400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ұстаз ұлы есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Оқушыларға ұстаз-екінші ана екендігін түсіндіре отырып, ұстазымызды құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу. Мерекелерімен құттықтау.

Көрнекіліктер: Плакаттар,газеттер.

Жүргізуші:

Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында,

Барып қайт,салқын жаулау малды ауылға.

Бір жер бар Қарасаз деп аталатын,

Көресің жолың түсіп барғаныңда-деп ақиық ақын Мұқағали атамыз жырлағандай,ақын да шыққан, батыр да шыққан киелі Теректі топырағына қош келіпсіздер!

Бәрі бірге: Құттықтаймыз мерекемен,құрметті ұстаздар!

Ә.Еспаевтын «Ұстазым» әні хормен орындалады.

1-оқушы.

Мектеп-кеме,білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

2-оқушы:

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы,мақсаттары,

Оқудың сәулесінен жарық көрді.

3-оқушы:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфабитті алғаш сенен жаттадым,

Ұстаз –ана,естен кетпес мәңгілік.

Мейіріммен арқамыздан қаққаның.

4-оқушы:

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттеркін сүйген таза көңілден.

Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда,

Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

Ұ.Жолдасовтын «Бала тілегі» әні.

5-оқушы:

Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттын қағаз,қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

6-оқушы:

Беруші ең бізге айтып өлең-тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

7-оқушы

Көзімдегі шырағым,

Ол өзіңсің мұғалім.

Сене жиған білім-нәр,

Нәрсені мол ұғамын.

Би: «Шөжелер»

8-оқушы:

Зәулім де асқақ шынарым,

Жүрек жылы жыр-әнім.

Ұлы бейнең-тұғырлы,

Ақылшы бек –мұғалім.

9-оқушы:

Тек биіктер шырағым,

Ақылшы дос мұғалім.

Жаныма серік етемін

Білімнің қайнар бұлағын.

Көрініс: Тілдің шұбарлануы.

10-оқушы:

Жүзің жылы,құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңнен,

Биіктерге шығамын мен.

11-оқушы:

Ұстаз деген-сырлас данам,арлы щың,

Шәкіртінен аямаған бар күшін.

Бұл өмірде адам болып қалуың,

Ұлы адамға шексіз-шексіз алғысым.

12-оқушы:

Білімнің кәсар бұлағын,

Жүресің құйп санама.

Біз үшін сенсің-мұғалім,

Ұстаз да,ғалым,дана да.

13-оқушы:

Көзге ыстық көрінер,

Оқулығы партасы

Оқу қызық болғаны,

Мұғалімнің арқасы.


Кеш соңында «Ұстазым» әні хормен орындалады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі