жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты:Бүлдіршіндер аруы-2020
-
«Бүлдіршіндер аруы-2020» сайысы
Зал іші мерекеге сай
безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.
Тақырыбы: «Бүлдіршіндер аруы-2020»сайысы.
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын
қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін,
эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке,
мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата –
аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты
болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз
ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана -
деп жырлағандай бүгінгі МАД топ бүлдіршіндерінің « Бүлдіршіндер
аруы-2020» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға
қошеметпен шақырайық.
Ер балалар қыздарды ортаға алып кіреді.
Тәрбиеші : Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін
Бірінші келе жатқан – бұл Аружан.
Тәрбиеші : Шығады мұң бұралып Аяжан биші,
Өнерді сүйген бәрің сүйші.
Қыздары бұл топтың бәрі өнерлі,
Шығады арасынан әнші, күйші.
Тәрбиеші: Қуантады білімменен бізді Айсана қыз
Қол соғып қарсы алайық енді біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.
Тәрбиеші: Құлпырған дала гүліндей Еркеназ қыз,
Жүресің әркез күлімдей.
Арманыңа аңсаған,
Ақ ниетпен жет сүрінбей.
Тәрбиеші: Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманына қолын созар
Арманың орындалсың Кәусар сенің,
Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.
Тәрбиеші: Бәріміз жақын көретін,
Жарыста демеу беретін
Келесі біздің Жансая қыз,
Шырқап ән салып беретін.
Тәрбиеші: Сабырлы әрі салмақты,
Өзі өнерлі, жан – жақты.
Келе жатқан Нұрлы қыз
Жарысты бүгін жалғапты.
Тәрбиеші:
Әке-шешесінің мақтанышы ,
Ангелина қыз ең сұлу
Осы күнге сақтаған,
Тақпағы бар жаттаған.
Тақтадағы гүлдерден реттік нөмірлерін алу.
Тәрбиеші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
Тәрбиеші:
Әділқазы алқаларымен
таныстырады.
Сайыс 5 - бөлімнен
тұрады.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін -
өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты,
жүріс - тұрысы сынға түседі.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін
көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б. өнерлерін
көрсетуге болады.)
3. «Шебер
қолдар» (ою-өрнек қиып жапсыру)
4. «Қыздарға әсемдік жарасады» (Сән
киім үлгісін көрсету).
5. «Тапқыр, білгір, білімділер» (сұрақтарға жауап беру)
6. «Дәм - думан» (үйден көктем салатын жасап әкелу,дайындап алып келген тағамды қалай
жасағанын айтып қорғау).
Тәрбиеші:
Уа,халайық, халайық
Бастамас бұрын сайысты
Әжемізден ауылдың
Аталы бата алайық.
ӘЖЕ: А,құдайым оңдасын
Оң жолына бастасын
Бүгінгі мына сайыста
Еліңе ұнар ару бол
Халқың сүйер аққу бол! Әумин!
Тәрбиеші:
I.-бөлім Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер
дейміз.
II.–бөлім Өз өнерін көрсету
Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
(Қыздарымыз ортаға шығып кезектесіп өз-өнерлерін көрсетеді)
III.-бөлім «Шебер қолдар» (гүлді қиып жапсыру)
Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.
Кішкентай
бүлдіршіндеріміз ою-өрнек қиып
жапсырады. Ал,
кәне, бүлдіршіндер, іске сәт! Аруларымыз тапсырмаларын жасағанша,
ұлдарымыздың «Ана туралы» өлең шумақтарын
тыңдаңыздар:
Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар Айқын
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең Дулат
Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін Жантөре
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым Мадияр
Менің әжем,бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже Дулат
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі Әділет
Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жансың Сұлтан
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті ата - аналар! Жігер
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз. Асан
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ Мерей
Балалар аналарына өз қолдарымен
жасаған заттарын сыйлайды.
IV.-бөлім
«Тапқыр, білгір, білімділер» (сұрақтарға жауап
беру)
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ - жауапқа
берейік.
1. Еліміздің президенті кім?
2. Ауылыңның аты қалай аталады?
3. Көктемнің қай айында
аналарымыздың мерекесі болады?
4. Мектебіміздің атауы қалай
аталады?
5. Жыл мезгілдерін ата?
6. Көктем мезгілінде неше ай бар?
7. Бір айда неше күн бар?
8. Еліміздің рәміздерін ата?
9. Төрт түлік малды ата?
10. Біздің ауданымыздың атауы қалай аталады?
11. Біз қай елде тұрамыз?
12. Пішіндерді ата?
13. Анаң сені үйде не деп
еркелетеді?
14.Тура және кері санап
бер?
15. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
Жігіттер тобы Стирка биін тамашалаңыздар.
V. «Қыздарға әсемдік жарасады» (Сән киім үлгісін көрсету).
Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Бүлдіршіндер ортаға шығып өздерінің дайындап келген сән үлгісін көрсетеді
VI. «Дәм - думан»
(үйден көктем салатын жасап
әкелу,дайындап алып келген тағамның атын
атау).
Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымыздың «Буратино»
биін тамашалайық.
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Келесі сөз кезегі әділ-қазылар
алқасына сөз беріледі . Сайысқа қатысқан аруларға I,II,III орын
бойынша жүлделер берілді.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға
ұсыну.
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі
сайысымызды аяқтайық!
Ардақты аналар, ұстаздар, мейрамдарыңыз құтты
болсын!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген