400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты:«Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!» 0 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топ жетекшілеріне керекті материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі:Махамбетова Ж.С.



Тәрбие сағатының тақырыбы: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!
Сабақтың мақсаты: 1.Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түсініктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
2. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.

3. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер (жол, тротуар, бордюр, зебра), Бағдаршам, жол белгілері, схема,АКТ.

Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе.

Мұғалім-1: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жол тәртібін білейік,Аман-есен жүрейік!» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.

Мұғалім-2: 

Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға сабағымыз басталады сәлемменен

Мұғалім-1: 
- Балалар, көшеде жол жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
Мұғалім-2: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.
- Балалар, жол деген не?
5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
Хормен: Жол белгілері
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол) деп атайды.

ІІІ. Көрініс. (Музыка әуенімен балақайлар әңгіме-дүкен құрып келе жатады. Бір бала жолдың бойын жүгіріп өтуді ұсынады.)

-Сайлау, жүр,жолды кесіп өтейік!

-Айзалия ,жоқ жолды кесіп өтуге болмайды.

-Жүр,ешкім көрмей тұрғанда жолды кесіп өтіп кетейік...

-(балақай ойланып) Жарайды қалай болар екен...



Мұғалім-1:

-Балақайлар,сендер неге жолды кесіп өткілерің келіп тұр?

Жолда жүру ережесін бұзуға болмайды.

-Балалар жолда қай жерлерден және неге қарап өту керек? (Бағдаршам)


Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем, баспа алға!

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін, жасқанба.


Кәнекей жолда жүру ережесімен танысу үшін видеоға назар аударайық. (Интерактивті тақтадан видео көрсетіледі,балалардың пікірлері тыңдалады.)

Мұғалім-2: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
        (кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)

Меруерт:Шуақты өміріміз күндей куліп, 
            Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт,
            Арманға сапар тарту мүмкін емес,
            Жол жүру ережесін білмей тұрып.


Жанайым
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
                      Бар әдемі үш көзім,
                      Алдамаймын, аңғарсаң,
                      Ақылдымын тіпті өзім.

Сания
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
                             Үшбұрыш боп тұрамын
                             Қателеспес үшін де,
                             Көз сал маған, шырағым!
                             Құрар үйде сауықты,
                             Жолдан аман келсе адам-
                             Жолда күткен қауіпті
                             Ескертемін мен оған.

Бибінұр

Тыйым салу  Болмау үшін қиын күн,
белгісі:          Қажеті бар тыйымның.
                       Қызыл шеңбер ішінен
                      «Болмайды!» деп бұйырдым.
                       Тұрады әркез сапта аман-
                       Сол тыйымды сақтаған.
                       Тыйым көрсең, тұра қал-
                      Әрі қарай аттама!

Әли

Анықтама        Түнде, күндіз, кеште де
белгісі:              Жөн сілтеймін жолға сай-
                          Аңғармайсың ештеңе
                          Анықтама болмаса.
                          Ой-шұңқырды алдағы,
                          Қалай өту керегін,
                          Жылдамдықты, ал, кәне,
                         Анық айтып берейін!

Абдурашит

Көрсеткіш          Жол созылмақ қаншаға,
белгісі:                Қайда асхана, монша бар,
                            Қонақүй бар қай жерде,
                            Қайда музей, қай көрме...-
                            Көрсетемін саған дәл,
                            Не көрсетсем, соған бар!
Айзалия:       Шофер біткен бүгінде
                     Жол тәртібін біледі.
                     Бағдаршамның түбінде
                     Ережемен жүреді.

Рахмет. Енді түсіндім. Жолда жүру ережесін бұзбайтын боламын.

(Музыка әуенімен бәрі шығады)

ІҮ. Ән. «Ата-ананы тыңдаймыз» ,0 «Б» сыныбының орындауында.


Ү. 0 «Ә» сынып оқушыларының жол ережелері туралы тақпақтары.


ҮІ. Қазақша би. «Қамажай»

ҮІІ. 0 «Б» сыныбының орындауында «Ұстаз-Ана» әні.

ҮІІІ. 0 «В» сынып оқушысының орындауында «Жау-жау,жаңбыр» әні.

ҮІІІ. Қорытындылау.


Мұғалім: Қымбатты қонақтар ұстаздар, оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстырылды.

Олай болса, оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.

- Балалар, жол ережесін сақтаңдар! Аман жүріңдер! Қазір барлығымыз ән айтайық!

«Әрқашан жолың болсын!» әні.

Көңіліміз күндей күліп,

Жүректерде гүлдейді үміт.

Өмір сүру мүмкін емес

Жол тәртібін білмей тұрып.

Әрқашан жолың болсын!

Жаныңа шаттық толсын!

Қасыңда болсын анаң,

Болайық біз де аман.

Балғын жаспыз, жас ұланбыз,

Гүл боп жаңа ашылғанбыз.

Жол тәртібін есте сақтап,

Болашаққа асығамыз!


Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№277 орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі














Тәрбие сағаты

«Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!»















Даярлық топ жетекшісі: Оразова С.Ж.

Сыныбы: 0 «Б»









2017-2018 оқу жылдары

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
1326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі