15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Ұстаз - ұлы тұлға"
Ұстаз – ұлы тұлға
Мұғалім сөзі:
Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз - Ұстаздар күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай Алға бастауыш мектеп оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек.
Ұстаз сөзінің ұғымы өте кең. Оның негізгі мағынасы: жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып,өзгені де бақытты етуге тәрбиелеу.Яғни ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, айналасына білім-тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін ойшыл тұлға.
Слайд құтты болсын мерекең!
Тәрбие сағатын «Ұстазым» әнімен бастаймыз.
1-ж:Нұртас
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз мұғалімдер мерекесіне жиналып отырмыз.
2-ж:Нұрай
Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға береке,шығармашылық табыстар тілейміз.
1-ж:Нұртас
Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер!
1-2-ж бірге:
Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық
Аяулы ұстаздардың мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
2-ж:Нұрай
Халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деп бекер айтпаған.
1-ж:Нұртас
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім.
Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін,
Ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің
Еңбегі ересен екенін баршамыз мойындаймыз.
2-о:Мұратжан
Үйретіп өмір ұстамын,
Үлгілі іске нұсқадың
Ақ көңіл іскер қашанда
Ақылшым менің –ұстазым
3-о:Ақниет
Көзімдегі шырағым
Ол – өзіңсің мұғалім
Сенен жиған білім-нәр
Нәрсені мол ұғамын.
Зәулім де асқақ шынарым
Жүрек жылы жыр-әнім.
Ән: «Ұстазым» (Д.Қырықбаеваның орындауындағы ән)
Бахадыр
Құйылады жыр ағын
Көптен дара пырағым
Құтты болсын мерекең
Заңғар тұлға мұғалім!
1-ж:Нұртас Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік!
М - мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ- ғазиз
А- ақылды
Л- лайықты
І- іскер
М- маман
Нұрай Би 4 сынып оқушыларының орындауында мектеп вальсі
Жүсіп
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғалым дана да.
Назерке 4 сынып
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
Нұртас Флешмоб 3-сынып
Үмбет
Шәкірттерін азамат қып саналы
Ұстаз-ана , дана бола алады
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады
Ислам
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтеік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
Нұрзат
Мұғалім,ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
1-ж:Нұртас
Көріністі тамашалаңыздар!
Білім мен өнер
3 сынып оқушылары
Бір күні шәкірті қария данышпанға келіп:
--Ұстазым, сіз өмір бойы біліммен сусындап келесіз. Білімнің сіз алмаған қамалы жоқ шығар. Айтыңызшы, күнделікті тұрмыста да сондай шеберсіз бе?- деп сұрайды.
Артынша ұстазының жауабын күтпестен:
-Мен болсам,балтамен ағаш бұтауды шебер меңгердім. Алдыма жан салмаймын. Сізді де жеңетініме сөз жоқ, жарасып көрейік,- деді.
Данышпан асықпай, сабырлылықпен:
-Мен дайынмын,- деп жауап береді.
-Олар орманға барып, әрқайсысы өзіне жер бөліп алады да, жарысты бастап кетеді.
- Шәкір дем алмастан ағашты шаба береді. Ұстазы жаққа құлақ салып қояды. Ол данышпан балтасының даусын естімей қалса, демалып отыр деп қуанып қояды. Жарыс біткен кезде, данышпанның шапқан ағашы көп болып шығады.
-Қалайша?- деп айқайлап жібереді шәкірті. –Сіздің кейде ағаш шаппай, демалып отырғаныңызды естідім ғой...
-Ия, ол кезде мен балтамды қайрап отырғанмын. «Ісім өнсін» десең, алған біліміңді өмірде дұрыс қолдана біл, балам.Қайраған балта сияқты білім де тәжірибемен шыңдалып отыруы керек,- дейді данышпан өз шәкіртіне.
Шәкірт ұстазының сөзі мен ісінен өзіне мәңгілік сабақ алады.
Нұртас
Әр адамға құрметпенен қараған
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп,
Осы өмірге мұғалім боп жаралған.
Нұрай
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған,
Оқысын,білім алсын,үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.
Ендеше ұстаз апайларға,яғни екінші аналарымызға келесі әнімізді арнаймыз. «Анашым анажаным»
Айнұр
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Мирас
Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің- мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен бірге шығар күн
Диана
Сабақтан еш қалмаймыз,
Сонда гүлдей жайнаймыз.
Ұстаздардан үйреніп,
Биіктерге самғаймыз.
Жандәулет
Білімін құйған санама,
Ұқсайтын асыл анама.
Мектептегі бар ұстаз,
Лайық ең зор бағаға.
Нұртас 2-сынып оқушыларының орындауында би Ха-фа-на-на грация
Мадияр
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Жансая
Ұстаз деген бір тұлға,
Ең қадірлі мамандық.
Мұғалімге, ұстазға
Біз тілейміз амандық.
Оқушылар хормен: «Ұстазым» әнін орындайды.
Екеуі хормен: Нұртас Нұрай
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Мұғалім: Қорытынды:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн щуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік концертіміз осмен өз мәресіне жетті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген