Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты"Ауылым -алтын бесігім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз елін ,жерін құрметтеуге ,сүюге, көркейтуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Туған жер көрікті мекенім!

Мақсаты: Сырдария өзенінің ауыл өміріне пайдасы туралы түсіндіру

Әдістер;сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау

Көрнекілігі: суреттер

Өтілу барысы:

Ой қозғау;

Үнтаспадан ауыл туралы ән тыңдау. Әннің мәтініне назар аудару. — Ән не туралы баяндалған?

Әннің әуеніне құлақ түріңдерші?

Сендерге қандай әсер берді?

Әрине, ауыл туралы сыр шертеді.

Ендеше ауыл туралы өз ойларыңды айтыңдаршы.

Ауыл дегенде көз алдарыңа не елестейді? – деген сұраққа не деп жауап берер едіңдер?

-Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні.

-Ауыл десе кең жайлау, ағынды өзен, асқар тау елестейді.

-Ауыл десе сиыр сауған апаларымыз, қымыз сапырған әжелеріміз елестейді.

-Ауыл десе асыр салып ойнаған ауылдың қара домалақ баласы елестейді.

Ауыл десе жеті қанат киіз үйі, құрт пен майы, ірімшігі еріксіз еске түседі.

Ендеше бүгінгі сабағымыз сол ауыл туралы болмақ.

Мағынаны тану,

Ауыл туралы өлеңдермен танысу

Ауылым – алтын бесігім

Жүрегім, жырым сенікі

Кеңесті далам, кең далам

Тудым өстім есейдім.- деп ақындарымыз жырлаған.


Ауыл десем, мал елестер көзіме

Ауыл десем, дән елестер көзіме.

Ауыл десем ер саламын құр атқа

Ауыл десем, ән естілер құлаққа.





Жайқалған шалғын

Қазына толы. Байлығы тасқан,

Толассыз қарқын, Арманы асқан

Маңырап малы. Бақытты менің ауылым.


Сенімді жолмен бастасын, Аттаған жаңа заманға,

Халқымның алып батасын. Ауылым менің жасасын!


Мұғалімнің баяндауы:

Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан Абай ауылы өңірі-береке дарыған ел. . Бүгінде бұл өңірде жүздеген шаруагерлер мыңғыртып мал өсіріп,атакәсіптің ырзық-берекесін көріп отыр Ауыл толықтай суландырылған. Халықтың күнкөріс жағдайы жақсы деңгейде. Олардың бірқатары шағын кәсіпкерлікпен,сауда-саттықпен,бақша өсірумен,мал бағумен айналысады. Көшелер жаңарып,жаңа құрылыстар көбейіп,ғимараттар көріктендірілген. Ауылда емхана,балабақша,мектеп,әкімшілік ,клуб,мешіт,дүкен ғимараттары бар.


Өзіндік жұмыс: «Ауылым-алтын бесігім» тақырыбына әңгіме жазу.


Үлгілерін ұсыну

І.Қала әдемі, үлкен болса да мен өз ауылымды сағынамын. Ауылда тұрамын осында менің әкем, анам, әпке, сіңілім, інім, бауырларым. Менің ұстазым, достарым. Біздің ауыл шағын бірақ бізге керек бәрі бар; балабақша, үлкен, жаңа мектеп, клуб үйі, мешіт,емхена. Мектепте барлық үйірмелер бар. Біздің ауылда бақ пен бақшы егіледі,мал бағады..



ІІ. Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды.Себебі біздің ауыл жылдың төрт мезгілінде де әдемі.Қыста айнала аппақ.Сырдария мұға айналады.Көктемде айнала жасыл шөп.Сырдария гүрілдеп ағып жатады. Айнала көктеген жиде,шие,өрік гүлдеп иісі жағымды болады. Жазда әр бақта піскен өрік,алма алмұрт.. Әрқашан ата - анам бауырларым қасында аман болсын!






ІІІ. Ауылда өз отбасынмен бірге тұрғанды ұнатамын, кешкі дастарханда бірге отырып тамақтанғанды жақсы көремін. Жазда үйдің ауласындағы сәкіде шәй ішеміз. Бауырларымның бәрі жиналып у - шу боламыз.Менің туған ауылым – мақтанышым.





Ой қорыту:

«Ауылым-алтын бесігім» сурет салу










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12