Тақырыбы: «Бір шаңырақ
астында»
Мақсаты:Балаларға Қазақстан
Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан
келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа
ұлт өкілдерінің мәдениетін,әдеп-ғұрпын сыйлауға үйрету.Қазақстандық
патриотизмге,елін,жерін сүюге және халқын құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Плакатқа жазылған
тақырып,қанатты сөздер,гүлдер,шарлар.
Жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір
тастайық
Мамырдай мерекені біз
бастайық.
Жүздеріңмен көрем шаттық
арайын
Болсын солай әрбір күнің,әр
айың,
Құрметті ата-аналар,қонақтар
1- мамыр халықтардың достығы күні құтты
болсын!
Бірлігіміз ешқашан ажырамай,
ынтымақты болайық! Бүгінгі «Бір шаңырақ астында » атты
ертеңгілігімізге қош келдініздер!
Мерекелік құттықтау сөз
кезегін балабақша меңгерушісі : Арынғазина Даурия Мақсұтқызына
береміз.
Балалардың мерекелі
тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1-Аянұр.
Мамырдың бірі,достық
күні,
Ән салып билеген халықтың
үні
Тұтасып тойлаған ұлттардың
бәрі.
Керемет мерекесі мамырдың
бірі.
2-Айғаным
Достық-шырағымыз
Достық
–ұранымыз
3-Жансая
Достық
туымыз
Достық
әніміз
4-Бақдәулет
Бейбітшілік
әніміз
Бауырласпыз
бәріміз.
5-
Ер жүрекпіз
қазақпыз
Бауырласпыз
бәріміз
Қазақстан
даласында
Жарасады
сәніміз
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеге ән
салайық!
Ұйғыр халық биіне
тамсанайық,
Мың бұралып билеген
бишілер
Алғыс айтып,мерейленіп қол
соғайық.
Би: «Ұйғыр
биі»
Жүргізуші:
Жер-анамыз жасайды тарлық
кімге,
Кетпеу үшін мәңгілі қалқып
түнде
Қайталанып,жаңарып
айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық
тілде,-дей отырып, әнге кезек береміз.
Ән : «Ағайынбыз бәріміз»
орындайтын: Қайырғазы Кәусар
Жүргізуші:
Байлықтың ең үлкені-халықтар
достығы,-дей отырып келесі кезекте «Орыс» биін
тамашаланыздар.
Жүргізуші:
Елім менің, жарқыраған
,жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы
сайраған.
Елім менің биіктігі
шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың
самғаған!
«Қазақ»биі
Жүргізуші:
Ортақ бізге бір
отан,
Ортақ жердің
байлығы
Еңбек ортақ,жер
ортақ,
Ортақ бізге
барлығы.
Хор:
«Достық»
«Ел бірлігі-ең асыл
қасиет.Бірлік,ынтымақ,сабырлылық пен парасаттылық,ең алдымен
өзімізге- қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз
айтқандай,көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі-Қазақстан
халықтарының бірлігі.
Тілі басқа тілегі бір
біргеміз
Өздеріңмен жүздесеміз күнде
біз
Мақсат ортақ,бейбітшілік ұран
боп
Татулықтан бұзылмасын
іргеміз-дей келе ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.