жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты"Ана – гүл, ана – өмір шуағы"
Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың,
тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
. Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
(Екі жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахна төрінде тұрған оқушылар, квн ойыншылары секілді қысқа би билейді де, сахнадан шығып кетеді).
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен сыныбымыздың қыздары ұстаымыз!
Бүгінгі
мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге
сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр
тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған
тілектер періштенің құлағына шалынсын.
Әрдайым біздердің жанымызда жүре
беріңіздер.
Мұғалімнің сөзі: -
Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген
мейірлі, не деген шапағатты сөз еді.
Осынау үш әріптен құралған қасиетті
сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші!
Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен
шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана
сезімін қадірлейтін жан бар ма екен
өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да
ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Балалардың тақпақтары
1
Оқушы: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді
өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана
деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік
эр қадамды.
2.Оқушы: Ақ сүтінен
жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға
бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған
жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
3.Оқушы:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан
ауыр сынды аттаған,
Адалдықты
ар-намысты сақтаған
Мен ананың
сонысына мақтанам.
4окушы:
Анам менің аялап, әлдилеген
Түн
ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің
кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша
ұмытамын бал татыған
Анашым алдыңызда
қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан
қарыздармын
Ананың баласына
махаббаты
Мәңгілік алаулаған
шам-шырағы
Ән: « Аяулы ана» хор.
5
Оқушы:
Ана дейміз бэріміз де
аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі
өмірдің,
Ана деген — алтын қазық,
алтын бақ.
6.Оқушы:
Ана деген — асыл
жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір
жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей
біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды
тонатпай
7. Оқушы: Сан мың шәкірт
өзіңнен тәлім алды.
Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің
бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды
қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын
ә н ұранды.
1-жүргізуші:
Теңіздей
тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп
кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған
теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,
- дей отырып келесі кезекті мың бұралған
бишілерге береміз.
Би: «Рок н ролл»
8.оқушы:
Ана деген адамға Атамекен.
Әр адам
анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен
жақсылығым.
Бір күнгі тәтті ұйқыдан
садаға екен
Аналармен ойын
Ана
деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген
- рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір
жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке
ұрпақ атын
Олай болса _________ қарсы
алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке
ұлдың талантына тәнті болып,
Уа,
халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән:
Орындайтын: __ ____________
1-жүргізуші:
Аналарды
сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
2-жүргізуші:
Ана
деген жан екен,
Ана деген ән екен.
Ұстаз-ана, әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп ортаға ...сынып оқушыларының аналарын шақырып, келесі кезекті
«Тапқыр бала» ойынына береміз. (Оқушылар көзін орамалмен байлаймыз. Өз аналарын табуы керек).
1-жүргізуші:
Кең
кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Алдарыңызға әнші қыздарыңыз ____________орындауындағы
«Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
2- жүргізуші Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп көрермендеріміз аналар жайлы даналық сөздерді қаншалықты біледі екен? Байқап көрейік? Ойын шарты: Біз мақалдың басын айтамыз, сіздер жалғасын табуларыңыз керек
1. Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
2. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.
3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.
4. Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
5. Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
6.Тапқан ана емес, баққан ана.
7. Анаңа рақым етпесең,
Балаңнан рақым күтпе.
8. Анаға баланың алалығы жоқ.
9. Ердің анасы – елдің анасы.
10. Ананың ізін қыз басар,
Әкенің ізін ұл басар.
11. Анасын сүйгеннің баласын сүй.
12. Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
1-жүргізуші:
Аяулысың,
ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда «Ұлдар» биі.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің " Ана – гүл, ана – өмір шуағы " атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!
1-жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген