400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты:"Бастауышым-бал бұлағым" 4"А"сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышпен қоштасу жайлы болады.Ол балақайлар 4 жыл бұрын кішкене ғана бүлдіршін болатын міне бүгін орта буынға қадам басып ,ержетіп, бойжеткен ұл қызымыз алдымызда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

  Бастауышым – бал бұлағым .

Мұгалімі:Курбанбаева Аягоз. 

1- жүргізуші   : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері  4 «А» – сынып  оқушылары. 
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда 
Қол соғып қошеметпен шақырайық 
4-сынып оқушыларын ортамызға.  

2- жүргізуші  : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан ,  өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына ,               ата-аналарына  да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.

1- жүргізуші  : Ассалаумағалейкум , ағайын !
2- жүргізуші: Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер

1- жүргізуші  : Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
2- жүргізуші : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
1- жүргізуші : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
2- жүргізуші : Қолға қалам ұстатып,
                   Білім құйған санаға
Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»

1- жүргізуші   : Бала шаққа болашақты жырлатып, 
                        Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
                        Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
                        Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !
Армысың сен, алтын ұя мектебім
                        Саған айтар жыр – алғысым көп менің
                          Жүректерге жаққан білім шырағын,
                          Мектебіме арналады бұл әнім !
2- жүргізуші:    Дұрыс айтасың  ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алады десеңші .Менің атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Олай болса , алтын  ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық !
Ән «Мектебім» Нурлан Алибектің орындауында
1- жүргізуші   : оқушылардың орындауында флешмоб

2- жүргізуші : Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
1- жүргізуші:   Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.                

2- жүргізуші :  Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! 
1- жүргізуші :  Иә, дұрыс айтасың . Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?  Ендеше кезекті көрініске берейік. Көрініс :Қарттар үйі

  1. жүргізуші : Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
                     Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
                      Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
                      Мәпелеген баласын аман болсын анашым !
    2- жүргізуші :Осындай ана туралы жыр жолдарынан  кейін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз. 
    Сөз кезегін  ата-аналарға береміз.

  2. жүргізуші : Вальс

1- жүргізуші  : «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің ?
2- жүргізуші   : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
1- жүргізуші   : Дұрыс айтасың , ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал  тамған ақын да ,  тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі  ұстаздан білім мен тәрбие алған.
2- жүргізуші   : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі әнімізді ұстаздарымызға арнаймыз.

Хор :Ұстаз-Ана

Бәрі :         Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
                    Мың алғыс мына отты жүректерден !
1- жүргізуші : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе 
                  Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
                  Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін 
                Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз ! 
Сөз кезегі ұстаздарда.

2- жүргізуші   : Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен. 
1- жүргізуші : Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады.
2- жүргізуші :   Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
                   Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
                   Бастауышта алған білім, жырларым ,
                    Азық болар мәңгі талай жылдарға  
1- жүргізуші :   Өтті сенде қызық шағым ,
                     Бастауышым – бал бұлағым .
                     Қоштасар күн жетті міне,
                     Қимастықпен қол бұлғаймын.
2-жүргізуші: Осымен біздің «Бастауышым –бал бұлағым» атты ертеңгілімізді жабық деп жариялаймыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
522
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі