Материалдар / Тәрбие сағаты."Бабалар өсиеті- балаға мұра"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты."Бабалар өсиеті- балаға мұра"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты жақсы өтті. Барлық оқушы қатысты. Мұғалімдер де қатысып, жақсы лебіздерін айтып кетті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2021
1469
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бабалар өсиеті – балаға мұра


Мақсаты: білімділік - Аталардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Тәрбиелік: Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңірте отырып, ата дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ата дәстүрі, ұлағатты сөздер, шешендік сөздер туралы алған білімдерін дамыту.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, ақын-жазушылар кітап көрмесі.

Жоспар:

І. Ата тәлімі

ІІ. Ескірмейтін есті сөз

ІІІ. Құпия хаттарға жауап


Барысы:

Мұғалім: Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер көп. Бүгінгі таңдағы жас ұрпақ, сіздердің міндеттеріңіз осы қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын жете ұғынатын дәрежеге жету болып табылады. Тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.


І бөлім. «Ата тәлімі»


1-оқушы:

Арман деген не? – деп сұрапты қария жігіттен.

Жігіт: Ата, арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Ата: Арманына адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.

2-оқушы:

- Бақытты болу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында, - депті жігіт.

- Жоқ, балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады.

Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.

3-оқушы:

- Дос табу онай ма? – депті қарт.

- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, - дейді жігіт.

- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есінде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досын бала болса, өзің шала боласын.

4-оқушы:

- Өмірде не жетім? – депті қарт.

- Ата-анасы жоқ бала жетім, - депті жігіт.

- Дұрыс, балам, өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тірі жетім. Өмірде 7 жетім бар. Халқына сенімсіз болса, хан жетім, кеңесшісі ақылсыз болса, әкім жетім, суы жоқ құдық жетім, ұлы жоқ әке жетім, қызы жетесіз болса, шеше жетім, досы жоқ жігіт жетім, шәкіртсіз ұстаз жетім. Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар, ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды.

5-оқушы:

- Үйде кім, елде кім қадірлі? – деп сұрайды қария.

- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі, - депті жігіт.

- Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй – мазар, - депті қарт.

6-оқушы:

- Елді кім, үйді кім бүлдіреді? – деп сұрайды қарт жігіттен.

- Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді бала бүлдіреді, - депті жігіт.

- Жоқ, балам, елді өсекші бүлдіргенмен, үйді ақылсыз бала бүлдірмейді. Есінде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді.

7-оқушы:

- Үйдегі алтын қазық кім?

- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.

- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана-ақылшың, әке-қамқоршың, аған-қорғаушың, інің-сүйенішін, қарындасын-қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.

8-оқушы:

- Өмір сүру үшін не қажет? – депті қарт.

- Өмір сүру үшін алтын, ақша, мал, нан қажет, - депті жігіт.

- Жоқ, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді.

9-оқушы:

- Достықты нығайтатын не? – депті қарт.

- Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады, - депті жігіт.

- Дұрыс балам, сенін айтқанын достық пен жолдастықты дамытады. Есінде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рақмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұқсат па» деген сөзді шың көңілмен айтуға үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілінді өсіреді, жөнсіз сөз үмітінді өшіреді.


Мұғалім: Міне, балалар, көрдіндер ме, дос табу үшін елде кімнің қадірлі екенін, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осындай ғибрат алатын сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпандар.


ІІ бөлім. «Ескермейтін есті сөз»

Мұғалім: Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылды. Күнделікті өмірде ата-әжелердің, ата-аналардың айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?

1-оқушы:

Таза мінсіз асыл сөз,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл тас,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Жер толқытса шығады.

Асанқайғы


2-оқушы:

Әділ төре ел бастар,

Батыр жігіт ел бастар.

Аға жігіт қол бастар,

Шешен адам сөз бастар.

Құсты жисаң, бүркіт жи,

Қыс тоныңды түлкі етер.

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас, тозбас мүлкі етер,

Бір жамаңмен дос болсаң,

Күндердің күні болғанда,

Бүкіл ғаламға күлкі етер.


3-оқушы:

Қол бастау қиын ба, жол бастау қиын ба?

Сөз бастау қиын ба?

Қол бастау қиын ба?

Көк найзалы ерің болса.

Жол бастау қиын емес,

Соңында ерген елің болса.

Бәріннен де сөз бастау қиын,

Тауып айтсаң мереке қылады,

Таппай айтсаң келеке қылады.


4-оқушы:

Ақыл адамды аздырмайтын ем.

Білім – таусылмайтын кен.

Адамның басшысы – ақыл.

Жетекшісі – талап.

Шолғыншысы – ой.

Жолдасы – кәсіп. Қорғаны – сабыр.

Қорғаушысы – мінез.


ІІІ бөлім. «Құпия хаттарға жауап»


Құпия хаттарды қатарға қойып, дауыстап оқып, жауабын ойланып айту.

- Мектептен шығысымен үйіне қарай жүгіріп келе жатқанында алдыңнан бір үлкен кісі шықса, сен не істер едің?

- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.

- Өзіннен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?

-Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.

- Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?

- Асықпай түсіндіріп беремін.

- Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?

- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

- Үлкен кісімен қалай сөйлесуге керек?

- Үлкен кісімен сіз деп сөйлесуге керек.


Қорытынды:

Мұғалім: Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да, қанатты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Би, щещендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, тура сөйлейтін нағыз шешен, әрі ақылгөй, халық қасқоры болған.

Би, шешен, бабаларымыздың әруағы риза болсын, даңқы артсын, ел үшін еңбегі елеусіз қалмасын, кейінгі ұрпақ бұл кісілердің өсиеттерін есте сақтап, сөз қадірін түсіне білуге үйренсін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!