Тәрбие сағаттың тақырыбы:
Ынтымақты елде Күн
шуақ.
Сабақ мақсаты: Қазақстан
Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең
құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың
салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт -
саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға
салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа
қырларын ашу.
Тәрбие сағаттың көрнекілігі:
Суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері, ұлттық
тағамдары.
Тәрбие сағаттың
барысы:
1
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар,
ұстаздар мен құрметті ата - аналар қауымы. Бүгінгі біздің
«Ынтымақты елде Күн шуақ - деп аталатын мәдени - мектеп ішілік
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2 ж:
Жаса елім, жаса достық
бірлікпен, Көштен қалма, қалма және тірліктен. Елім менің –
Қазақстан Отаным, Алға өрле үшінші мың жылдықпен Тек достықпен,
өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп
жариялаймыз.
1 ж:
Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар,
дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің
осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл
өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз
жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп,
жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде.
Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық
тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің
арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін
білдіреді
2 ж:
Кезекті достық туралы
өлеңдерге берейік.
1 ж :
Ақ, қара деп алдымен, Елім
бөлмес адамды, Дәстүр, өнер, салтымен Таңқалдырған
ғаламды.
2 ж :
Жырласа Қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан. Дос жүректер біріккен, Мейірлері
жарасқан.
1 ж :
Қадірменді бір досымыз-
өзбегім, Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім. Өз сөзімдей жаңға жайлы
сөздерің, Өз көзімдей күлімдейді көздерің. Дәм тұзымыз араласпыз
әріден, Дастарқандар жайылады сәнімен. Палауыңмен бесбармағым
сыбайлас, Кезек жейміз алма, өрік
дәміңнен.
Өзбек
биі.
2 ж : Кім сүймейді ет жақынын,
туысқанын, Орыс халқы туысымның бірісің. Тұрды биік туымыздай бұл
достық, Ел басына төнгенде де ұлы сын
Орыс
биі.
1 ж : Жолым түсіп, тағдыр
талап, Кәріс досқа болдым қонақ , Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.
Кәріс
ұлты:
1937жыл
еді. Поезд жүйткіп келеді. Терезеден тұрмын қарап таңдана: Дала,
дала, кең дала. Содан кейін азаптан торыққаным есімде, Содан
кейін қазақтарға жолыққаным есімде. Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,
Құрмет қылып ән салғаны есімде. Жоқ, ұмытпан, ¥мыта алман жандарды
ол, Достықтың отымен жүрегімді жылытқан. Қазакстан! Гүлстан!
Ғажапстан! Күнстан! Жеттім сенде арманыма аңсаған. Қарыздармын. Бас
иемін мен саған. Бас иемін сенде туып,Сенде
ержетіп оқыған, Саган келіп ес жинаған өзімдей
Кәрістердің атынан.
Кәріс
биі.
2 ж : Грузия – жайқалған жасыл
орман. Жасыл орман – мәңгі жасыл арман. Шетінен ойшыл келер
армандары Қойнында сан ұрпақтың жасы
қалған.
Грузин
биі.
Қазақ ұлты
өкілдері.
Оқушы:
Кім білмес қазағымның қою
шайын, Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын. Ақ тілекпен әрбір
келген қонағына, Құрметпен шығаратын төрі дайын. Келіңіз ұсынамын
төрден орын, «Досым» деген адамға міне қолым. Әр қазақтың жүрегінде
осы тілек, Адамзат, оң сапарда болсын
жолың.
Қазақ
биі.
1 ж : Бірлігі мен ынтымағы
халықтың, Көзімізде жарқырайды жарық күн, Ырыс, дәулет, бақыт үшін
халықтың, Жайнай берсің, жайнай берсін жарық
күн.
2
ж:
Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы
қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.
1 ж
:
Достық бізге тым ыстық, Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз, Жаса, жаса
тыныштық .
2 ж: Осымен мерекелік
кешімізді аяқтаймыз , назарларыңызға
рахмет.
«Достар»
әні.