Тақырыбы: Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
Тәрбие сағат мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері.
Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер
сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8
Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер
бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға
арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана
десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана
бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші
сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі
өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында
адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару -
ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті
айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға
арналған, классымыздың ер балаларының дайындаған
«Анасы бар адамдар ешқашан
қартаймайды» атты кешімізге қош
келіпсіздер!
Нұрдәулет:
Біз ғана емес, қадір тұтқан
бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер
күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны
бөлек.
АхметМіржақып:
Олай болатыны, аналарға деген
ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің
гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз
тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап
атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі
мерекелік «Анасы бар адамдар ешқашан
қартаймайды» атты кешімізді ашық деп
жариялаймын! Қош келіпсіздер!
Айжан:
Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
Бақытжан:
Біз ғана емес, Қадір тұтқан бабалар Ана деген – тіршіліктің тірегі, Мерекеңмен, қасиетті Аналар!
Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы, Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы. Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген, Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
Көңілің алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
АхметМіржақып:
Адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ананың ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Біз анадан өмірімізге керектінің барлығын да үйренеміз
Бақытжан:
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
Құштар:
Десек те уақытпенен
жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға ...сынып оқушыларының
сіздерге арналған тартуларын қабыл
алыңыздар
Анжела:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Құтты болсын ардақты ана
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең
Бекзат:
Ақ тілекті ағытып бір
тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айы\\\
Қыдыр-Али:
Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
Николай:
Әлемдегі ең ақылды, дана
боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім-кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп.
Алақаны жылылықтан
балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған,
Айжан:
Жарты жанын бөліп беріп
балаға,
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана.
Қиын күндер кешсе дағы басынан,
Міндет етпей жүрген адам сол ғана.
Қасиетті жұмақ кілті табылар,
Алыс кетсең алаңдар да сағынар.
Аналарын сыйламаған адамдар,
Қашан болсын өз ісінен жаңылар.
Манар:
Анасыздар, әр үйге
панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
Жанерке:
Аналық алтын борышың,
Жүр әлі менің арқамда.
Көтеріп сізді сол үшін,
Меккеге күнде барсам ба?!
Ақ маңдайыңның әжімі,
Жылдардың ізі шуақты.
Омырауыңның ақ сүті –
Өтелмес қарыз сияқты
Перизат:
Аппақ қар болып шашың да,
Ағарып кетті-ау, жан анам.
Ақындығым да, даңқым да,
Қормалым сенің садағаң.
Өсіру мені о бастан,
Машақат еді не деген.
Ақ армандарды қууға,
Ақ тілегің ғой жебеген.
Мадина:
Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз
Наргиз:
Кең кеудеңе гүл болып
тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Қарақат:
Ардақты ана, аяулы ана,
қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
Ән шашу:Наргиз
Бекзат:
Дүниедегі ең кемеңгер
дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, –
Бақытжан:
Осы айтылғандардың бәрі
шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз
данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін
аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол
аналар алдында бас иелік!
АхметМіржақып:
Қайран ана, өз перзентін әдемі
не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық
болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан
салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың
көз жасы өзінің киесімен ауыр
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?" деді,
Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.
Ана жайлы - қара жердің төзгені,
Ана жайлы - уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері.
Бақытжан:
Ана жайлы жақсы сөзді есту
үшін тыңда, ұлым,
Тыныштықты, Тауды, Көлді, Ай сəулесін, Күн нұрын,
Ана жайлы сенің тəтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе, бұл əлемге адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді!
Николай:
Адамзаттың ең бір асқақ бар
əні,
Жыр еткемен, пір еткенмен ананы,
Бұл өмірді қалай сүріп өткені -
Ана жайлы айтқан сөзі болады.
Ана жайлы - кең дүние - бесігің,
Ана жайлы аманат пен кешірім,
Анаң үшін ең жақсы сөз дүниеде -
Ұлым, сенің есімің!.
Айжан:
Ана – барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің
дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші
орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп
аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Қарақат:
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған ол-аналар
Ән:Қыдыр-Али мен Қарақат «Анашым,қартаймашы жалынамын?!»
Жанерке:
Мен өзіңмен қайда болса біргемін
Махаббатым жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Мадина:
Ана өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Айжан:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана.
Николай:
Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
Қарақат:
Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!
Ән:Ел жатқанда жатпаған
АхметМіржақып:
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Қош болып тұрыңыздар
көріскенше
Осымен концертіміз
аяқталды.
Аналарын құттықтау
Қыздарды құттықтау
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты.Анасы бар адамдар,ешқащан қартаймайды.3-сынып

шағым қалдыра аласыз