жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Ұлы даланың 7 қыры
Пән: Күні: Сынып: 3-сынып |
Мектеп: Домалақ ене Мұғалімнің аты-жөні: Қ.А.Құдайғұлова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақ тақырыбы |
Ұлы даланың жеті қыры. |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
Оқушыларға Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайлы және мақалада атталған тарихымыз туралы түсіну, білу. Отанының тарихын, мәдениетін мақтан етіп, патриоттық сезімін күшейту. |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып, әңгімелеп айтады, негізгі ойды ашады. Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
|||
Бағалау критерийлері |
7 саны туралы білімдерін жаңғырту Әлемнің жеті кереметі туралы мәліметтер беру Қазақстанның 7 кереметі туралы мәліметтер беру Ұлы даланың 7 қыры туралы білім қалыптастыру |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктерін арттыру, болашаққа деген сенімі, ой - өрісі дамыту, елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды қорғап қалу |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, Жаратылыстану,Әдебиеттік оқу, Бейнелеу, Музыка |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
|||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
|||
Бастапқы білім |
7 киелі сан, Әлемнің жеті кереметі, Қазақстанның 7 кереметі. |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақ кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы
|
1.Ұйымдастыру кезеңі Біз
әдепті баламыз, ІІ. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут) 1.Оқушыларға қима қағаздарды алғызу, қағаздарда «7 киелі сан, 7 қазына, 7 шелпек, 7 ата, 7 күн, әлемнің 7 кереметі, қазақстанның 7 кереметі, ұлы даланың 7 қыры» деген сөзтіркестері жазылған. Әрбір қима қағазда жазылған сөзтіркестің мағынасын ашу. Жеті деген санды қадірлеу көне заманнан басталады. Жер мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден – ақ санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті саның қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді. 2. «Суреттер сөйлейді» әдісімен қабырғадан өзімізге ұнаған суретті алып, сол суреттерді сөйлетейік. Оларды қалай топтастыруға болатынын анықтап көрейік.
Әлемнің 7
кереметі
Қазақстанның
7 кереметі
Ұлы даланың
жеті қыры
|
7 киелі сан, 7 қазына, 7 шелпек, 7 ата, 7 күн, әлемнің 7 кереметі, қазақстанның 7 кереметі, ұлы даланың 7 қыры
|
||
Сабақтың ортасы
|
ІІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)
Ендеше
бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың
тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры» деп
аталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру» атты мақаласында өлкетану
бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын
қолға алуды ұсынды. Осы бағыттың жүзеге
асырылуына сендер де туған жерді
дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қоса
аласыңдар.
Ал
қазір атасы мен немересінің әңгімесін
тыңдап көрейікші. Не жайлы айтады
екен?
Елбасымыздың «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» атты мақаласы 2 бөлімнен тұрады: І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ
Жұптық жұмыс: Постер қорғау. Мәліметтермен танысып, суреттерді жапсырмалау, суреттер салу.
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.
Атқа міну мәдениеті 1.Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңды деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді.
2.Ат үстінде жүрген көшпенділер биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты.
3.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
4.Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділірінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды.
5.Біздің елге, қазаққа қатысты жылқыны қолға үйреткен әдісі жайлы айтатын болсақ Вилькинстың 1885 жылы жазылған «Жылқы шаруашылығы және жылқы зауыты» атты журналында мынадай үзінді бар: «Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесін ғана емес бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ақ ажырата білетін, жүйрікті баптаудың қыры мен сырын білетін адамды «атбегілер немесе атбасдар» деген. Әйгілі америкалық ғалым Майк Коверненнің «Орта Азияның Ежелгі мемлекеттері» деген еңбегінде, зөңгіден аяқ киім шығып кетпеу үшін, аяқ киімнің өкшесін ойлап тапқан біздің көшпенділер екен. Яғни, аяқ киімнің түп нұсқасы біздің бабаларға тиесіл екен.»
Ұлы даладағы ежелгі металлургия
1. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері-металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі.
2. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында таукен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.
3. Қазба жұмыстары кезінде неше түрлі әшекей бұйымдар,қару жарақтар, қылыш т.б табылған. Бұл қарулар кең таралған соғыс құралына айналды.
Аң стилі 1.Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған.
2.Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланған.
3.Олар жыртқышардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған.
4.Егемен Қазақстан символдарының бірі жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.
