400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. "Ұлы Жеңіс жасасын!" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы жеңістің 75 жыл толуына орай арналған материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұлы Жеңіс жасасын!

Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істерін үлгі ету.Оқушыларға

патриоттық, елжандылыққа тәрбиелеу. Отанын сүюге, елін қорғауға

баулу.

Көрнекті құралдар: ҰОС батырлары суреттері, нақылсөздер, безендірулер

Барысы:

Жүргізуші: 1941-1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған сұрапыл соғыста бірлік, достық жолында жанын қиған, бүкіл адамзаттың азаматтықты қорғап қалған, соғыста жүзге тарта қазақ қаһармандарына айбарлы атақ берілді. Батырлардың батыры: Бауыржан Момышұлы,Төлеген Тоқтаров,Мәлік Ғабдуллин,Нүркен Әбдіров, Сұлтан Баймағанбетов,Талғат Бигелдинов, «Шығыс жұлдыздары»-Әлия мен Мәншүк.Қан майданда ерлікпен қаза тапқан батырларымызды 1 мин үнсіздікпен еске алайық.

Үнсіздік: 1минут

Жүргізуші: Бүгінгі Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына арналған «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-оқушы:

Ығысқан жауы түрінен Бауыржан батыр қол бастап. Москваның түбінен Ерлікті жасап ол асқақ

Волоколом жолында Жауымен талай арбасқан. Іздері бар артында Бауырлас ізгі ерлердің Іздерін қалай шаң баспақ.

2-оқушы:

Туған жер,өскен орта,байтақ дала, Махаббат,ыстық жүрек құмарлана,

Сүйеді Төлегендей ер баласын, Баулыған батырлыққа Отан-Ана!

Баласын алып Алтай құшағына, Сүйеді,жүрегі қысады да. Сырласып,таң атқанша бірге болып, Таң атса,тау қалады,ол ұшады

Ән:Сарбаздар

Жүргізуші: Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғысты жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабул жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Сол бір 41дің жазындағы қара түнек орнатқан сұм соғыстың жалыны әр шаңырақты шарпыды.Әкесі баласынан айырылды.Аңырып ана,жар жесір атанып,бала жетім қалды.

3-оқушы:

Өр кеуде,отты жүрек,батыр Мәлік

Зор даңқын дүниені кетті жарып

Майданда ризамын,ойнадың сен Бейне бір найзадағыдай жарқыл қағып

4-оқушы:

Арты ажал,өмір,алда үміт

Есімі ердің жаңғырып Есіңде жұрттың мәңгілік Жас қыран Нүркен Әбдіров

5-оқушы:

Ерлік керек қайда да? Іштей айтып осы әнін Барды Әлия майданға, Қорғаймын деп Отанын Қазақ қызы ғажайып,мерген болған аты аңыз Қаһарманы халықтың,мақтанышы апамыз

6-оқушы:

Адал боп төнген жауына,дауылды көктің қыраны

Оралды Алатауына,ерліктің өжет бір әні Таңғалтқан батырлығымен,тарланбоз Талғат ағамыз Жеңістің күні келгенде,көшеге жайнап шығады Сөнбесін оның жұлдызы,сөнбесін өмір шырағы

7-оқушы:

Ай өткен,жылдар өткен,ғасыр өткен

Жеңіспен майдан бітіп,жас ер жеткен Ерлігі ер жүрегі тебіренткен Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен

Жүгізуші: Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес.Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты.Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болған.

Би:Катюша

8-оқушы

Отан үшін мерт болғанда танып, біл,

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл

Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді

Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр

9-оқушы

Олар сенің таңғы шапақ, нұрың ғой

Олар сенің мәңгі асқақ жарың ғой

Мәңгі алауға жиі барып әрдайым

Бас киімді колыңа алып гүлін ғой

Қара бұлтқа оранбасын көкте күн

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есінде ұста, құрметте!

Ән: Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген!

10-оқушы

Болмасын соғыс , болмасын

Жармасын ешкім бомбасын

Оқ болып ұшып қорғасын,

Тіршілік гүлі солмасын.

11-оқушы

Болмасын соғыс, болмасын

Әлемді бақыт торласын.

Ақ қанат кептер жаһанға,

Тыныштық жолын жолдасын

Ән:Болмасын соғыс болмасын

12-оқушы

Арқаламасын дорбасын .

Болмасын соғыс, болмасын,

Басыңа түссе ол да сын.

Кеңпейіл дархан халқымды,

Құдайдың өзі қалдасын.

13 -оқушы

Болмасын соғыс, болмасын,

Сұм соғыс қолын созбасын

Тыныштық туын көтеріп

Отанды сүйем оз басым.


14 -оқушы

Болмасын соғыс, болмасы,

Көк байрақ ту тозбасын

Қолдасын Алла әрдайым,

Алаштың ақ ордасын.

Би:Кестелі орамал

15 -оқушы

Жеңіс!Жеңіс!-Мектебіміз

Ашқан бізге елігін

Ұмытылған өткеніміз

Батырдың есімі

16-оқушы

Қия шыңға өрмелеңдер

Болашаққа батыр ел

Жеңіс деген өрен ерлер

Мәңгі өлмейтін батырлар

Ән: Ақ көгершін

Қорытынды сөз

«Халықпен бірге болсаң жалғыздық көрмейсің, халық жолымен жүрсең –адаспайсың» . «Жалғыз батыр майданға тұлға бола алмас, ақырып жалғыз арыстан орманды билеп ала алмас» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Биыл 9-мамыр күні Ұлы Жеңіске 75 жыл толу күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Еліміз тыныш, ұрпағымыз аман, бейбітілік өмірде ардагерлерлерімізге құрмет көрсетіп жүре берейік.Мереке құтты болсын!





.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
954
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі