400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ұлы Жеңіс жолында" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты өткізуге ықшам, қызықты, әдістері мол жасалған. 2-сынып оқушыларына арнап жасақталған "Ұлы Жеңіс жолында" атты тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлы Жеңіс жолында»

Тәрбие сағатының мақсаты:

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты

Әнұранмен басталады.


Данияр: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай - ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

С.Кәусар: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.


Альтаир:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек - жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.


Гүлфайруз:

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды ойранды.


Расул:

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.






Жанерке:

Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін

Я өліп я болмаса өлтіретін.

Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды

Жандыратын болмаса сөндіретін.


Сырым:

Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін

Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.

Жас қаның туған жерде босқа ақпасын,

Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін.


Ән: Бейбіт күн тілегі (хормен)


Данияр:

Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

С.Кәусар:

Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.


Оқушы қыздардың орындауында «Катюша» биі.


Медина:

Отаным бар, ордам бар мақтанатын

Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.

Бізді осындай егемен ел болсын деп,

Қазақстанда шығарған жастар атын.


Айсәуле:

Азаттық аңсаған еркін елміз,

Дос пейілді ұлттарға жаны көлміз

Ұшқан құстың қанаты талатұғын

Көк аспанбыз, көсілсең - алтын төрміз.


Ән: Ел қорғауға әзірміз (ер балалар хоры)






Данияр:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.


С.Кәусар:

Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.


С.Кәусар:

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!


1 - оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ. Жұмағалиев)

Имран:

Мен соғысты жек көрем!

Көкем айтып отырса,

Кім көз жасын төкпеген!

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген!

Мен соғысты жек көрем!

Күні ертең - ақ ержетем!

Қиялымды өрлетем!

Туған жерді әлпештеп,

Кірпік ілмей тербетем!

Жету үшін мұртаза

Сапар шегем жыраққа!

Ғұмыр бойы айқасам,

Асу бермес елдермен!

Асау өзен көлдермен!

Құлазыған шөлдермен!

Мен соғысты жек көрем!

Адамзатты жеткізем,

Арманына жетпеген!


Видео



Мирас: «Сен құрметте оны»

Сен құрметте оны!

Түсіндін, бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,

Қолындағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде

Ол жауға қарсы шапты,

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты,

Өлім соққысын өз үлесіне алды.

Денесін оқ пәршелесе де

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық, жолында аяғын!


Слайд «Ұлы Отан соғысы батырлары»


Данияр:

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.


Көрініс:/Жұмыс жасап жатқан әйелдер/

1-әйел: Мынаны қарашы, ұлымнан қара қағаз келді. Көзімнің қарашығындай жалғыз ұлымнан айырылдым. Енді қалай өмір сүремін? /Жылайды/

2-әйел: Сен ол қағазға сенбе. Бәлкім ұрыста адасып кеткеен шығар. Көр де тұр. Ұлың аман-есен келеді әлі. Жылама.

1-әйел: Соғыс, сұрапыл соғыс. Қанша үйдің әкесін алды, қанша үйдің ұл-қызын алды. Бұл соғыс қашан бітеді?


Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» (хор)



Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. 1945 жылы 8-мамырда Германияның Жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды. 9-мамыр – Жеңіс күні!

(жауынгерлер бастарын орап, қолдарына таяқ ұстап келе жатады)

Сүйінші, халқым, сүйінші! Неміс фашистері тізе бүгіп жеңіліпті. Шынымен қарғыс атқан соғыстың біткені ма? (бір-бірімен құшақтасады)


Ән: Ақ көгершін (хор)


С.Кәусар:


Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!




























Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп


Ұлы Жеңіс жолында!

Тәрбие сағаты






2 «Б» сыныбы

Сынып жетекшісі: Утешова К.П










2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 маусым
1973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі