Ұлттық
валюта- теңге
Мақсаты:Қазақстанның
ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын
түсіндіру.
Білімділік:
ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық
теңгеміздің айналымға кіруі, Жаңадан
айналымға енген ұлттық валюта, оны
енгізудің қажеттілігі, безендірілуі
туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық:оқушылардың
ақша туралы түсініктерін кеңейту,
белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік:
оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз
мемлекет ретінде қол жеткізген
жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін
ояту.
Көрнекілігі:ақшаның
түрлері, суреттер,қағаз
Барысы:
Сәлеметсіңдер
ме,
оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді,
тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса
ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті
мекенде, өз Отанын жанындай сүйіп, оның
көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге
шаң жұқтырмай, оны құрметтеп келер
ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға
тиіспіз. Бүгінгі сынып
сағатты
жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің
тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не?
-... (ақша,
теңге)
Олай
болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей
келе Ұлттық валюта-теңге атты
сынып
сағатымызды бастаймыз.
Міне, бүгін
теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан
олай - бұлай дер екен.
Осы теңге
арқасында келешек,
Елге келер
тойымшылық, берекем.
Әр мемлекеттің
өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі
сабағымызда сол басты белгілердің бірі
Қазақстанның ұлттық валютасы теңге
туралы әңгімелейміз.
Сәлемдесу:
Сәлемдесіп алдымен,
Басымызды
иеміз.
Бүгінгі күн баршаға
Сәттілікті
тілейміз
Топқа
бөлу:
І топ- теңге
ІІ топ –евро
Ақша
ертеден адамзат пайда болуымен қатар
өмір сүріп келеді. Әлемде
күн сайын қыруар адам тауар сатып
алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен
байланыста болады. Ақша дегеніміз не?
Топтық
жұмыс:
І топ: Ақша(теңге) деген не?
ІІ топ:
Ақша
не үшін қажет?
Ақша-жалпыға
бірдей балама ретінде барлық басқа
тауарлардың құнын көрсететін ерекше
тауар.Ақша барлық тауар өндірушілер,
сатушылар, тұтынушылар арасындағы
экономикалық байланысты қамтамасыз
етеді.
Түсіндірме жұмыс: теңгенің
шығу тарихы туралы баяндалады
(Алғашқы
қағаз ақшалар қай елдерде пайда болды?
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. 12 ғ. Қытайда,
1690 ж. Ұлыбритан отары болған солтүстік
Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж.
Ресейде пайда болды. Қазақстан
валютасының пайда болу тарихы
Елбасы Н.Ә. Назарбаев.1993 жылдың күзінде
Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында
рубль аймағынан шықты.15 қарашада сағат
8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық
валюта –теңге енгізілді. Ақша
белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның
озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық
банк әзірленді. Теңге Қазақстанның
алғашқы ақшасы емес.. Қазақстан ақшасының
бұрынғы тарихы міне, осындай. Бұл 1993
жылдың қараша айына дейін жалғасты.
Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада
сағат таңертенгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла
бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған
күні болып саналады.
-Біздің теңгеміз
болашақта қандай болады деп ойлайсыңдар?
Олай
болса, біздің теңгеміздің болашағы
мынандай болады:
Тапсырма.
Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде
ұлт қайраткерлерінің, батырлардың,
хандардың суреттері салынған.
1
теңгеде – Әл Фараби
3 теңгеде –
Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
Қорытынды:
Жоғары айтқандарымызды қысқаша бекітіп
көрейік.
-Ақша деген не? (барлық
басқа тауарлардың құнын көрсететін
ерекше тауар)
-Төл теңгеміздің туған
күні? (1993 ж 15 қараша)
-Ақша сақтайтын
мекеме. (Банк)
-Төлемді растайтын
қағаз. (Чек)
Түйін
сөз:
Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың
әңгімесі.
2 дос саябақта келе жатып,
біреуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге
тауып алады. Екіншісі оған:
- Оны
қайтесің, оған ештеңе сатып ала
алмайсың,-депті. Сонда досы:
- Мен
елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың
еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде
қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің
– ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің
мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп
жүру – өз басым парызым деп білем, - деп
жауап беріпті.