400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты:Аналарға мың алғыс 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аналарға мың алғыс!»

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі:ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа,оқушылардың қолынан жасалған заттар,гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау. Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.

Ұлан-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Бергей-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Нұрлан-жүргізуші: Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Аналарға мың алғыс!» - атты мерекеміз сіздерге арналады. 
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды қарсы алайық! 

Тақпақтар: Ұлан,Нұржан,Нұргүл,Ерболат,Серік, Әлібек,Әсем,Нұрдаулет,

Ән:Аяжанның орындауында: «Майлықожаның термесі».
Ұлан-жүргізуші: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.

Бергей-жүргізуші: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекесі құтты болсын.

Тақпақтар:Кунанбай,Бекзад,Жанасыл,Аяжан,Нұрлан,Нурбол,Әсел.

Ән: «Ана» Кунанбай мен Жанасылдың орындауында.

Нұрлан-жүргізуші:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
Ұлан-жүргізуші:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан


Хормен барлығы:

Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейміз біз балалар!

Бергей-жүргізуші: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымыз да бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.

Тақпақтар:Айтолқын, Ақылбек,Гүлназ, Досқали,Жангилай,Ерполат,

Ән: «Анашым» Досқалидың орындауында

Нұрлан-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге

 деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.Ұлдардың орындауында.

Ұлан-жүргізуші. Қыз өссе - елдің көркі,

Гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдар Нұрлан,Нұрдаулет,Ұланның орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Бергей-жүргізуші: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Ән шашу: «Ана-Әке» әні Нұргүлдің орындауында

Нұрлан-жүргізуші: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға балаларды шақырайық.
Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді де
Хормен:

Ойлап тапқан балалар!
Ұлан-жүргізуші:

Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
Хормен:

Ойлап тапқан аналар!
Бергей-жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Нұрлан-жүргізуші:

Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Ұлан-жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші балаңыз Бергейдің орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Бергей-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып қыздарыңыз Әсем,Әсел,Гүлназдар жүрекжарды тілектерін өздерінің «Аруана» әнімен ұсынады.

Нұрлан-жүргізуші: 

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Ерполаттың орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Ұлан-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

Бергей-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

Нұрлан-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Ұлан-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.

Бергей-жүргізуші:
Бишілер бар аналар қарасаңыз,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып, қанекей би билеші,

Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті байсалды да байыпты биші қыздарымызға береміз.

Нұрлан-жүргізуші:  «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

Ұлан-жүргізуші: 

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін, 

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Бергей-жүргізуші:  Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Нұрлан-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

Ұлан-жүргізуші: Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

Ән Жангилайдың орындауында: «Сен сұлу»

Бергей-жүргізуші

Әйел сенің ақылшың да айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел сенің күзетшің де сақшың да,
Әйел сенің мерекең мен мейрамың.
Нұрлан-жүргізуші
Бір өзінде барлық үміт, бар арман,
Жеңбей қоймас нұрлы жанар қадалған,
Барлық гүлден жұпар жинап бойына
Әйел күннің шуағынан жаралған.

Ұлан-жүргізуші

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы - мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Бергей-жүргізуші

Әйелсіз - ақ күн кешем деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!

Нұрлан-жүргізуші

Дүниеге қан тамырдай тарайтын,
Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.
Әйелдерге немқұрайды қарайтын,
Еркекті мен санамаймын еркек деп.

Ән Айтолқынның орындауында «Апа ау»

Ұлан-жүргізуші:

Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында "Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген қанатты сөз бар. Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.

Бергей-жүргізуші:Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

Нұрлан-жүргізуші

Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам - жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнаы айналдым!
Сахналық көрініс: «Ананы құрметтеу»
Ұлан-жүргізуші

Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!

Бергей-жүргізуші:Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәнгі қарыздар. "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" дейді. Алла сізге күш-қуат берсін! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!

Нұрлан-жүргізуші:

Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде қызын - қияға, ұлын - ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анамыз, сізді бүгінгі тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! "Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ардақты ана, сiзге қажымас қайрат, зор денсаулық тiлей отырып, айналаңызға шуағыңызды шашып ұзақ өмір сүріңіз демекпiз!

Ұлан-жүргізуші:Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан - МАМА, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, осы күнге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәнгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббаттан жаралган кең жүрегіңізден, қызуы тұла - бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, "айналайын" деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді үніңіздең артық біз үшін ешнәрсе де жоқ, мама!..Маматайым, езуіңіздегі күлкі, тіпті көзіңізден тамған әрбәр тамшы жас құаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!

Бергей-жүргізуші:
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын мерекеңіз әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырағы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығын байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!

Ән Бекзадтың орындауында: «Анашым»

Нұрлан-жүргізуші

Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекен ұзағына бола берсің,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсің!

Ән Ақылбек,Әлібек,Ерболат,Нурбол,Серик,Жанасылдың орындауында: «Анаға сыйлық»
Ұлан-жүргізуші

Әжетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямадың,
Өзіңе борышы көп балалардың.

Ән Бекзад пен Нұрдаулеттің орындауында: «Ана»

Бергей-жүргізуші

Журегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан - Ана(мама), өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сут беріп, аялап өсіріп, осы кунге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз.

Ән Сериктің орындауында : «Анашым"
Нұрлан-жүргізуші
Мейірім мен махаббатан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылыткан ыстық алақаныңыздан? "айналайын" деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді уніңізден артық біз ушін ешнәрсе де жоқ, ана(мама)!...
Ұлан-жүргізуші
Маматайым(анатайым), езуіңіздегі кулкі, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда куліп - ойнап, шатыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, Мама(Ана)!

Бергей-жүргізуші

Ана деген киелі есім, Алла берген бар мәнін,
Күн шуағы төгілгендей мынау күні Алланың.
Бар бақытты өмір саған Ана берген әрдайым,
Барша Адамзат Аналарға басыңды ию- Аллаға!

Ән Нұржанның орындауында «Мама»



Нұрлан-жүргізуші:
Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді сынып жетекшісі Курбанбаева Маржанай тәтейге береміз.

Ұлан-жүргізуші:Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерден бата сұраймыз.
Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт – ашып қақпасын
Мәңгі – бақи жаппасын
Бәле – жала отбасын
Іздесе де таппас

Бергей-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1311
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі