Мұғалім:-
Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі
ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай
сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі
де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің
қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,
аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет
ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің
гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын
діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен
кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы
таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп
соқса, бүгінгі «Ана - гүл, ана - жыр, ана
- өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз
сіздерге арналады. Енді балаларымыздың
өнерін тамашалаңыздар.
І
жүргізуші:
Той
пердесін ашайық
Тойға
шашу шашайық
Аналарды
құрметтеп
Ән
маржанын ашайық.
ІІ
жүргізуші:
Сіздерден
өскен балалар
Батырлар
мен даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті
абзал аналар.
І
жүргізуші: - Қымбатты ақ жаулықты әжелер,
асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең
алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен
құттықтаймын!
ІІ
жүргізуші: - Көктемгі күннің көзіндей
жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды,
сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы
мерекесімен құттықтаймын!
Нұрдәулет:
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың
мың гүлін.
Аналарды
құттықтап,
Жырдан
шашу арнаймыз.
Бекжан:
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін
әр күн мен.
Құттықтаймын,
анашым,
Сегізінші
наурызыңмен!
Камила:
Баланың да тірегі
Даланың
да тірегі.
Шаншымасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі.
Ислам:Бәріңіз
де анасың,
Біз
үшін күн боп жанасың.
Құтты
болсын, мейрамың,
Құттықтаймын
анашым!
Ақниет:
Анамды жақсы көрем, сағынамын
Айтқанынан
шықпаймын бағынамын
Ол
– көзімнің қарасы болса егер
Мен
– оның жанарының ағынанмын
Жұлдыз:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын
бар әлемге шашыратқан
Ойнап
жүрген құлынын даладағы
Үйде
отырып даусынан ажыратқан
Айзере;
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз
ғой аналар
Зор
денсаулық мол бақыт
Тілейміз
біз балалар!
Ералы:
Өмірде
ана бұлақ, ана пана
Өмірді
өркендетер ана ғана.
Өсірген
талай көсем, талай шешен,.
Талай
ер, талай ақын, талай дана,
Ана!
Ол біздің елде ардақты адам.
Нұрлыбек:
Ана
деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана
деген - қуанышы өмірдің.
Ана
деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана
деген - гүлі туған өмірдің.
Айгерім:
Жамандықтан
сақтандырған.
Жақсы
ісімен мақтан қылға.
Ақ
апамды әрқашанда,
Жүрсем
деймін шаттандырып.
Қызыр:
Ана
деген ақылшың,
Анаң
барда батырсың,
Қасыңда
кім болса да
Тек
анаға жақынсың