Алтын адам
2. Есік обасына жерленген Алтын адам 17-18 жастағы сақ тайпасының өкілі болған. Сақ жауынгері алтынмен мол тігілген сәнді киім киген. Алтын адам киімі 4000 ға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.
3. Бүгінгі таңда қанатты барыспен үйлесімдік тапқан «Алын адам» Қазақстанның ұлттық белгісіне айналды. Алтын адамның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды.
Ең бірінші табылған "Алтын адам"1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" алыс-жақын елдерді елең еткізгені анық. Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" Сақтар тайпасының жас көсемінің зиратынан табылған бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүргені анықталған. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, "Алтын адамның" Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті ел басшысының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін көрсеткен. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология тағы басқа салалардан мол дерек беретін "Алтын адам" сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдеген. "Алтын адам" Қазақстанның азаттық символына айналып, оның төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енген. |
|||
Сабақтың соңы |
Рефлексия. Мен бүгін ... білдім. Мен ... үйрендім. Бүгінгі мақсатымызға жеттік пе? |
|
||
Бақылау: Сабақ мақсатына жеттім бе? ........................................................................................................................................... Оқушылар не үйренді?...................................................................................................................................................... Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?......................................................................................................................
|
||||
Қорытынды бағалау: Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1............................................................................................................................................................................................... Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт. 1............................................................................................................................................................................................... Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?.....................................................................................................................................................................................
|
||||
11.Енді осының бәрін не үшін үйреніп, біліп, дамытуға тырысып жатырмыз? – Мәңгі ел болып қалу үшін, тарихымыз ұмыт болмау үшін, ұрпағымыз Отансүйгіш, намысшыл, елін - жерін қорғай алатын азамат болып өсу үшін. Себебі, келешек біздің қолымызда. Ата бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен, жерін қорғап қалу үшін көптеген шайқастарға түсіп, батырлары қан төгіп қорғаштап қалған жерді бізге аманат етті, соны біз жоғалтпай сақтап қалуымыз керек, бұл біз үшін – міндет.
Көз
тойғысыз қазағымның жері бар
Ну
орманы, тауы, өзені көлі бар,
Қазағымның
жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек
ұланы бар, елі бар.
Міне осындай
егеменді еліміз
Кең жазира ұлан
байтақ жеріміз,
Туған елін, туған
жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз
, еріміз.
Жеті деген санды қадірлеу көне заманнан басталады. Жер мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден – ақ санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті саның қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек.
Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.
Көрініс:
«Туған жер»(Аяғын ақырын басып Ата
шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады.
Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі:
Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы:
Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің
болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы
жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын,
қуанамын!
Немересі:
Ата, «Өткен өмір» деген не?
Атасы:
Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі
бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы,
тарихы емес пе?
Немересі:
Ол қандай болған?
Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін
Болмаса
да оқыған тарихшы атым,
Жинадым
ескілерден тарих хатын
Мақсатым
– кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған
аталардың аманатын.
Есімі
еш адамның өшпейді екен,
Артында
ұрпақ жүрсе жаңғыратын,
Ұмыттырмау
«Жеті атасын» парыз екен
Бұрынғылар
ұрпақтың қамын жеген.
Сондықтан,
балам, сен де өз тарихыңды, жеті атанды
білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің
ата - бабаларымыз туған жерін қызғыштай
қорғап, осы күнге жетуді арман
еткен.
Немересі:
Ата, туған жер дегенді қалай түсінуге
болады?
Атасы:
Балам туған жер деген сенің туған өлкең,
ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған
жер. Сен туған жеріңді аялап, көз
қарашығындай сақтауың керек
Немересі:
Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді
жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге
бермеймін, оны қорғайтын азамат болып
ер жетем.
Атасы:
Жарайсың, балам!
Мәңгі ел үшін Мәңгі ел үшін
Шежіресі тастарында, Шежіресі тастарында,
Намыс – жігер жастарында: Намыс – жігер жастарында:
Отаншылдық сезімменен Отаншылдық сезімменен
Елі сүйген, Елін сүйген, Елі сүйген, Елін сүйген,
Елбасының қастарында. Елбасының қастарында.
Қадірін біл, даламыздың, Қадірін біл, даламыздың,
Қадірін біл, қаламыздың. Қадірін біл, қаламыздың.
Мәңгілік Ел – жар сап өткен, Мәңгілік Ел – жар сап өткен,
Мәңгілік Ел – аңсап өткен, Мәңгілік Ел – аңсап өткен,
Арманы бұл – бабамыздың. Арманы бұл – бабамыздың.
Ұлы Дала Қырандары, Ұлы Дала Қырандары,
Қазақстан ұландары, Қазақстан ұландары,
Қосылады бұған бәрі, Қосылады бұған бәрі,
Мәңгі Ел үшін! Мәңгі Ел үшін!
Тілі басқа – тірегі бір, Тілі басқа – тірегі бір,
Жүзі басқа – жүрегі бір, Жүзі басқа – жүрегі бір,
Барлығының тілегі бір, Барлығының тілегі бір,
Мәңгі Ел үшін! Мәңгі Ел үшін!
Қасымханның – «Қасқа жолы», Қасымханның – «Қасқа жолы»,
Есімханның – «Ескі жолы», Есімханның – «Ескі жолы»,
Нұрсұлтанның – «Нұрлы жолы», Нұрсұлтанның – «Нұрлы жолы»,
Тәуелсіздік алып келді, Тәуелсіздік алып келді,
«Нұрлы жолға» салып берді. «Нұрлы жолға» салып берді.
Бір болашақ – мақсаттары, Бір болашақ – мақсаттары,
Бір болашақ – мүдделері. Бір болашақ – мүдделері.
Ынтымағы – бірлігінде, Ынтымағы – бірлігінде,
Жарасымы – тірлігінде, Жарасымы – тірлігінде,
Отан үшін – жүлделері. Отан үшін – жүлделері.
1. Атқа міну мәдениеті
1.Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңды деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді.
2.Ат үстінде жүрген көшпенділер биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты.
3.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
4.Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділірінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды.
5.Біздің елге, қазаққа қатысты жылқыны қолға үйреткен әдісі жайлы айтатын болсақ Вилькинстың 1885 жылы жазылған «Жылқы шаруашылығы және жылқы зауыты» атты журналында мынадай үзінді бар: «Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесін ғана емес бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ақ ажырата білетін, жүйрікті баптаудың қыры мен сырын білетін адамды «атбегілер немесе атбасдар» деген. Әйгілі америкалық ғалым Майк Коверненнің «Орта Азияның Ежелгі мемлекеттері» деген еңбегінде, зөңгіден аяқ киім шығып кетпеу үшін, аяқ киімнің өкшесін ойлап тапқан біздің көшпенділер екен. Яғни, аяқ киімнің түп нұсқасы біздің бабаларға тиесіл екен.»
Ұлы даладағы ежелгі металлургия
1. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері-металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі.
2. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында таукен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.
3. Қазба жұмыстары кезінде неше түрлі әшекей бұйымдар,қару жарақтар, қылыш т.б табылған. Бұл қарулар кең таралған соғыс құралына айналды.
Мен қазіргі металлургия туралы айтсам деп едім. Н.Назарбаев 1960ж Теміртауға келгелі домна пеші қосылды. Бұл ең алғашқы Қазақстан Магниткасы-Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні. Назарбаев жас металлургтар арасында үлкен құрметке ие болды.
3. Аң стилі
1.Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған.
2.Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланған.
3.Олар жыртқышардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған.
4.Егемен Қазақстан символдарының бірі жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.
4. Алтын адам
Алтын адам-сақ тайпалары өмір сүрген кезең мен олардың әдет-ғұрып, мәдениетін айрықша көрсететін тарихи мұра.
2. Есік обасына жерленген Алтын адам 17-18 жастағы сақ тайпасының өкілі болған. Сақ жауынгері алтынмен мол тігілген сәнді киім киген. Алтын адам киімі 4000 ға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.
3. Бүгінгі таңда қанатты барыспен үйлесімдік тапқан «Алын адам» Қазақстанның ұлттық белгісіне айналды. Алтын адамның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды.
Алтын адамдағы әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат» нақышында жасалған
Ең бірінші табылған "Алтын адам"
1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" алыс-жақын елдерді елең еткізгені анық. Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген.
Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Есік қорғанынан табылған "Алтын адам"
Сақтар тайпасының жас көсемінің зиратынан табылған бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүргені анықталған.
Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, "Алтын адамның" Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті ел басшысының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін көрсеткен. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология тағы басқа салалардан мол дерек беретін "Алтын адам" сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдеген. "Алтын адам" Қазақстанның азаттық символына айналып, оның төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енген.
Атыраудың "Алтын адамы"
1999 жылы Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы кезекті қазба жұмыстарын Аралтөбе қорғанына жасап, Атыраудың "Алтын адамы" атауын алған екінші ескерткішті тапқан. Зерттеу нәтижесінде бұл алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары екені анықталған. Тарихи олжаны археолог Зейнолла Самашев тапқан. Біздің заманымызға дейін III ғасырға жататын алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне қарап ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген екен.
