Материалдар / Тәрбие сағаты:"Адамгершілік - асыл қасиет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты:"Адамгершілік - асыл қасиет"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
507
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ







Сынып сағатының тақырыбы:


«Адамгершілік – асыл қасиет»

5 «Ә» сынып







Сынып жетекші:Кашкынбаева Н.Т






2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет

Мақсаты:

Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету; Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мақал - мәтелдер, суреттер, ырым- тыйымдар.

Барысы:

«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.

Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )

Ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?

2.  Суреттер бойынша әңгімелету.

- Балалар енді мына суретке назар аударайық. Жаңа аталған адамгершілік қасиеттерінің қайсысын көруге болады?

Адамгершіліктің қарапайым қағидалары: қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, дінін сақтау, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.

Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші  адам үлкен кісіге сәлем ермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік.

Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау - халықтық дәстүр, әдеп. біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз..

Сондай ақ күнделікті өмірде қолданылатын сиқырлы сөздер де бар, біз оны жиы айтамыз.

Сұрақ-жауап.

- Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.

1. Адамға ақыл беретін кімдер? (ата-ана, дос, ұстаз)

2. Адамның ақылы қайда?

Ханнның ақылы тағында,

Әкімнің ақылы жанында,

Ғалымның ақылы басында,

Ананың ақылы жасында,

Жігіттің ақылы жақсылығында,

Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.

3. Дос табу оңай ма?

Өмірде ақылдыға дос табу қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп. Ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ адамның қастығы аяқ астында жатады.

4. Үйдегі алтын қазық кім?

Үйдегі алтынқазық – ана. Ана ақылды болса, ала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәриесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.

5. Өмір сүру үшін не қажет?

Адам өмір сүруі үшін – су, от, тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл – мәнін береді.

6. Достықты нығайтатын не? Достық пен жолдастықты нығайтатын ынтымақ, ірлік, теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.

4. Мақал – мәтелдерді жатқа айту.

- Балалар осы бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны тыңдап көрелік.

Оқушылар кезекпен кезек өздері жаттаған мақалдарды айтады.

5. Ырымдар мен тыйымдар.

Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.

2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

3. Дастарқанды, тамақты баспа.

4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.

 

Мұғалім: Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту.

Адамда асыл, игі қасиеттермен қатар жағымсыз жаман қасиеттері де болады. Олар қандай қасиеттер? (Ызақорлық, қызғаншақтық, жалқаулық, ұрлық, өтірік айту, ұқыпсыздық, өзімшілдік).

Қорытынды.

Сонымен балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке  басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.

Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп сыйлау керек.

- Осымен сынып сағатымыз аяқталды.  Сау болыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!