Материалдар / тәрбие сағаты "Ұстаздың ұлы қабілеті"

тәрбие сағаты "Ұстаздың ұлы қабілеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мерекесіне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың мақсаты: Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз оқушы арасындағы байланысты нығайту,оқушыға рухани тәрбие беру. Сабақтың түрі: әдеби- музыкалық бағдарлама Әдіс-тәсілі: Өлеңдер оқу, тақырыпқа байланысты әндер айту Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер. Мұғалім сөзі: Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз - Ұстаздар күні де келіп жетті. Ұстаз сөзінің ұғымы өте кең. Оның негізгі мағынасы:жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып,өзгені де бақытты етуге тәрбиелеу.Яғни ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, айналасына білім-тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ойшыл тұлға. Тәрбие сағатын «Жарқын жүзді ұстазым» әнімен бастаймыз. 1-жүргізші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз мұғалімдер мерекесіне жиналып отырмыз. 2-жүргізуші: Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға береке,шығармашылық табыстар тілейміз. 1-жүргізуші: Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! 1-2-жүргізуші бірге: Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық Аяулы ұстаздардың мерекесін Барлығымыз қуанып қарсы алайық! 2-жүргізуші: Халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деп бекер айтпаған. 1-ж: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, Ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің Еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз. 1-студент Ұстаздарым, биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, ұстаздарым баршанды.

2-студент: Үйретіп өмір ұстамын, Үлгілі іске нұсқадың Ақ көңіл іскер қашанда Ақылшым менің –ұстазым 3-студент: Көзімдегі шырағым Ол – өзіңсің мұғалім Сенен жиған білім-нәр Нәрсені мол ұғамын. Зәулім де асқақ шынарым Жүрек жылы жыр-әнім. Ән: «Ұстазым» (Д.Қырықбаеваның орындауындағы ән)/2/ 4-студент: Тек биіктер шығарым Ақылшы бек мұғалім Жаныма серік еткенмін Білімнің қайнар бұлағын. Кеңейтіп сана түлеткен, Өшер ме есімің жүректен? 5-студент: Құйылады жыр ағын Көптен дара пырағым Құтты болсын мерекең Заңғар тұлға мұғалім! 1-ж:Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік! М - мейірімді Ұ- ұлағатты Ғ- ғазиз А- ақылды Л- лайықты І- іскер М- маман 1-студент: Білімнің кәусәр бұлағын, Жүресің құйып санама, Біз үшін сенсің-мұғалім, Ұстаз да,ғалым дана да. Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын. 2-студент: Шәкірттерін азамат қып саналы Ұстаз-ана , дана бола алады Ең бастысы ұстаз мына өмірде Ұлағат боп, ұлылық боп қалады Ұлы өмірге жетелеп, Ашқан білім есігін. Құрметтеік мәпелеп, Ұстаздардың есімін. 3-студент: Мұғалім,ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін.

1-ж: Көріністі тамашалаңыздар! Мұғалім: Ертеде бір ханның жалғыз қызы қатты ауырып қалыпты. Қызын емдеп жазған адамға ат басындай алтын беремін деген хан бұйрығын естігендер жер-жерден келіп қызды емдемекші болады. Бірақ ешбірінің емі қыздың дертіне дауа болмайды. - Биші де келеді - Күйші де келеді - Әнші де келеді - Дәрігер де келеді - Бұл хабар ұстаздар еліне де жетеді. Әліппесін құшақтап ұлағатты ұстаз келеді. Ол қызға іші ілім-білімге толы әліппе оқулығын ұстатып, 42 әріппенен таныстырып, «оқу» атты жарық дүниенің есігін ашады. Міне сол уақыттан бері мұғалім адамзат баласына саналы да сапалы білім беріп, жан-жақты дамытып,жақсы қасиеттерге тәрбиелеуде. Екеуі қосылып «Үйретеді мектепте» /3/ әнін орындайды. 2-ж: Құлақтан кіріп бойды алар, Тәтті ән мен жақсы күй. түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай,әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға қуат береді. «Ұстазым менің ұстазым» әні орындалады./2/ 1-студент: Әр адамға құрметпенен қараған Өз бойынан мол ізгілік тараған. Талап пенен тәртіпті тек ту етіп, Осы өмірге мұғалім боп жаралған. 1-ж: Ұстазым екінші анам аялаған, Біздерден бар білімін аямаған, Оқысын,білім алсын,үйренсін деп, Таңертең күнде құшақ жаяды алдан. /4/ Ендеше ұстаз апайларға,яғни екінші аналарымызға келесі әнімізді арнаймыз. «Ана туралы жыр» сөзі: Ғ.Қайырбеков, әні:Ш.Қалдаяқов./5/ 1-студент: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман./6/ 2-студент: Жанымды менің жайнатып, Баураған өзің- мұғалім. Өзіңмен бірге таң атып, Өзіңмен бірге шығар күн 3-студент: Сабақтан еш қалмаймыз, Сонда гүлдей жайнаймыз. Ұстаздардан үйреніп, Биіктерге самғаймыз. 4-студент: Білімін құйған санама, Ұқсайтын асыл анама. Мектептегі бар ұстаз, Лайық ең зор бағаға. 5-студент: Ұстаз деген бір тұлға, Ең қадірлі мамандық. Мұғалімге, ұстазға Біз тілейміз амандық. 6-студент: Ұстаздар - ұлттың тірегі, Ұстаздар - мектеп жүрегі Ұрпаққа жетер ұстазбен, Халықтың ұлы тілегі./7/ Оқушылар хормен: «Мұғалім ғазиз,мұғалім» әнін орындайды. Екеуі хормен: Қара сөздің дауылы, Құрмет еткен ауылы Сыйымызға риза бол, Мұғалімдер қауымы! Мұғалім: Қорытынды: Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн щуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы. Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын./8/ Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаздың ұлы қабілеті» атты мерекелік сабағымыз аяқталды.











































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ























ТӘРБИЕ САҒАТЫТақырыбы: «Ұстаздың ұлы қабілеті»











































Семей, 2016
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