Аралтөбенің "Алтын адамы"
1999 жылы Аралтөбе қорғанынан негізінен үш зират қазылып, оның алғашқысынан адамдардың қаңқалары мен олар қолданған шыны моншақтар, жебе ұштарының сынықтары табылған.
Екіншісінен басы оңтүстікке қаратылып жерленген мүрде жанынан жүзден аса жебесі бар қорамсақ, бүйірлі үлкен қыш құмыра, темір қылыш кездескен. Қазылған үшінші зираттан алтын киімді адам табылған.
Оның сырт киімі түгелдей алтын әшекейлермен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесі алтынмен апталған. Әйел және ер адам мүрделерімен бірге олардың аяқ жағында мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құс сүйектері, жүзден астам жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған.
Ер адам киімі әшекейлі алтын бұйымдармен безендірілген, тіпті шашын түйген байламшасы, жанындағы қару - жарақтары, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесіне шейін алтын мен апталып, әшекейленген. Табылған бұйымдар, киім үлгілері және салынған өрнектердің, әшекейлердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында біздің заманымызға дейін ІІІ ғасыр - біздің заманымыздың ІV ғасыры аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына тиесілі екені дәлелденген. Белгілі шебер Қырым Алтынбеков қалпына келтірген бұл ескерткіш қазір Атыраудың облыстық музейінде тұр.
Шілікті "Алтын адамы"
Шіліктіден "Алтын адам" 2003 жылы табылған. Оның жерлеу мерзімі біздің заманымызға дейінгі VIIІ ғасырға жатады, демек ол Есіктегі "Алтын адамнан" 400 жылға үлкен. Тарихшы Әбдеш Төлеубаевтың сөзінше, көне қорым топырақ жастанған тас қорғанда сақталған. Құрылыс формасы қиық пирамида іспетті келеді. Қорымның ішінен 4303 алтын бұйым табылған.
Шіліктідегі "Алтын адам" найзасының көшірмесін жасауға 17 миллион теңге жұмсалған
Оның арасында сирек кездесетін алтын қаптырмалар да бар. Бір түйме-қаптырмада алтын арқар суреттелген, сондай-ақ бүркіт, аю және барыс бейнеленгендері де бар. Сондай-ақ археологтар көк таспен әшекейленген бесжұлдыз қаптырманы да тауып алған. Бұл бағалы бұйымдардың басты артықшылығы - балқыту тәсілімен жасалынуында. Ал Есіктегі "Алтын адам" әшекейлері жұқа алтын қаңылтырдан қалыпталып, нақыштап кесіліп қондырылған.
5. Түркі әлемінің бесігі
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жері ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.
Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.
6. Ұлы Жібек жолы
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.
Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.
Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.
Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.
Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.
Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
21 қараша 2018
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы
Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.
Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.
Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.
Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.
Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.
Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.
Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ.
Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих.
Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.
Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.
Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.
І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
1. Атқа міну мәдениеті
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.
Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.
Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.
Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ.
Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі.
Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді.
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды.
Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.
Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.
Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.
3. Аң стилі
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.
Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі»өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған.
Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.
Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.
Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.
4. Алтын адам
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».
Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.
Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.
5. Түркі әлемінің бесігі
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.
Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды.
Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.
6. Ұлы Жібек жолы
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.
Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.
Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.
Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.
Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.
Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
***
ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ
Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.
Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп ойлаймын.
1. Архив – 2025
Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр.
Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын.
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек.
Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет.
Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады.
2. Ұлы даланың ұлы есімдері
Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.
Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.
Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.
Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек.
Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет.
Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн.
Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет.
Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын халықаралық көпбейінді ұжым құруға болады. Нәтижесінде, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады.
3. Түркі әлемінің генезисі
Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты.
Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерінұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды.
Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет.
Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады.
4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
«Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді.
Сонымен қатар «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубынқұрып, соның негізінде Астанада және Қазақстанның өзге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізуге болады. Бұған қызығушылық білдірген адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады.
Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ.
Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет.
5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады.
Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет.
Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды.
Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз.
Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек.
Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады.
Сонымен қатар фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет.
6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі
Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады.
Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклінөндіріске енгізу керек.
Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
Қызықты әрі мелодрамалық сарындармен қатар, көрермендер үшін танымал фэнтези және шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейту қажет.
Осы мақсатпен Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға болады.
Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек.
Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шықты.
Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын.
«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген