Төлеген Айбергенов
атындағы №16 орта мектеп
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Ата-бабаларға тағзым!»
Тәрбие сағатының
мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу,
оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,
елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен
ата – бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас
ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да
батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тәрбие
сағаты.
Көрнекілігі: интербелсенді
тақта, кітап көрмесі
Өткізілген
уақыты:05.05.2018ж.
Өткізілу
барысы:
1.
Кіріспе
2. «Отан үшін отқа түскендер»
деректі фильмнен үзінді.
3. Ешкімде, еш нәрседе
ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)
4. Ер елі үшін туады. (мақалды
жалғастыру)
5. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым
(Сұрақ – жауап)
6. «Кім шапшаң» ойыны.
(ұяшықты ашу)
7.
Отты күндер елесін, кітаптан оқып білесің.(кітап
көрмесі)
І Кіріспе.
Мұғалім:
Армысыздар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін
жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету
жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан
соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің
маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше
миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен
түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін
ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие
сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
«Отан үшін отқа түскендер»
деректі фильмнен үзінді.
«Катюша» биі. 7 «Б» сыныбының бір
топ оқушы
қыздары
ІІ. Ешкімде, еш нәрседе
ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)
1-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді
сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен
келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5
мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды.
Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға
жетті.
2-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын
қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск
доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады,
Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың
30 сәуірде тікті.
Рақымжан Қошқарбаев туралы
бейнематериал көрсетіледі:
3-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр
қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін
мақтанышпен атайды.
Ата-анасынан ерте айрылған
Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында
оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас
қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына
төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі
сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін
майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді
жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай
да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында
«Қызыл армия» қатарына алынды.
1943 жылдың 15 қазанында Псков
облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7
биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі -
пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың
Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды
қыршыннан қиып түсті.
«Майданға хат» (үзінді)
оқитын Тұрсынбекұлы Арман.
Құлыншағым аман
ба?
Қолыма тиді сенен
хат.
Хабарыңды
есітіп,
Қуанып қалды
ғаламат.
үніге тоқсан
тілеймін,
Құлыным кел деп
саламат.
Жүрегім – жалын, ішім
у,
Жанымда ауыр
жарақат.
Суретің келді
хатыңда,
Шекпен киген
жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Суретіңе қарасам,
Емшегім иіп, сүт тамад.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман-сау,
Ас
жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
«Майданнан хат» (үзінді)
оқитын Бердібек
Санжар
Хат жазамын
майданнан,
Мейірімшіл
ғазиз-анама
«Жақыным-жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі
қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет
бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдаға жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
ІІІ. Ер елі үшін туады. (мақалды
жалғастыру)
1.
Отан үшін отқа түс, … (күймейсің)
2.
Отан оттан да ... (ыстық)
3.
Туған елдей ел болмас, (туған жердей жер болмас).
4.
Ит тойған жеріне...(ер туған жеріне).
5.
Батыр туса, ел ырысы ... (Жаңбыр жауса, жер
ырысы).
6.Туған жердің күні де ыстық ... (түні де
ыстық).
7.
Ел болам десең, ... (бесігіңді түзе)
8.
Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)
9.
Ер бір рет өледі, ... (қоқақ мың рет өледі).
10.
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,... (батыр болсаң, жауыңа найзаң
тисін).
ІҮ. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым (Сұрақ –
жауап)
Ұлы
Отан соғысы батырларын ата?
Ұлы
Отан соғысы қай жылы басталды?
“Шығыстың қос жұлдызы” кімдер?
Рейхстагқа ту тіккен қазақ
батыры?
Соғыс дегенді қалай түсінесің?
Ұлы
Отан соғысы қай жылы аяқталды?
Ұлы
Отан соғысы батырларын ата?
Кеңес Одағының екі мәрте батыры,
ұшқыш?
Әлия мен Мәншүкке жасаған ерліктері үшін қандай
атақ берілді?Бейбітшілік дегенді қалай
түсінесің?. «Кім шапшаң» ойыны. (ұяшықты
ашу)
Ұяшықта соғыс кезінзе пайдаланылған соғыс
техникалары, құрал-жабдықтар, қару-жарақтар жасырылған. Осы ұяшықты
ашып, көрсетілген суреттегі заттың атын табу.
ҮІ. Отты күндер елесін, кітаптан оқып
білесің.(кітап көрмесі).
Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі»
әні хормен орындалады:
Жойылсын жалғыз сөз соғыс
деген,
Оқ
даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.
Қайырмасы:
Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Мұғалім:
Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні
өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз.
Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар.
Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Елімізде бейбітшілік
болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы
естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Қуанышымыз,
жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі 7 «Б» сынып
оқушылары арасында
өткізген тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға
рахмет!
Орындаған қазақ тілі пәні
мұғалімі: Расулова Е.А.