Материалдар / Тәрбие сағаты «Уақытты тиімді пайдаланып, жетістікке жету»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты «Уақытты тиімді пайдаланып, жетістікке жету»

Материал туралы қысқаша түсінік
Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау мақсатында құрылған «Уақытты тиімді пайдаланып, жетістікке жету» атты тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
315
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: Д.Т.Шабикова

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мұғалімнің аты-жөні:

Танашева Г.У.

Пән/Сынып:

10ә

Күні

29.01.24

Сабақтың тақырыбы:

«Уақытты тиімді пайдаланып, жетістікке жету»

Құндылық

Талап

Сабақтың мақсаты:

«Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау»

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут

Басы

Амандасу

Ой қозғау:

Мұғалім: Әр минутты бағалай білу қазіргі кезде өмір, еңбек қарқыны жеделдетіліп, ақпарат пен Білім көлемі артқан кезде өте маңызды.

Бір минутта не істеуге болады?

Топқа бөлу

Flippity платформасы арқылы топқа бөлу

Бір минутта қандай өзгерістер орын алады?

Спортта әлемдік рекордты жаңартуға болады

Ғалам

Жер бетінде 250 адам дүниеге келеді

Жер бетінде 960 млн тонна су буланады.

Рекордшы жануарлар бір минутта…

Қабылан бір минут ішінде 2 км жүгірсе, қаршыға 5 км ұшады. Ал калибри құсы 60 секундта 4000 рет қанатын қағып үлгереді.

Адам көзі

Адам қалыпты жағдайда бір минут ішінде көзді 12 рет ашып жабады.

Желі қолданушылары

Әлемде Фейсбук қолданушылары 25 млн пост жазып үлгерсе, бір минут ішінде Инстаграм желісіне 216 мың фото жүктеледі. Ал Google 4 млн сұраққа жауап ізделінеді.

Рекордты табыстар

Минут ішінде ірі технологиялық компаниялар адам сенгісіз табысқа қол жеткізіп отырады. 8 секундта Apple 10 000 доллар, Samsung компаниясы өз пайдасына 7 000 доллар кіріс алып келсе, Twitter 170 доллар жоғалтқан. Албір минут ішінде Nike компаниясы бір минутта 36 000 $, Билл Гейтс 23 000 $, Марк Цукерберг 21 000 $ табыс табады.

Міне, бір минут қанша тұрады! Уақытты пайдасыз өткізуге болмайды. Уақыт сезімін дамыту, оны ақылмен пайдалануды үйрену маңызды.

Уақыт   - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды.

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты – мың теңге болса, енді біреудікі – бір тиын!

«Бір минут» әдісі «Мен бір минут ішінде үлгере аламын....»

Амандасу


Оқушылардың жауаптары


Flippity платформасы

Қошемет


Стикер








(экранға назар аударыңыз) слайдтарды көрсету.

35

минут



Ортасы


Ендігі кезекте сабақты әрі қарай сіз білетін адамдардың бірнеше портреттерін көрсетуден бастағым келеді осы адамдарға мұқият қарап, олардың арасында қандай ортақ нәрсе бар екенін айтыңыз? Оларды не біріктіреді?

Жетістікке жеткен тұлғалардың фото суреттері

Уақыт – адам өміріндегі ең басты құндылық. Оны тиімді пайдалану – бүгінгі күні жетістікке жетудің бірден бір жолы.

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір - ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін - өзі қадағалап отырады. Өзіне - өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт - еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.

Бейне ролик Тайм менеджмент: барлық іске үлгеру үшін уақытты қалай жоспарлау керек?

Табысты болуға шабыттандыратын әдеттер адам баласын алға жетелейді. Ішкі эмоцияларды басқарып, сізді әрекет етуге дайындайды. Дей тұрғанмен, жетістікке жету, өмірді жеңу — оңай шаруа емес. Ешбір адам аспаннан салбырап түсіп, табысты болып кетпейді. Ол үшін әр күнгі, әр сәттегі әдеттерімізге мән беріп әрeкeттeрдi дағдыға айналдыруымыз қажет.


Жұптық тапсырма

1-топ Тапсырма

Жетістікке жетелейтін

7 әдет.

Жетістікке жетуге кедергі келтіретін

7 әдет.

Ұйқыдан ерте тұру





2-топ тапсырма Табысты адамның қалыптасуында үлкен рөл атқаратын ресурстарды ұсыну қажет. Ресурстар ішкі және сыртқы болып табылады. Табысты болуға көмектесетін ресурстар

Сыртқы ресурстар

Ішкі ресурстар





Күнделікті өміріңізге енгізіп, табысты тұлға (жан-жақты) болыңыз.

- Уақытты тиімді, жоспарлы пайдалануды күнделікті дағдыға айналдыру.

- Күнделікті мақсаттарыңызды, жоспарларыңызды белгілеңіз және орындаңыз.

- Демалыс пен ұйқыны ұйымдастыру.

- Көп кітап оқу

- Спортпен шұғылдану

- Тағы бір маңызды нәрсе, өзіңізді жақсы ортамен қоршаңыз

- Өз-өзіңізді бағалаңыз, бірақ әрдайым қарапайым болыңыз;


Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!
АБАЙ.

Шығармашылық тапсырма Топтық тапсырма

Әр топқа белгілі бір қаражат беріледі. Сол қаражатқа бизнес жоба құрастыру.

«Қайтарымсыз 5 миллион грант»

Тапсырма: Болашаққа хат.

10 жылдан кейін өзіңді қалай елестетесің?
































Оқушылардың жауабы



Слайдтар














https://www.youtube.com/watch?v=eHYzlHdAe5c















Қима қағаздар





5минут



Кері байланыс

Рефлексия

Сағат тілімен сабақтың қаншалықты тиімді өткенін көрсетіңіз

15.00 - Уақытты босқа өткіздім.

18.00 - Қызықтырған дүниелер болды.

09.00 - Көп нәрсе ұнады, пайдалы болуы мүмкін.

12.00 - Жаңа идеялар алдым.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!