400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты. "Ұлы даланың болашақ сұлтандары" ұлдар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие жұмысы бойынша дайын тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы даланың болашақ сұлтандары» байқауы
Сабақтың мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, сөз шеберлігі,әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, ұлттық рухты тұлғаны дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты,болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі,әдет - ғұрпы, жөн – жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, шарлар, нақыл сөздер, тақырыптық материалдар
Байқау барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.

1 – жүргізуші:

- Саламатсыздар ма, құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

2- жүргізуші:
- 2 «А» сыныбының ұйымдастыруымен өтетін «Ұлы даланың болашақ сұлтандары» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты ұлдар байқауына хош келдіңіздер.

1-жүргізуші:

- Енді сіздерді байқаудың бағдарламасымен таныстырып өтсек.

2-жүргізуші:

1. «Тегімді менің сұрасаң...» таныстыру

2. «Білекті – бірді, білімді- мыңды жығар» білім сайысы

3. «Шешен жігіт сөз бастар» сөз шебері сайысы

4. «Өнерлінің өрісі кең» өз өнерін көрсету

5. «Күш атасын танымас» қол күрес

1-жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал ұлдарға сәттілік тілейікші.

2-жүргізуші:

- Бүгінгі сайысқа төрелік ететін әділ қазылармен таныстырайын

Бастауыш сынып мұғалімі – Жылқыбаева Забира апай, дене шынықтыру пәні мұғалімі – Жақсымбетов Айдос ағай, музыка пәні мұғалімі – Дүйсенов Ерғали ағай, сыныптың ата – аналар комитетінің төрайымы Тойшыбекова Гүлнар апайларды ортаға шақырамыз.

1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Ұлы даланың болашақ сұлтандары» байқауына қатысушы ұлдарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!



2 – жүргізуші:

Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді
- Байқаудың бірінші «Тегімді менің сұрасаң...» таныстыру бөлімін бастаймыз.

1-жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп кезекті сайысымыздың келесі бөлімі- Білім сайысына береміз. Бұл сайыста қатысушылардың білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.

1- кеспе
1. Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3. Ауаның қасиеті(түсі,исі,дәмі болмайды, газ тәрізді, жеңіл)

4. қосудың компаненттерін ата

5. Қаңқаның қызметі

6.Ер жігіттің бес қаруын ата. (Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.)
2– кеспе қағаз.
1. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?

2. Мәтіннің түрлерін ата
3. Бұлшықеттің қызметі

4.Судың қасиеттерін айт(дәмі,түсі, исі болмайды. Аққыш, формасы жоқ)

5. Әнұранның авторлары кім?

6.Киіз үйге жарық қайдан түседі?
3– кеспе қағаз.
1. Жиын дегеніміз не?
2. Уақыттың өлшем бірліктерін ата
3. Дауыссыз дыбыстардың түрлері

4. Жеті атаңды айтып бер

5. Тәуелсіздік күні
6. Бес асыл істі атаңыз,

4– кеспе қағаз.
1. Құқық деген не? (Қазақстанның әр азаматына берілетін заңды мүмкіндік)

2. Сөйлем түрлерін ата. (хабарлы,сұраулы, лепті)

3. Өсімдіктің қандай бөліктері бар? (тамыр, сабақ, жапырақ, бүршік, гүлі, жемісі)

4. Апта күндерін атап бер.

5. Әдебиет сөзі нені білдіреді? (көркемсөз)
6.Бес дұшпанға не жатады?
5– кеспе қағаз.
1. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін айтып бер
2. Мәтін неще бөліктен тұрады? (басы, негізгі бөлім, соңы)
3. Сен неге құқылысың? (өмір сүруге, тегін білім алуға, денсаулығын күтуге, ата-ана қамқорлығында болуға)

4. Адам денесіндегі ең кішкентай бұлшық ет қайда орналасқан? (құлақ ішінде)

5. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

6. Бала жүре бастағанда жасалатын  салт
6– кеспе қағаз.
1. «Кел, балалар,оқылық!» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)
2. Бір жылда неше ай бар және ретімен айтып бер
3. Қандай сұрағына жауап болатын мәтін түрі қалай аталады?

4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

5. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

6. Сәби баланың төсегін ата.
7– кеспе қағаз.
1. Диалог дегеніміз не?(Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлесуі)
2. Төрт түлікті ата
3. Кез келген санға 0 – ді қосқанда ...шығады. (сол санның өзі)

4. Республика сөзінің мағынасы қандай? (мемлекеттік құрылыс)

5. Мысал есеп неше бөліктен тұрады? (құрамы)

6. Төрт түліктің пірін атаңыз. (Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.)

2-жүргізуші:

Шешен болсаң тығырықтан шыға біл
Сөз шебері атана бер қазақтың
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей

Жауап бергін мақалына мүдірмей – деп, сайысымыздың «Шешен жігіт сөз бастар» бөліміне берсек.

1-жүргізуші:

Бұл бөлімде мақал- мәтелдердің жалғасын табады.Әр оқушыға 5 мақалдың басы айтылады, олар жалғасын табады    

        1-оқушыға:

1.   Досы жоқ адам – (тұзы жоқ тағам.)

2. Тазалық- (денсаулық кепілі) 

3. Отан – (оттан да ыстық. )

4. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

5. не? – инемен құдық қазғандай.

   2-оқушыға:

1.Білекті бірді жығады ,  (білімді мыңды жығады. )

2. Әдепті бала - арлы бала  (Әдепсіз бала – сорлы бала).

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, (Егін екпесең, жерге өкпелеме).

4. Әдептілік, ар - ұят,(Адамдықтың белгісі.)

5. Алтын, күміс тас екен, (арпа, бидай ас екен.)

   3-оқушыға:

1.Отансыз адам –( Ормансыз бұлбұл)

2. Бірлік болмай … (тірлік болмас).

3.Әдепті бала – арлы бала, (Әдепсіз бала – сорлы бала.)

4. Көз қорқақ, …. (қол батыр).

5. Жері байдың - …. (елі бай).

4 -оқушыға:

1.    Туған жердей жер болмас,(Туған елдей ел болмас.)

2. Отан – неден басталады (отбасынан басталады)

3.Ананың сүті—бал,( Баланың тілі — бал.)

4.Атаңа не қылсаң, (Алдыңа сол келер.)

5.Білекті бірді жығар, (Білімді мыңды жығар. )                      

5- оқушы

  1.Үлкенге – құрмет,  (Кішіге – ізет. )                                      

     2.Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті.)

     3.Аққуды атуға болмайды,(Достықты сатуға болмайды.)

     4.Жаңбыр жауса жер ырысы, (Батыр туса, ел ырысы)

     5.Ананың көңілі балада, ( Баланың көңілі далада.)

6- оқушы:

     1.   Ананың сүті- бал,( Баланың тілі- бал.)

     2.Қына тасқа бітеді,   (Білім басқа бітеді.)

3.Оқусыз білім жоқ , (білімсіз күнің жоқ.) 

  1. Ашу дұшпан, (ақыл – дос)

5.Тіл тас жарады.(Тас жармаса, Бас жарады.)

7- оқушы:

1.Бас кеспек болса да, (Тіл кеспек жоқ.)

  1. Білім – таусылмайтын кен.(Ақыл - тозбайтын тон)

3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар, (Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.)

4. Кітап – білім бұлағы, (Білім өмір шырағы)

5. Ұстаз- жанып тұрған шырақ, (шәкірт – сылдырап аққан бұлақ)

2- жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салады.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салады.

1-жүргізуші:

- Ендігі кезекті сайысымыздың «Өнерлінің өрісі кең» бөліміне берсек. Ортаға өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

1. Бегімхан Мирас

2. Керімхан Дарын

3. Жеңіс Нұрмұхамед

4. Аманбай Дінислам

5. Сұлтан Алинұр

6.Құрбан Нұрислам

7.Маулен Марлен

2- жүргізуші:

  • Ендігі кезекте «Күш атасын танымас» бөлімі. Қол күрес. Сәттілік!

1 – жүргізуші:
Осымен, «Ұлы даланың болашақ сұлтандары» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, сыныбымыздың әнші қызы Әбдіманап Мадинаның орындауында «Мен қазақтың қызымын» әні. Қарсы алыңыздар.
2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.

1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!

Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Марапаттау:
1. «Ұлы даланың болашақ сұлтаны» - бас жүлде
2. «Дарынды дарабоз» 1- орын
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы» 2- орын
4. «Парасатты жігіт» 3- орын
5. «Өнерпаз жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Сөз шебері»
2– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!






































Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылы

«Қарағұр» жалпы орта мектебі









Сабақтың тақырыбы:

«Ұлы даланың болашақ сұлтандары» атты ұлдар сайысы



Сыныбы: 2 «А»



Сынып жетекші: Досыбаева Қарлығаш Аліханқызы
















2018- 2019 оқу жылы


1.   Досы жоқ адам – (тұзы жоқ тағам.)

2. Тазалық- (денсаулық кепілі) 

3. Отан – (оттан да ыстық. )

4. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

5. не? – инемен құдық қазғандай.

1.Білекті бірді жығады ,  (білімді мыңды жығады. )

2. Әдепті бала - арлы бала  (Әдепсіз бала – сорлы бала).

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, (Егін екпесең, жерге өкпелеме).

4. Әдептілік, ар - ұят,(Адамдықтың белгісі.)

5. Алтын, күміс тас екен, (арпа, бидай ас екен.)

   1.Отансыз адам –( Ормансыз бұлбұл)

2. Бірлік болмай … (тірлік болмас).

3.Әдепті бала – арлы бала, (Әдепсіз бала – сорлы бала.)

4. Көз қорқақ, …. (қол батыр).

5. Жері байдың - …. (елі бай).

1.    Туған жердей жер болмас,(Туған елдей ел болмас.)

2. Отан – неден басталады (отбасынан басталады)

3.Ананың сүті—бал,( Баланың тілі — бал.)

4.Атаңа не қылсаң, (Алдыңа сол келер.)

5.Білекті бірді жығар, (Білімді мыңды жығар. )                      

  1.Үлкенге – құрмет,  (Кішіге – ізет. )                                      

     2.Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті.)

     3.Аққуды атуға болмайды,(Достықты сатуға болмайды.)

     4.Жаңбыр жауса жер ырысы, (Батыр туса, ел ырысы)

     5.Ананың көңілі балада, ( Баланың көңілі далада.)

     1.   Ананың сүті- бал,( Баланың тілі- бал.)

     2.Қына тасқа бітеді,   (Білім басқа бітеді.)

3.Оқусыз білім жоқ , (білімсіз күнің жоқ.) 

  1. Ашу дұшпан, (ақыл – дос)

5.Тіл тас жарады.(Тас жармаса, Бас жарады.)

1.Бас кеспек болса да, (Тіл кеспек жоқ.)

  1. Білім – таусылмайтын кен.(Ақыл - тозбайтын тон)

3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар, (Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.)

4. Кітап – білім бұлағы, (Білім өмір шырағы)

5. Ұстаз- жанып тұрған шырақ, (шәкірт – сылдырап аққан бұлақ)























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
1594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі