400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарбие сағаты "Ұлы даланың-ұлы тұлғасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы даланың-ұлы тұлғасы ӘбуНасыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Тәрбие сағаты

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: М.Шаханов жоббм

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Спатаева А

Сынып: 4 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ұлы даланың ұлы тұлғасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді. Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беререді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді.



Көптеген оқушылар: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді


Кейбір оқушылар: : Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беререді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді. Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді

Жетістік критерийлері

Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беререді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді.

Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді

Тілдік мақсаттар


. Құрыш – жылтыр сұр түсті, темір мен көміртегі және басқа бекіткіштердің ерітіндісінен тұратын болаттың берік түрі;

Мәртебе – бұл  жерде: мәрте, рет;

Әзәзіл – азғырушы, арбаушы;

Малдану – бұл жерде: пайдалану, пайда көру.

Құндылықтарды дарыту




Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, дүниетану , музыка, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, нутбук

Бастапқы білім


Әбу –Насыр Әл-Фараби туралы аңыз,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты тарбие сабағымызға қош келдиниздер!

Шаттық шеңбері: «Өмірді мен сүйемін. Өйткені..........................» оқушылар шеңберде тұрып жалғастырады.


Сабақтың ортасы

Қызығушылықты ояту. «Инфографика» әдісі.

-оқушылар біз бүгінге дейін коптеген ұлы тұлғалармен танысқан болатынбыз. Ұлы тұлғалардан кімдерді білесіңдер?

Инфографиканы пайдалана отырып, тақырыпты болжаңыз.

  • Бұл тарбие сабағымыз Ұлы даланың ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына байланысты отилип жатыр.

Видиоролик көрсету. Әл -Фараби  өмірі мен шығармашылығы.

Аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым. Ол 870-950 жылдары Сырдария бойындағы Отырар қаласында туып-өскен. Шын есімі Мұхаммед Ибн Ұзлағ Тархани. Отырар қаласы сол кездері Фараб деп аталғандықтан, ғұлама ғалым өзінің Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ұзлағ Ибн Тархан есімін туған жеріне байланыстырып, Әл Фараби деп атаған. Яғни, Фарабидің әкесінің есімі Ұзлағ, арғы атасы Тархан болған. Әл Фараби 870 жылы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болған Отырар қаласының маңында дүниеге келген.

Ол бала кезінен сол дәуірдегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұхара, Самарқан, Мерф, Бағдат, Харран, Рей, Каир, Алеппа, Шап қалаларында болып, үнемі білімін жетілдіріп тұрды. Жасөспірім шағында елге келген керуенмен ілесіп, Бағдатқа барады. Әл-Фараби сауатын түркі тілінде ашып, өзін ақын-күйші, әнші ретінде танытқан. Ғұламаның өлеңдерінен үзінділер де сақталған және күйшілігі туралы деректер де кездеседі. Әл Фараби өмір сүрген заманда бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болғандықтан, халық қарым-қатынас жасау үшін араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Солар секілді Фараби де бірнеше тілдерді жетік меңгерген.

Ғылым, білім іздеп, жер жерді аралаған ойшыл парсы, түрік, араб тілдерінен бөлек грек, қытай, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Сол заманда дамыған барлық ғылым салалары мен өнер түрлерін жетік меңгеріп, оның дамуына өз үлесін қосады. Осылайша, кейінгі ұрпаққа мол мәдени асыл мұра қалдырды.

Оның заманы Жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне тұспа-тұс келді. Әл Фараби Парсы, Ирак, Араб елдеріне жиһангездік сапарлар жасап, тез есейді. Барған жерінде көптеген ғұламалар мен ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысады. Тарихи деректерде Әл Фараби 70-ке жуық тіл меңгерген деп көрсетіледі.

Топтық жұмыс:

Сахыналық қойылым:

Сағыныш сазы.

Шам шаһарында тұрғанда Әбу-Насыр әл-Фараби бір жағынан патшаның бау-бақшасын күтіп-баптаса,екіншіден, қолы бос кезінде өлең жазумен шұғылданыпты. Бақшадағы хауыз жанында,кілемше үстінде құс жастыққа шынтақтаған ол ой үстінде отырады.Мәуе ағаштарының бұтақтарына қонғант бұлбұл құстар сайрап тұрады.Ол омырауына түскен салалы сақалын сипап отырып,мына бір шумақтарды қағаз бетіне түсіріпті: Кеткенім жоқ, елім,сенен атақ,бақыт,тақ іздеп, Шықтым, жұртым,шалғай жаққа ғылым атты шам іздеп. Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның, Ассам-дағы сексен жастан сәбиіңмін балаңмын. Жүзім сынық,көңілсізкүйге түстім мен бүгін, Саған деген серпе алмаймын,ынтызарлық түндігін. Айналайын там-қыпшақ,туған жерім,сағындым, Өз атыңа, үрметіңе қайда жүрсем табындым.

Бұл өлең жолдары әрі ғалым,әрі шайыр бабаның жасы сексеннен асқан шағындағы туған еліне деген «сағыныш сазы» болса керек

Тыңдалым. Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздері мен өлеңін тыңдату

Асыл: Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма
Тіпті кейде болса да әзәзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісімен
Таңда да ал дос, өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып

Ерасыл: Бауырын қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алулап,
Пенделіктен бол аулақ.

Жататын ләйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бей-опа мына заманда,
Бақыл боп кетер адамда.

Жұрт кілең күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп

Бауыржан: Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.
Қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.



Нұрасыл:Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

.

-TЖ. Оқушылар «Екі қадамды кестемен» жұмыс жасайды.

Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі

Ақын – өз елінің патриоты

Қашықтасың туған жер – қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен.Қанатым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Ақын шет жерде көптеген жыл өмір сүргендіктен өзінің туған еліне деген сағынышын, ыстық сезімін жырға қосады.



Автор бейнесі

Өлеңнен үзінді

Себебі


Ақын басқаларға сын көзбен қарайды

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма
Тіпті кейде болса да әзәзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісімен
Таңда да ал дос, өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып


Ақын кейбір ойы жаман, ісі надан көкірегі саяз адамдардың ісіне күрсініп, өзіңе адал дос таба біл деп, өлең жолына қосады.








Ата-ана өлең оқиды: «Отырардың күйреуі» М.Шаханов

«Көне Отырар»қаласын макетін кұру.

Әл-Фараби сөзіне 5 жолды өлең жазады. Жазған өлеңдерін жұпта оқиды. Әр топтан үздік шыққан өлеңдер сыныпта оқылады

1.Әл-Фараби.

2. әйгілі ойшыл, матиматик.

3.Ғылым үйретті, ұстаздық етті, туған жерін аңсады.

4. Соңынан  мол рухани қазына қалдырды.

5. Ұлы тұлға







































https://yandex.kz/video/

preview?filmId=

1264185763748416197&text=

әл%20фараби&from=

tabbar&parent-reqid=1574266308184309-102207027077178120170012

Сабақтың соңы

Мұғалім сөзі: Сонымен, әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдад қаласында өткізді. Ғұлама- ғылым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдер ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақты деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдр 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. 
Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, 
бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40 жуық шығарма деуге болады. Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциколпедист ғылым екендігін дәлелдейді. Алайда біз балалар Әбу-Насыр ӘлФараби бабамыздың еңбектерімен алдағы уақыттада танысамыз. Әл-Фараби бабамыздың шығармаларын бір сабаққа сыйғызу мүмкін емес.

Ән: «Қазақстан бақытты» оқушылыр хормен орындайды.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы







Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
412 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
11655
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі