Ана
– күнің, күніңе табынып өт!
Айжан
:
Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл
әжелер,мейірбан ұстаздар..
Ана,
Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген
шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен
құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы
сезім жатыр десеңізші!Сезім мен
қасиетті, бар махаббат пен шапағатты
сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін
қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?!
Ана
- жүрек, жүректі құдіретте,
Ана
– тірек,тіректі құрметте!
Ана
– шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана
– күнің, күніңе табынып өт!
Бүгінгі
кешіміз әлемге шуағын шашып,жарық
дүниені сыйлаушы жердегі күніміз -
Ана,сіздерге арналады.Сен жан болып
дүниеге келдің.Сенің іздейтінің бір-ақ
жан.Ол саған бәрінен қымбат.Сен үшін
ол жалпақ дүниеден де үлкен.Сондықтан
да сен бір –ақ жанды білесің.Ол
-Ана.Ананы қашанда,қай кезде де жырласақ
та артық емес.
Айналдым
«Ана»деген асыл аттан,
Шуағын
бар әлемге шашыратқан.
Ойнап
жүрген құлынын даладағы,
Үйде
отырып даусынан ажыратқан
Хормен:
Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз
ғой аналар.
Зор
денсаулық , мол бақыт,
Тілейміз
біз балалар!
Жүргізуші:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші
құстарды сайратып,
Гүлге
бөлеп даланы,
Әнге
бөлеп қаланы,
Көрікті
көктем келеді
(Ортаға
музыкамен көктем кіреді)
Көктем:
Мен
көңілді көктеммін, Құшағым
гүлге толсын деп,
Былтырда
келіп кеткенмін Нөсерімді
төгемін.
Жүргізуші:
Көктем келді гүлін алып ,
Жазда
келер жырын алып,-деп ән мәтінінде
айтылатындай, нұрлы шуағы мол, көктем
мезгілі туып ,айналамыз құлпырды.
Ару
көктем, қошкелдің, төрге шық. Сенің
көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз
әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз
гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз
саған ризамыз.
Жүргізуші:
Біздің
халық өнерпазға бай тегі.
Әнші
деп те күйшідеп те айт оны
Күлімдеген
көктемге ана жайлы
Жақсылап
бір ән шырқасақ қайтеді
Хор
:«Ана
жаным»
Латиф:
Ата
–ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп
аялаған алақанын,
Болашақта
бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен
алдағы бала қамын.
Гаухар:
Ана
Нұрын
төккен күндейсің,
Жылытатын
жерімді.
Хош
иісті гүлдейсің,
Көркейтетін
төрімді.
Таудан
аққан бұлақтай,
Мөлдір
сенің мінезің.
Жайқаласың
құрақтай,
Ару
анам, бір өзің.
Қадіріңді
біледі,
Ардақтысың
бәріне.
Амандығын
тіледі,
Жас
бала да , кәрі де
Би:
Аққу
биі
Орындайтын:
Жақсылық Жансұлу
Бақыт:
Ана
өмірдің қуанышы , тірегі,
Бала
оның жұбанышы жүрегі.
Ана
алдында үлкен – кіші бас иген,
Олар
дәйім тыныштықты тіледі.
Айқын:
Шәрбат:
Жүргізуші:
Балалар сендерде келешекте ел қорғайтын
, ата- аналарыңды құрметтейтін ер азамат
боласыңдар! Бала анаға қашанда сәби.
Аналарыңыз сендерді аялы алақанымен
әлпештеп өсірді. Сол алақанның жылуын
,ананың балаға деген сезімін білу
үшін ойын ойластырған болатынбыз.Ендеше
ортаға үш ананы шақырайық.
Ойынның
шарты:
ананың көзін байлап көп баланың
ішінен өз баласын маңдайынан сипап,
құшақтап, иіскеп тауып алуы керек.
Жүргізуші:
Фаиза,Санжар,Батыржан,(мәнерлеп оқу)
Жүргізуші:
Менің әжем, ақ әжем,
Айтқан
сөзі дәл әжем.
Аман
болса көреді,
Қызығымды
әлі әжем
Сахналық
көрініс: «Әжесі мен Бағлан»
- Жүрегім
кім менің?
- Мееен!
- Тірегім
кім менің?
- Меееен
әжетай!
- Сәнім
кім менің?
- Меееен!
- Ботақаным
,Бағлан қозым ,
Не
деген тәтті баласың өзің?
Ой
, қарғам менің!
-Жоқ
, әже, қарғаң мен емес!
Жо.....
жоқ,қарға бола алмаймын,
Керегі
жоқ ондайдың.
Қарға
« қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа
ұшып кетеді.
Қасыңда
болып әрдайым,
Мен
ешқайда бармаймын.
(мәнерлеп
оқу)
Ақарыс:
Мәзім Шотанқызы «Аяулы Ана»
Камила:Ана
десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды
адамдарға тусытық.
Бар
адамға берсе ананың мейірін,
Орнар
еді бар әлемде тыныштық.
Айтмұрат:
Өзіңсің
сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды
жадыратып күлдіретін.
Сендегі
маған деген махаббатты,
Нұр
толы қос жанарың білдіретін..
Жүргізуші:
Бұл өмірде әкеден анадан артық жан
бар ма? Асқар тауымыз, отбасының тірегі
, ақылшымыз әкеміздің орны бір бөлек.
Отбасымыз әкемізбен бақытты, әкемізбен
ардақты.
Ән:
«Әке ,ана »
Оындайтын:
Асылбек Ақарыс
Жүргізуші:
Ана
деген – асыл жандар болаттай,
Ана
деген –мөлдір жандар бұлақтай.
О,адамдар,қадірлей
біл Ананы,
Жат
қылыққа ақыл-ойды тонатпай!
Иә,Ана
деген құдірет өмірдің қаншама қиындығы
мен азабын тартты десеңізші?!Соның
бірі-1941 жыл.Онда да дәл мына сәттегідей
мамыражай көңіл,тоқ пейіл, бақытты
өміртұғын.Сіздерді кешегі өткен 9 мамыр
ұлы жеңіс күнімен құттықтаймыз. Ендеше
лирикалық шегініс жасап,сол күндердің
біріне назар салсақ,Ана тілегін
көргендей боламыз.
Әлі
есімде ,біледі жұрт біледі,
Ел
басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын
қан майданға ұзатып,
Қарс
айрылған Аналардың жүрегі!
Фаиза
(Әлия):
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге
бақыт,елге бақыт тіледік.
Отан
– Ана отқа күйіп жатқанда.
Біздер
ме едік үй күзеткен тірі өлік?!
Жансұлу(Мәншүк):
Отан - Ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан
шөгеді екен жерге бұлт.
Қара
бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға
қару алдық ерленіп.
Фаиза
(Әлия):
«Отан» деген сөз көкейде жатталып,
Зор
айқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз
сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз
сендердей арман гүлін тақпадық.
Жансұлу(Мәншүк):
Қатар тұмыз,қатар жүріп келеміз,
Қатар
жүріп қырдан гүлдер тереміз.
Біздер
өлдк, өлмесін деп басқалар,
Бізді
қайта туды Отан,ел егіз.
Жүргізуші:
Ана десем,шешек атып жанары,
Өмірімнің
бастау алар,жаңа әні.
Ана
деген тіршілікте пана боп,
Әрбір
үйде жұлдыз болып жанады,
-дей
отырып кезекті ән қоржынына береміз
??????????
Асыл
анам жасыл бағым жайнаған
Сол
бағымда асыр салып ойнағам
Пәк
жүрекпен би билейді ырғалып
Қазақ
қызы ортада мың бұралған.
Би:
Қазақ
қызы
Орындайтын:
«Бәйшешек» тобы
Жүргізуші:Құтты
болсын мынау шаттық күніңіз,
Бақытты
да ұзақ ғұмыр сүріңіз.
Қуанышты
жүзіңізбен әрдайым,
Бұл
өмірде күліп қана жүріңіз,- деп сіздерге
отбасылық бақыт , дендеріңізге саулық
тілейміз. Тәрбие сағатымыздың соңында
«Мен анамның тәттісі» деп аталады.
Осынау тәтті өмірді сыйлаған
аналарымыздан үйренеріміз көп.Олай
болса оқушылардың өздері жақсы көретін
аналарынан үйренген тәттілерін
ұсынамыз.Сіздердің де өмірлеріңізді
балдай тәтті балапандар қуантып жүре
берсін.
Осымен
2 «б» сынып қушылары дайындаған
тәрбиелік шарамыз аяқталды.
Алтын
уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге
көп-көп рахмет!