарт емес. Тек ойнаушьларға катардағы түрған орнын үмытпау керек екендігі ескертіледі. Лақтырған допты кім бұрын өкеліп орнына түра қалса сол оқушы жеңімпаз атанады. Балаларға ойын ережесі түсіндірілгеннен кейін мүғалім қолындағы кішкене допты алысырақ лақтырады. Осы кезде катарда тұрған оқушылар жапа-тармағай допты қуа жүгіреді. Қай бұрын барғаны допты мұғалімге әкеліп берген соң барлығы орнына барып түрады. Барлығы орындарына түрған кезде ең соңғы түрған окушының аты аталады.

М. Н. — Ойын басталмас бүрын балалардың бойларына қарай қатарға мүғалімнің өзі тұрғызады. Кімнің кімнен кейін тұратыны да ескертіледі. Ойын 2-3 рет қайталанады. Бұл ойынды екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Кай топтың ойыншысы допты бүрын әкелсе, сол топтың ойыншылары жеңіске ие болады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1615
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі