400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты"Кейкі батыр-қайсар рух" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының тақырыбы" Кейкі батыр-қайсар рух" Қайсар Кейкі батырдың өмірі,ерлік істері жайлы кеңінен толықтырылып жасалған сабақ жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Кейкі батыр-қайсар рух

Мақсаты: Кейкі батыр өмірі оның жастық шағы,ерлік істері жайлы білім бере отырып оқушылардың бойына қайсарлық, потриоттық сезім қалыптастыру

Түрі:танымдық сабақ

Көрнекілігі: Кейкі батыр жайлы жинақталғансуреттер ,бейнебаян

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Әр1 адам-досым сыныптасым,

Әр1 ісің-тірлік,тірек,адамдық

Әр1 сөзің –шындық,бірлік,адалдық

Әр1сабақ-үйрену,ұғу, ұлағат

Кім тапқыр? жауабы :Кейкі батыр

К- Б-

Е- А-

Й- Т-

К- Ы-

І- Р-

Ой қозғау

-Кейкі батыр жайлы не білемін?

-Кімнен ,қайдан естідім ?

Негізгі бөлім

Жас кезі

Кейкі Көкембайұлы (1871-1923 ж.), жылы Торғай уезі, Қайдауыл болысында өмірге келген (қазіргі Қостанай обл., Аманкелді ауд., Тасты ауылы). Азан шақырып қойған аты Нұрмағанбет, руы Құлан Қыпшақ.

КShape1

Көкембай

ұрпақтары



өп кісіге қосылмай кейкиіп жүретін болғандықтан жеңгелері «Кейкі» атап кеткен. Сөйтіп, ел арасына Кейкі атымен танылған.

Shape2 Shape3 Оспан Кейкі

Shape4 Shape5 Shape6 Қосжан Шұбар

Омар

Шежіреге зер салсақ Кейкі бес ағайынды болған: Кеңес дәуірінде Көкембайдың кіндігінен тараған ұрпақтары «банды», «басымашының» туыстары деп айыпталып, билік басындағылардан тепірешті көп көрді.

Жастайынан батыр мінезді Кейкі өзімен рулас Торғай өңіріндегі атақты бай Шашамбайдың Рахметі деген кісінің бетке ұстар жылқышысы болған. Аманкелдімен бірге барымташылыққа да түскен сарабдал азаматтардың қатарында бой түзеді.

Батырдың ерен ерлігі

Кейкі батыр — 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры.. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды.

Кейкі батыр Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 ж. 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады.

Ақыры, 1922 жылдың көктеміңде комиссар Александр Токаревті атып кеткен Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 ж. республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен. Ол қазір Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы.

Кейкі мергеннің ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді аудандағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады.

1996 ж. батырдың 125 жасқа толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды.

«Батыр рухына тағзым» ( Бейне ролик көрсету )

Қорытындылау: Кері байланыс

Білемін.......... Білдім.........





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі