Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты: "Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем! "
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
ЖЖЕ Тақырып: «Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары
Өткізген: Гизатова А.Н.
Сынып: 6 «Б»
2024-2025ж
Күні: 07.10.2024ж
Сыныбы: 6 Б
Тақырыбы: Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Мақсаты: Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: пікір алмасу, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу
Ән ұран орындау
-
Кіріспе сөз
Жүргізуші:
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз!
Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «Ана тәрбиесін көрген»деген сөздермен ұштасып жатады.
Армысыздар, ардақты ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Баршамыздың сауатымызды ашып,
білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар,
мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты
ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын
да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен
шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім
үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
Мерекелеріңізбен!
Психологиялық тренинг:
Қызығушылық ояту
«Ұстазға теңеу». Оқушылар сіздер ұстаздарға қандай теңеу сөздерін айтар едіңіздер
Ұстаз – ұлы есім Ұстаз – мектептің жүрегі
Ұстаз – ана Ұстаз – дана
Ұстаз – бағбан Ұстаз –жарық
Ұстаз – тәрбиеші Ұстаз – нұр
Ұстаз – білім беруші Ұстаз – күн
Ұстаз – ақылшы Ұстаз – сенімді дос
Ұстаз – гүл Ұстаз – қамқоршы
Ұстаз – мейірімді жан
Жарайсыздар
Жүргізуші :
Ұстаз деген-жарқын күні ғаламның,
Ұстаз деген- анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бүкіл әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Оқушылардың ән жолдауы: Хор: Ұстазым.
Жүргізуші :
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрер кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген- ұлылылардың ұлысы.
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!
Өлең шумақтары:
1-оқушы:
Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны бала қамы.
Шәкірттен ұстазыма мың сан алғыс ,
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы!
2-оқушы:
Ең аяулы есім ғой “Ұстаз” деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана берем.
Әңгімелеу:
- Қане, балалар, бүгін ұстаз туралы әңгімелесейікші. Әңгімеміз түсініктірек болуы үшін мен сендерге « Өнерлі жігіт » аңызын оқып берейін.
Өнерлі жігіт Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан: - Күніне қанша табасың? – деп сұрайды. - Екі дирхемге жетер-жетпес қана. - Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер: - Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.
-
Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді?
-
Не үшін?
-
Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар?
-
Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Арине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.
Постер қорғау:
«Мен жақсы бала болу үшін…» қандай бала болуымыз керек?
Күн тармақтарына озіміздің жақсы бала болуға керекті қасиеттерімізді толтырайық.
Мысалы: рухани бай адам,білімді адам,өзіне сенімді бала,еңбекқор бала,…болуымыз керек.
Қорытынды:
Ұстаз ақыл-ойы мен күш- қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. .Өйткені, ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан, болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып, қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе ,
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
ЖЖЕ Тақырып: «Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары.
Көлік құралына жолдың оң жағындағы жол жағалауына, ал жол жоқ болғанда жүріс бөлігінің шетіне аялдама жасауға жəне тұруға рұқсат етіледі (12.1-сурет).
Елді мекендерде əр бағыт үшін бір-бірден қозғалыс жол жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда жəне біржақты қозғалысты жолдарда жолдың сол жағына аялдауға жəне тоқтауға рұқсат етіледі. Рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 т. артық жүк автомобильдеріне біржақты қозғалысты жолдардың сол жағына аялдауға жүк тиеген немесе түсірген кезде ғана рұқсат етіледі (12.2- 12.3-сурет).
Көлік құралдарының пішіндемесі (жүріс бөлігінің кеңейтілген жері) көлік құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкіндік беретін орындарды қоспағанда, жүріс бөлігінің шетіне праллель бір қатарға қоюға рұқсат етіледі. Жүріс бөлігімен шектесетін, оған толықтай жəне ішінара кіретін табанжолдың шетінде, егер бұл жаяу жүргіншілер қозғалысына кедергі келтірмейтін болса, жеңіл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге жəне велосипедтерге тоқтап тұруға рұқсат етіледі.
Елді мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу жəне сол сияқты мақсаттарда тұруға арнайы көзделген алаңдарда немесе жолдан тысқары жерлерде рұқсат етіледі.
Аялдама жасауға:
егер бұл трамвай қозғалысына кедергі жасайтын болса, трамвай жолына тікелей жақын жерде;
теміржол өтпелерінде, үңгіжолдарда, сондай-ақ эстакадаларда, көпірлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшін кемінде үш жол жолағы болса) жəне олардың астында;
егер, аялдаған көлік құралы мен тұтас таңбалау сызығының (жүріс бөлігінің шетін белгілейтіннен басқа) немесе жүріс бөлігінің қарама-қарсы шетімен, немесе жүріс бөлігінің қарама-
қарсы шетінде тұрған көлік құралымен арақашықтық үш метрден аз болатын жерлерде, көлік құралдарының қозға- лысына кедергі тудыратын болса (12.4- сурет);
жаяу жүргіншілер өткелінде жəне оның алдында бес м. жақын жерде;
ең болмағанда бір бағыттағы жол көрінуі 100 м. кем болған кезде қауіпті бұрылыстың жақын жүріс бөлігінде жəне жолдың ұзына бойлық дөңес құлдималарына жақын жолдың жүру бөлігінде;
жүріс бөлігінің қиылыстарында жəне бүйір өтпенің қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе айырым жолақтары бар үш жақты түйісу (қиылыс) жағын қоспағанда, қиылысатын жүріс бөлігінің шетінен 15 м. жақын жерде;
аялдама алаңынан, ал ол жоқ болғанда, егер бұл олардың қозғалысына кедергі туындататын болса, бағдар көлік құралдары немесе такси аялдамасы көрсеткішінен 15 м. жақын жерде;
көлік құралдары басқа жүргізушілерден бағдаршам белгілерін, жол белгілерін тасалайтын немесе басқа көлік құралдарының қозғалысына (кіруіне немесе шығуына) мүмкіндік бермейтін немесе жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін кедергі келтіретін жерлерде;
гүлзарларда, көгалдарда, балалар жəне спорт алаңдарында тоқтауға тыйым салынады
Тұруға тыйым салынады:
тұруға тыйым салынған жерлерде;
бұл үшін арнайы бөлінген, тиісті жол белгілерімен жəне нұсқағыштармен белгіленген орындардан басқа, елді мекен- дердің жолдарында жəне көшелерде;
стакадаларда, көпірлерде, жол құбыр- ларында;
елді мекендерден тыс жерлерде жолдың 2.1. белгісімен белгіленген жүру бөлік- терінде;
теміржол өтпелерінен 50 м. жақын жерде (12.5-сурет);
егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызатын болса, қозғалт- қышы іске қосулы механикалық көлік құралдарына;
гүлзарларда, көгалда, балалар жəне спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады.
Тоқтауға тыйым салынған жерде мəжбүрлі тоқтаған кезде жүргізуші көлік құралын ол жерден əкетудің мүмкін болатын барлық шараларын қолдануға міндетті.
Жүргізуші жол жүрісіне, басқа қатысушыларға кедергі жəне қауіп төндірмейтіндігіне көз жеткізбейінше, көлік құралының есігін ашуға, оларды ашық тастап кетуге немесе жолдың жүру бөлігіне шығуға тыйым салынады.
«Ұстазым, ұлағатым үлгі өнегем»