400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты"Бірлігі жарасқан қазақ елі"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-мамыр халықтар достығы күніне арналған. Ассамблеяның құрылғанына 25 жыл тоуына орай тәрбие сағаты презентациясымен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН! 3-4-сынып


1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
2 - жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Бірлігіміз жарасқан!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1 - жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
2 - жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
1 - жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
2 - жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
1 - жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке - бірлік, бақыт - байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
1 - жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
1,2 - жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Нұржігіт: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
1 - жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

«Қазақстан жалауы» әні тыңдалады.

Мадина: Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр

Болмасын еш тосқауыл!

Еркемай: Ағайын туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

Сания: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

Бәрі: Тілегі бір,

Жүрегі бір.

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда,

Құрыштан да

Берік біздің іргеміз.
1 - жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 25 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 8 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады.
1 - жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Би «Қара жорға»
Ерасыл:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің,

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Инабат: Тәуелсіздік кіндігін,

Кескен халық бірлігі.

Ынтымағы барша ұлттың,

Нұрын шашқан күн бүгін.

Нұргүл: Мамырдың бірі, достықтың күні,

Ән салып, билеген халықтың үні,

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

Жанерке: Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ.

Бәрі: Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Инабат.

Ән: «Ақ көгершін»

2 - жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
1- жүргізуші: Жер - Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату - тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.
2- жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған.

1 - жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!

2 - жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
1 - жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік Атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
2 - жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!
1 - жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
Ән «Дос болайық бәріміз»
2 - жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
1 - жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
2 - жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
1 - жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
2 - жүргізуші: Қазақстан жасасын!
1 - жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі