Материалдар / Тәрбие сағаты "Ұстаз- ұлы тұлға"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Ұстаз- ұлы тұлға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материял ұстаздар күніне арналған сынып сағатым болатын. Бұл сынып сағатының жоспарын жариялаудағы мақсатым өзім секілді ұстаздар оқып, аз да болса пайдалануына осы жоспарым көмегін тигізеді деген үміттемін.Бұл материялым арқылы осы сайттан жетістіктер алып отырмын. Б асқада ұстаздар қауымын осы сайттан пайдаланып жетістіктерге жете беруіне тілектеспін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
841
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Тәрбие істері бойынша оқу меңгерушісі:

Ұстаз – ұлы  тұлға.

 Сабақтың   мақсаты:а) Оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау       ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты  нығайту.  б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін  
   ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәр-
   биелеу.    
Сабақтың түрі:Әдеби-музыкалық бағдарлама.
 
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау.  Көрнекілігі:Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер,гүл шоғырлары,   шарлар.
   
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.ҚРмемлекеттік Әнұраны.

  Балалардың бағы болып басты әні,
 Ұстаз елді болашаққа бастады. 
 Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
 Ашық болсын туған елдің аспаны.

 Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
 Арайлап ата берсін таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып, 
 Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
   
Мұғалімнің құттықтау сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті  ұлағатты  ұстаздар!
Сіздерді  дәстүрлі ұстаздар  мерекесімен шын  жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың  отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық  табыстар
тілейміз.
    Ұстаз!Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына ,қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан өтпейтін  ешкім  жоқ. «Жақсы  мұғалім—мектептің  жүрегі»-- деген  Ы.Алтынсарин  атамыз.Жүрексіз  өмір  болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз--ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.    
                           Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
                           Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
      Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,
      Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

   Хормен барлығы:
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық. 
Аяулы  ұстаздардың  бұл  мерекесін  
Барлығымыз  қуанып  қарсы  алайық!
                 Жанерке
 Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
 Жақсылықтың шырағы болып шағылар.
 Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
 Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.
                 
Шыңғыс   Армысыздар,мұғалімдер –әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.  Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді Би-билеп,әнде бүгін шырқалар.
Аружан
Ізгілікті өн бойына жинаған ,
 Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.
 Қалап берген ірге тасын білімнің, 
 Хош келіпсіздер-дүниеге сыйлы ұстаздар!
             
Берекет
  Әр жүйенің еңбекте   тірегісің,
  Тәрбиенің мектепте жүрегісің.
  Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ 
  Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.
Айда
  Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, мал бағып терін төккен шопан да,ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан тәлім- тәрбие алған,сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Ән: Хор. «Мұғалім ол біздің»
           

Мереке 
 Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз.

Нилуфар                                                                    
Анадай бесік тербеткен  
    Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.
    Суарып білім шәрбетпен
    Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Бекзат
    Үйретіп  өмір  ұстазым
    Үлгілі  іске нұсқадың
    Ақкөңіл ,іскер қашан да,
    Ақылшым –менің ұстазым! 
                   
Айдана
    Білдіріп  шәкірттердің  ақ  ниетін
    Ұстаздық  алып  жүрген  атын  еркін
    Біз  сізге  алуан  гүл ғып  ұсынамыз
    Жүректің  алғысы  мен  рахметін. 
              (Өздерінің  гүлдерін ұстаздарға  беріп, құттықтайды)  
                                       
Алмас
                      Шәкірттерін  азамат  қып  саналы,
                       Ұстаз  ана –дана  бола  алады,
                      Ең  бастысы  ұстаз  мына  өмірде
                      Ұлағат боп,ұлылық  боп  қалады.
Мұғалім:Ендеше  ұстаз  сөзінің  формуласы  қандай?(сол  сәтте  бес  оқушы  шығып ұстаз  сөзінің   формуласын  көрсетіп  айтады)
Ұ – ұлағатты
  С – салмақты
 Т – тапқыр
 А – ардақты
 З – замандастай  зиялы
      Ән: «Ұстазым» (хор)
                                   Динара
Ұстаз  болу –жүректің  батырлығы
Ұстаз  болу –сезімнің  ақындығы
Ұстаз  болу  мінездің  күн  шуағы
Азбайтұғын  адамның  алтындығы
                                                      

