Мемлекеттік тілді білу –
парызың
Құрметті бүгінгі сайысымызға
жиналған қонақтар мен тіл жанашырлары: «Мемлекеттік тілді білу -
парызың» атты танымдық интеллектуалдық іс – шараға қош
келдіңіздер!Біздің Отанымыз – Қазақстан. Әр елдің мемлекеттік тілі
болады.1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа конституцияда қазақ
тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.
«Тіл туралы» Заңда Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді
білуі тиіс делінген.Бүгінгі сайысымыздың мақсаты – қазақ тілінің
мәртебесін көтеру, қазақ тілін дамыту,әрі мектебімізде мемлекеттік
тілдің қаншалықты дәрежеде екенін байқау.Құрметті қонақтар,
сайыстың жеңімпазын анықтау үшін бізге әділқазы алқасы керек.
Әділқазы алқасы өз ісіне кірісуге дайын отыр.Әділқазы алқасын
таныстырып өтейін. (Мектеп директорының ...) Сайысты бастамас бұрын
сайыс шарттарына тоқталып кетейін.Сайысқа екі топ қатыстырылады. Әр
топта 4 адам, оның ішінде 4 оқушы.Сайысқа тек өзге ұлт өкілдері
қатыса алады. Сайыс 9 айналымнан тұрады. Әр айналым 5 балмен
бағаланады.Олай болса, сайысымызды
бастайық.
1 – айналым.
Таныстыру.
Әдепті елдің
баласы
Алыстан сәлем береді, - дейді
данышпан халқымыз. Әр топ өзін таныстырып өтеді. Бұл айналымда
белгіленген ереже жоқ.Уақыты – 1минут.
2 – айналым.Тіл дамыту.Әр топ
өзіне тиесілі болған суретке қарап әңгіме құрайды. Берілетін уақыт
– 2 минут.
3 – айналым. «Кім жылдам?».
Бұл айналым бой сергіту үшін арналған.Сайыскерлер қиылған суретті
жинау керек.Уақыты – 30 секунд.
4 – айналым.Жаңылтпаштар
жаңылтудан жалықпаған,
Жаңылту жаңылтпашқа оңай
соққан, - дей отырып келесі айналым жаңылтпаш айту. Әр топ өзінің
дайындап келген 2 жаңылтпашын қарсыласына айтады, қарсылас топ
естіген жаңылтпашын қайталау қажет. Дәл, дұрыс айтқанына қарай
бағасын бересіздер.
5 – айналым. «Күміс қақпа». Әр
топ қарсыласына 2 жұмбақ жасырады.Берілген уақыты – 30
секунд.
6- айналым. «Әзіл
қартаймайды».Бұл айналымда әр топ бір әзіл әңгіме айтып немесе бір
әзілі бар көрініс көрсету керек. Берілген уақыты
–
7 – айналым. «Сөздік қор».
Берілген сөздегі әріптермен сөз құрау. Әр топ қанша сөз
құрады.Көптігіне мән береміз.Уақыты –
8 – айналым. Бәйгеге түсіп
жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәрбие, тәлім табар
ма?
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда, -
дей отырып, «Тапқыр болсаң, тауып көр».Логикалық сұрақ қойылады.
Уақыты –
9 –айналым. «Өнерлі өрге
жүзер» айдары. Мұнда әр топтан бір – бір сайыскер шығып, қойылған
әуенге билейді.
Қадірменді әділқазы алқасы
осымен «Мемлекеттік тілді білу - парызың» атты сайысымыз өз
мәресіне жетті. Әділқазы алқасына әр топтың өз бағасын беру үшін
уақыт берейік.Ал қазір кішкене әуен тыңдай отырайық.Сайыскерлерді
ортаға шақырғым келіп отыр.
Қазылар орнықтырар
әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты.
Білім мен тапқырлықтың
жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты, дей келе әділқазы алқасы өз шешімін беруге дайын сияқты.Сөз
кезегі...
Сайысымызды «Атамекен»
патриоттық әнімен аяқтағым келіп отыр.Қабыл
алыңыздар.