жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты «Ұстаз - ұлағатты есім» 10сынып
«Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұстаз - ұлағатты есім»
Сынып: 10 «А»
Мұғалім:Карикбаев.Б, Мыктыбеков. К
2018-2019оқу жыл
«Ұстаз- ұлағатты есім» атты ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұстаз - ұлағатты есім»
Мұғалім: Мыктыбеков Курмансеил Маметханович, санаты ІІ, стаж 4 жыл
Карикбаев Бакдаулет Азбекович, санаты ІІ жыл, стажы 6 жыл
Мақсаты :Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт бере отырып ұстаздық мамандығының өміршеңдігін дәріптеу және ұстаз мамандығының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы дүниетанымын кеңейту.
Ұстаным: «Еліміздің ертеңі – бүгінгіжас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдырыұстаздардың қолында»
Сабақтың ұраны: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.»
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, слайд, бейне көрініс, нақыл сөздер.
Ашық тәрбие сабақтың бөлімдері:
І бөлім. Топқа бірігу, Эксперт сайлау
ІІ бөлім. «Мамандықтар классификациясы» (Plickers.com).
«XXІ ғасырдағы ұстаздың модулі»
ІІІ бөлім. «Ұстазбен сырласу».
І – бөлім. Кіріспе
Қайырлы
күн, құрметті қонақтар, ұстаздар,
оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған
«Ұстаз-
ұлағатты есім»
атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім
оңсын десеңіз,
Сол
істің маманы болыңыз.
Даңқым
шықсын десеңіз,
Көпшіліктің
адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен
және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа
түрі қосылып отырады екен.
Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады?
Біз олардың қаншасы туралы білеміз?
Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?
«Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?»
деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және өздеріңіз білетіндей 10 - сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына көшесіз. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз.
Сабағымызды бастамас бұрын топтасып алайық. «Шульманның көмекшілері» әдісі
Оқушылар жасырын стикерлердегі суретер арқылы топтасады және өз ойларын айтып өтеді
Мұғалім оқушылардың ойын қорытындылап өтеді:
Кәсби түсінік
Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну , дамыту , жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл ілім жұмыс жүргізу, демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді.
Кәсіби тұтастық
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек олар шыншыл, батыл , төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
ІІ бөлім.
«Мамандықтар классификациясы» (Plickers.com).
«XXІ ғасырдағы ұстаздың модулі»
«Мамандықтар классификациясы» (Plickers.com)
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп оз ойларын атап өтеді.
Тапсырманың мақсаты:
Оқушылардың таңдаған мамандығын анықтау
Т
аңдаған
мамандығы бойынша ой пікірін білу
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар.
О
қушылар
өзінің таңдаған мамандығына байланысты
эмблеманы таңдайды
Адам – техника: бұлтипкетехникалыққұрылғыларменжұмысжасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам – адам: мұндамамандықиесіүшінеңбекнышаныболыпбасқаадамтабылады, ал қызметсипаттамасы – басқаадамдарғаәсерету, адамдарменжұмысістеу. Мұндаймамандықтарғамұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлержатады.
Адам – белгі жүйесі: бұлтиптітаңдағанадамдарабстрактіліұғымдарменжұмысжасаудыбілуікерекжәне ой — өрісіөтекең болу керек. Бұлбухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылымиорталықжұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандарыөліжәнетірітабиғатпроцестері мен құбылыстарыменжұмысістейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – көркем образ: бұлтипкеөнер мен көркемөнергебейім, таланттыадамдаржатады. Оларархитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер
Мұғалім сөзі: Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай Алтынсарин. Өйткені мұғалім оқушыға білім береді, тәрбиелейді, ақыл айтады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Мұғалімнің еңбегі зор. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі ендеше .......
Ұстаздар жайлы айтылған эпиграфтар
Мен
өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар
емеспін: әкемнен өмір алсам, ал
Аристотельден өмірімді жақсы өткізу
туралы білім алдым.
Александр
Македонский
Мұғалім
ісі сырттай қарапайым болғанмен –
тарихтағы ең ұлы істің бірі
Константин
Ушинский
Ұстаз
ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт
шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
Жүсіпбек
Аймауытов
Адамның
адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.
Абай
Құнанбайұлы
Ұстаз
болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын
аялау.
Жан
- Жак Руссо
Ұстаз
деген ұлағатты атауды естігенде, күні
бүгінге дейін өзімді шәкірттей
сезінемін.
Серке
Қожамқұлов
Ұстаз
– ұлы есім.
Мұхтар
Әуезов
Мұғалім
- зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі
іспетті.
Константин
Ушинский
Үздік
ұстаз – ғибратты үлгі.
Бенджамин
Франклин
Маған
жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені
мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Ұстаз-
ұлық емес,ұлы қызмет
Бауыржан
Момышұлы
«XXІ ғасырдағы ұстаздың модулі»
Оқушылар бейнероликтегі жағдайатқа байланысты өз пікірлерімен бөліседі.
Видеоролик: «Ұстаз бен оқушы»
X
XІ
ғасырдағы ұстаздың бойында болуы керек
қасиеттерді анықтайды.
ІІІ бөлім. «Ұстазбен сырласу».
Оқушылар қонаққа келген ұстазға өздеріне қызықты болған сұрақтарын қояды, ой пікірлерімен бөліседі.
Ұстаздық жолды таңдауыңызға әсер еткен жағдай, жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
Ұстаздық жолдың қыйындықтары мен қызықтары?
Ұстаздық жолындағы мақсатыңыз?
Болашақ ұстаздарға айтар кеңесіңіз?
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рұхта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Халық өзінің үміті мол болашағын сеніп тапсыратын өкілі, жас ұрпақтың рухани сәулеткері ол- ұстаз Ұлағатты ұстаз қашанда өз белесінің биігінен тіл қатады. Ол өзінің өнегесін өскелең ұрпаққа арнайды. Солай болуыда заңды.
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет.
Тексерілді:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген