400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Тәрбие сағаты."Әдептілік - адамгершіліктің алтын діңгегі".4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты."Әдептілік - адамгершіліктің алтын діңгегі".4-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік-адамгершіліктің алтын діңгегі»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке ,әдептілікке,қарапайымдылыққа,кішіпейілділікке,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу,өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып,әдеп әліппесін дарыту.

Сабақтың түрі:Топтық,ұжымдық.

Әдіс тәсілдері:Сұрақ-жауап,көрініс көрсету,баяндау,ой толғау.

Көрнекілігі:Өсиет сөздер,мақалдар,адамгершілікке байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру,әнұран.

1-жүргізуші:Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар.

2-жүргізуші:Армысыздар,құрметті қауым!

Хормен:Ұқыпты барлық ісіне, Көрсетіп көмек кішіге,

Азамат болып өсейік. Үлкенге сәлем берейік.

1-жүргізуші:Біз 4 «А» сынып оқушылары «Әдептілік-адамгершіліктің алтын діңгегі» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз.Адам бойында жақсы да,жаман да қасиеттер болады.Жақсыны ана сүтімен,бала тілімен бойға сіңіреміз.Ал жаман ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысамыз.

Хор: «Біз әдепті баламыз»

1-оқушы: 2-оқушы:

Сыйлап сәлем береміз, Тағам дәмді тұзбенен, Көршілерді көргенде. Үйдің сәні қызбенен.

Ізетті де білеміз, Деген сөзді естігем,

Үйге қонақ келгенде. Қыз боламын есті мен

Әдепсіз деп сөкпесін, Тазалықты қалаймын,

Анама айтып өкпесін. Үйдің ішін жинаймын

3-оқушы: 4-оқушы

Әдептілік –бұлақтай, Ата-ананың тілегі адам болып өскенің,

Тазалығы арының. Адамдықтың тірегі-адал болып өскенің.

Өлшемі ол сынаптай, Әдептілік дегенің әрқашан да керегің,

Бойындағы барыңның. Әсемпаздық дегенің әуре-сарсан әлегің.

5-оқушы: 6-оқушы:

Дөрекі сөз айтпаймыз, Тамақ ішер кезде біз,

Жақсы сөзді жақтаймыз. Сөйлемейміз,күлмейміз.

Сыйлап сынып қыздарын, Астан басқа өзгені,

Әдепті бала боламыз. Елемейміз білмейміз.

1-жүргізуші:Сонымен адам бойында жақсы,жаман қасиеттер болады екен.

Бізге ақылдылықты,қарапайымдылық пен кішіпейілділікті,инабаттылық пен шыншылдықты үлкендер үйретеді.Ол біздің ата-аналарымыз,ұзтаздарымыз.

2-жүргізуші:Қыздар-ай,қыздар-ай,қыздар-ай.

Қыздар деген әдемі ғой, әдемі

Әдемілік бізге көптік етпейді,дегендей біздің әдемі қыздарымыздың орындауында «Саржайлауым» биін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті.Әдепті болу әр баланың міндеті.Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп,аңсаған арманына жетеді.

2-жүргізуші:Абай атамыз әдептілік,адамгершілік жайлы көптеген өлеңдер,өсиет сөздер жазған.Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе де осы болған.

1-жүргізуші:Абай атамыздың қай шығармасын алайық адамгершілікке шақыру жетекші орын алады. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі « Бес асыл іс пен, бес қашық іс»жайлы білетінімізді ортаға салайық.

Көрініс: « Бес жаман іс»

1-оқушы: (Өтірік) Жаман нәрсе өтірік,

Алдап кетті иә деп.

Өсек айту көпіріп,

Одан асқан қиямет.

2-оқушы: (Өсек) Айыратын қақ бөліп,

Достарыңды суйкімді.

Маңайлатпа сақ болып,

Өсек деген итіңді.

3-оқушы: (Мақтаншақ) Үшінші дерт мақтаншақ

Бас өнері- тілінде

Осы бастан сақтансаң,

Қор болмайсың түбінде.

4- оқушы: (Жалқаулық) Төртіншісі жалқаулық,

Ерінгеннен ертен деп.

Еңбек етпей әр тәулік,

Бос сенделер ертең деп.

5-оқушы: (Қызғаншақ) Досқа жауап жаланы,

Жүрегіне ызғар сап.

Жүретұғын баланы,

Деп атайды қызғаншақ.

1-жүргізуші: Тәрбиенің асқары- Абай атам табынған.

Әдептілік бастауы бес асыл боп табылған.

2- жүргізуші: Көптің ойын бүрлетіп, әдеп жайын қозғасын

Бастайық соны улгі етіп, бес асылдан сөз басын.

Көрініс: «Бес нәрсеге асық бол»

(Рақым) Шарапаттан тұратын Сыйым- ізгі махаббат,

Мен боламын рақым Тигізерім шапағат.

Тек жақсылық жолында, Кішілерге қамқор боп,

Салтанатын құратын Қартқа тұрам «аталап»

(Қанағат) Ындының мен ашқарақ, Мен боламын өмірің,

Құнығудың қандайын. Байлығың да, барыңда.

Жөнге салам бастан- ақ, Тоқ болады көңілің,

Тиым тастап әрдайым. Жүрсем әркез жаныңда.

(Терең ой) Қыран қанат құстаймын, Ақылы азға қонбаймын,

Талабыңды ұштаймын. Сол гой менің зор қайғым.

Зерлеліге достаймын, Саңлауы бар, түйсігі

Дарындыны қостаймын. Торғай екеш торғайдың.

(Талап) Таудай болса талабың, Тұрсам келіп бабыма,

Бағың болса жанамын. Тоят аңсар шағыма.

Мен бар жерде болмайды. Көктей өтіп, арманың

Алынбас еш қамалың. Қондырамын тағыңа!

(Еңбек)

Жасампаз төлді түлетіп, Бәрі де менің жеңісім,

Жаңғыртқан қайта мың рет. Зейнетім, демек, жемісім.

Шөлейтті жерді гүл етіп, Шалқыған астық кенішім-

Жайқалтқан мен бір құдірет! Ырысты бейбіт ел үшін!

1-жүргізуші: 2- жүргізуші

Қанағат, Рақым, Терең ой, Бес асыл іс- бұл арлы,

Талап, Еңбек- өркенді. Үлгі болған ғасырдан.

Бәрі саған керек қой, Қастер тұтып бұларды,

Ұлы өмірің- ертеңгі Ардақтап өс жасыңнан.

  • Балалар, сендерге атамыз адал, инабатты, мейрімді,қайратты болыңдар деп өзінің өлеңдерін өсиет етіп қалдырған. Абай атамыздың ұрпаққа қалдырған өсиетін орындаймыз ба?

Хормен: Әдептілік- әсемдік,

Соны әспеттеп жырлайық.

Өнеге алып өсерлік,

Өреңдерді тыңдайық.


1-жүргізуші: Жақсы сөз жарым ырыс,- дейді халық. Иә, жылы киім тәнді жылытар, жылы сөз жанды жылытар- дегендей, енді оқушыларымыздың өнерлерін тамашалайық.


Көрініс: «Әдепті болайық»


2-жүргізуші: Әдептілікке байланысты мақал- мәтелдер.


  1. Жүргізуші: Бүгін біз адам бойындағы жақсы- жаман қасиеттер жайлы тереңірек білдік. «Жақсы адам- елдің ырысы, жақсы сөз- жанның тынысы» деген халық даналығы.


Бәрі бірігіп:

Талаптанып, қанағаттанып, Білім алап тұлғаланып,

Өмір сырын ұғамыз. Азамат болып шығамыз,-деп

«Әдептілік- адамгершіліктің алтын діңгегі атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Баршаңызға тек жақсылық тілейміз!

Амандықта кездескенше хош, сау болыңыздар!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
904
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі