400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ " 6 А класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі класс жетекшілерге қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып:  "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ "

 Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

 Сабақтың әдісі: түсіндіру, пікірлесу.

 Сабақтың барысыда талқылайтын сұрақтар:

1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?

 2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар

 3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?

 4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?

 5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай? 

 6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек?

 7.Тәрбие сағатын анкеталық сұрақтармен қорытындылау.

 Кіріспе сөз:

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ ".  Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.  Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.

Сонымен қатар Адам саудасы дүниежүзі бойынша кірісі жағынан үшінші орында тұр және ол барлық елде етек жайған. Әсіресе, адам саудасы құрбандарының жасарып бара жатқаны әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты. Соңғы жылдары адамдарды сату деректері күрт өскен. Жыл сайын оның құрбандарының саны төрт миллионға жуықтайды.

 1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?

1-оқушы 

Зорлықбалалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.

2-оқушы Зорлық-зомбылық құқықта

  «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.

2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар

3-оқушы 

Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

 Мұғалім:

 Объективті факторларға сәйкес, еліміз адам саудасы құрбандары келетін, тұратын және транзит елдердің қатарына жатады. Адамдарды сату, пайдалану, азғырып-көндіру, тасу, жасыру әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізіледі. Бұл – адамдардың өмір сүруге, бостандығына, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады. Сарапшылардың зерттеуі бойынша, әлемде 2-4 млн. адамдар адам саудасының құрбаны болып келген.

3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?

4-оқушы 

Ондай адамдар қатарында кедей отбасынан шыққандар, басқа елге барып еңбек етіп, табыс тапқысы келетіндер, баспанасыз жандар, қараусыз қалған балалар, жетімдерді жатқызуға болады.

  Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты.

5-оқушы

Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологмясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.

4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?

6-оқушы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.

5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай? 

7-оқушы

*Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беуді көтермелеу.

*Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.

*Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу

 Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтрын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмастарды өткізу керек іс болып табылады.

  Мұғалім:

Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы көрініс және үрей тудыратын құбылыс болып саналады. Адам саудасы дегенде, әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау, азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді теріс сипатында көз алдымызға келеді.

6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек? 

8-оқушы

Лектордың ұсынысы бойынша ол: миграция қызметіне тіркелу, келісім-шарт жасасу, жұмысқа қабылдаушы ұйым мен тұлғалар жайлы хабардар болу, бөтен тұлғаларға ешқашан паспорт және өзге де жеке құжаттарды бермеу. 

Әрбір жанашыр тұлға, қоғам мен мемлекет болып осы бағытта күш біріктірген жөн.

*Балаларға қамқорлық жасау,

*баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес,

сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті. 

 Қорытынды. 

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу мемлекеттің сонымен қатар жекеленген әрбір адамның міндеті.

*2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.

*Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

*Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады, оған есім және азаматтық беріледі.

*Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

*Әр баланың өзінің пікірі, ар-ождан, дін еркіндігіне құқығы бар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
3913
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі