Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға
баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық
тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың
ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен
адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер,
шарлар.
Түрі: кездесу
Өтілу барысы: Бөлме ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын,
ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр
сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің
қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де
ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы
маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің
бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы
Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 61 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл
Ұлы Жеңістің 66 жылдығы.
Балзина:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа
ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз
адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия
елімізге опасыздықпен басып кірді.
Оралай:
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен
Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.
Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай
шайқасты.
Айда:
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Сапархан:
Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің
Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы
күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың
қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста
ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр
апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова
ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас
дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты
сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір
толастаған емес.
Мұхтархан «Әлия - Мәншүк» (тақпақ).
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала
әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте
берді, күте берді.
Солдаттар жаралы майданнан оралады.
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлықтарымен,
Тарланбоз батыр ағаларымыз.
Ұлмекен: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан
ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.
Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы
нығая түсті.
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова,
Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. өз
жерлестеріміз: Тулақбаев Арон ата, Аяпбергенов Қамеш ата.....
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете
алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына
бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу.
Әсем: Жеңіс күні 9-мамыр –
бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші
дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан
үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен
шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының
ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Әсел : Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Айнұр:
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан
кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау
кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып
кірді.Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер
туды.
Орынбасар:
Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы
жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып,
майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам
жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары
арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Несібелі:
Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Ұлы Отан соғысы
туралы толығырақ мәлімет алу үшін баяндамашыға сөз берейік.
Балзина:
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз
мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға
аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін
арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп
тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға
тиіс.
Шынболат:
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Сапархан:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары – деп келесі бөлімімізді оқушылардың жеңіс
туралы әндеріне береміз!
Орынбасар:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Оралай: Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің
еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан
айырған сұм соғысқа жол жоқ …
Жеңем деген ел сөзін!
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір, адам жұлдызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Отан, ұрпақ болашақ.
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір нұры жарқырап.
Ұлмекен:
Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті
Айнұр:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Әсел:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Мұғалім:
Осымен сіздерге арнаған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты кешіміз
аяқталды. Қонаққа келген әжелерімізге рахметімізді айтамыз,
денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре
беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!.
Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Сау болыңыздар!