 Асхат
                     Ұстаз  мейірі  мен  ана  мейірімі  егіз
                     Ұстазы  бейілді  болса,  
                     Шәкірті  зейінді  келеді
Өмірдің  діңгегі—ұлы ұстаз.
                           Асия
                    Мұғалім! Бұл адамның  ардақты  аты ,
                    Білімдік бар биікке  шығар  саты
                    Ең  алғаш  басталады осы  адамнан,
                    Сүйеді  сондықтан да  жақын  жатты
Асхат
                    Жайраңдап көктемім
                Күледі көкте күн
 Құшағын жайып
  Аяулы мектебім
Санама нұр құйған 
  Ұстазым көп менің.
Атабек
Сөз сөйлесе,жарқын-ақ
Күніміздей жарқылдап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой- сананы ,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.
         Жұпаргүл
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе 
Өнеге мол өзіңе
Өсиет көп өзінде 
Көзімнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кеңпейіл 
Ұстаздарым осындай.
Нұржау
Қоңырау дауысы сыңғырлап құлаққа,
Естіледі,тынбады созылды ұзаққа.
Жүректі тербеді,сезімді серпілтіп
Мектепке ұмтылдым,жүрсем де жырақта.
Нұрдәулет
Мынау менің сезгенім 
Ол—сыныптың анасы
Өзінің де,өзгенің
Баласы—оның баласы
     Нұрхат                                                                                                                Күнде бестік алсаң сен
Онда басқа жоқ арман
Ал, оқымай барсаң сен
Бір тал шашы ағарған.
     Азада
Әліппені қолға алып 
Әріпті алғаш таныдық 
Талай тоқсан толғанып 
Сырын ұқтық қанығып
Ерасыл
Ардақты менің ұстазым
Әліппені оқытқан
Білімнің кілтін ашатын
Кеудеме сырды тоқытқан.
Аяулым
Білімді де зейінді
Білмейтін еш кеюді
Ұстаз болам мейірлі.
Білетін бар өнерді ,
Білгір сөзі мәнерлі, 
Ұстаз болам өнерлі.
Зерттеп терең ғылымды 
Зерлеп ерен ілімді.
Ұстаз  болам білімді.
Көп шәкіртті баламдай
Көретін,ой санам бай.
Ұстаз болам анамдай! 
Мұғалім:Сүйікті ,парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып 
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек
Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет
Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!--
деп,Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына деген сезімін осылай білдірген екен.
       Мұғалім:Келесі кезектіұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
       Берекет
Ұстаздық—ұлы  құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
                         
 Мереке
Мұғалім—оқушы  үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
                           
Айда
Мұғалім—өзінің  білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
                           
Шыңғыс
Мұғалім—өзінің  бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.
                       
Аружан
Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз!
  Нилуфар
Көрдім де соларды-қызықтым  ісіне 
Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол—Ана! 
Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай,
Ұстаз кім?Мұғалім ол—дана!
Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана
Ұстаз ба?Ұстаз ол—ер диқан.
             Қожахмет
Ұстаз кім—ол  зергер,дәрігер,қайраткер.
Ойында оның ел болашағы сайрап тұр.
Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған.
Ертеңгі ғалым,президент,не маман,
Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс те
Мұғалімге де нарық салып салмақты
Мойымайтын дархан тұлға
Ұстаз ғана емес пе?    

Мереке
Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

Бәрі (Хор)
Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Енді концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар!
1. «Анашым»әні.                      Төребеков Б  
2. «Ана туралы жыр»әні. Тилеубай Б. Базарбай Ш
3. Би. Нурадин М
4. Би. Джолова А
Осымен ұстаздарға арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңыз  үшін көп  рахмет.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!