жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты"Менің алғашқы Президентім"
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы
мағлұмат беру;
2. Елбасының
өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,
халқын
сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген
сүйіспеншілік сезімін ояту,
құрметтеу
Оқушылардың орындауында «Әнұран»орындалады
Армысыздар құрметті көрермендер !
Бүгінгі студияға «Менің тұңғыш президентім» атты ашық тәрбие сағатына
Х.Шаяхметов атындағы орта мектептің 9 сынып атынан Айзагүл,Ержан,Мади,Рыскелді атты оқушылар келіп отыр.Студиямызға қош келіпсіздер деймін.
Оқушылар: Рахмет
Бүгінгі сабағымыз тікелей байланыста болғандықтан мына 40-426 телефонына қоятын сауалдарыңыз болса қоңырау шалыпуларыңызға болады.
1.Сабақтың мақсатымен таныстырып өту
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
2. -Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты
талантты
тұлғаның,
халқын
сүйетін
ұлтжанды
азаматтың
тұрғанын
көрмеу,
оны
сезінбеу мүмкінг емес
еді.
Мемлекет басшысы бұл
тұрғыдағы
тұжырымдарын биік
мінбелерден сөйлеген
сөздерінде қалың
елі қазағына
тебірене
тұрып –
«Мен үшін елімді
дамыған
елдердің
қатарына
тұрғызып,
санатына қосудан
үлкен
мақсат
жоқ» десе
«Қазақтың
өзінің
ұлттық
қасиеттерінің
қайта
қалыптасуына қамқорлық
жасау Президенттік
те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі –
машақатты
да, мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел –
ең бай мемлекет,
халқы
ең бақытты
халық.дей
келе алғашқы сауалымға кезек берейік
-
Президент сөзі қандай мағнаны білдіреді?(Ержан)
Жауап: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Жүргізуші:
Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!деген екен
Нұрағамыз
Жүргізуші:
-
Сұрақ: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен өмір жолы туралы не білесіңдер?
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаев
6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең
ауданындағы
Шамалған ауылында
туған.Балалық
шағы кейде айта
беретініміздей таршылық
жағдайда
өтті.
Үлкендердің
мал
бағуына,
бау-бақша
өсіруіне
көмек
көрсету
керек
болды, шөпшек теріп, отын
жарды.Өзі еске
алғандай,
өсірген
аз-маз өнімдерін сатып,
үй-ішіне қажетті заттар
алу үшін
есек жеккен арбамен жақын
маңдағы теміржол
стансасына бару дегенің
керемет
мереке саналған.Мектепті
жақсы
оқып,
жақсы білім
алды.Ата-анасын қатты
құрмет
тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен
Кеңес
Одағындағы аса
ірі Қарағанды
металлургия комбинатының
көлемді
құрылысына аттанды.Құрылыста біраз
еңбек еткеннен кейін
бір топ қазақстандықтармен
Украинаның
Днепродзержинск қаласына барып
металлург –жұмысшы
мамандығын
меңгерді.Бұл
шойын құюшы, домна
пешінің
көмекшісі жұмыстарын
атқарды, ал кейінірек
инженер дәрежесіне
көтерілді.
Сол жылдары оның
басшылық
қасиеттері
жарқырап
көрінді.Қалалық,
облыстық
және
республикалық
көлемде басшы
органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық
комбинатында партком хатшысы, Теміртау
қалалық,
Қарағанды
облыстық
және
республикалық
партия ұйымдарында
экономикалық
салаға жауап беретін
хатшы болды.
Жүргізуші:
- Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХҮІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздері күң болған» лениндік саясат салмағын, Сталиндік ақтаңдақ азабын, Брежневтік тоқырау тоспасын, Горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып,
3. Тәуелсіздіктің нұрлы таңын алып келген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президенттікке қай жылы сайланды?.(Айзагүл)
Телефон шалу
Бізде байланыста сұрақ қоямын деген көрерменіміз бар екен.Тыңдап көрелік.Алло тыңдап тұрмыз
-
Сұрақ: Мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран қай жылы бекітілген және нелер бейнеленген?
1992 жылы 4-маусымда
жаңа мемлекеттік
рәміздер
Елтаңба,
Ту, Әнұран
бекітілді.
Елтаңба
авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман
Уәлиханов.
Шаңырақ
–Отан
отбасынан басталады.ортақ
шаңырақ
биік,
босаға
берік болсын деген
мағынаны, ал
уықтар
–үлкен
үйдің
уықтарын шын
ниеттерімен қосыла
танытқан
елшілес
ел жұртқа
да бай, қуатты тілеймін
дегенді білдіреді.Ай
мүйізді,
алтын қанатты
қос
пырақ-арыстанның
жүректілігін, қыранның
қырағылығын,
өгіздің
қара
күшін,
еліктің
шапшаңдығын,
қырмызы
қызыл
түлкінің
жауын жер
соқтырар айлакерлігін
білдіреді.Бес бұрышты
жұлдыз
«Бағымыз ашылып,
жұлдызымыз
жарқырай берсін» деген
асыл арманды арқалап
тұр.
:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда
қабылданып, 6-маусымда
күшіне
енді.Тудың
ортасында
шұғылалы
күн,
оның астында қалықтап
ұшқан
қыран бейнеленген,
ішкі бұрышты
көгілдір
матаның
сол
жағында
қызыл
өрнегі
бар.Жалаудың
ұзындығы -2 метр,
ені-1метр. Жалаудың
жобасын
жасаған
–суретші Шәкен
Ниязбеков.
Мемлекеттік рәміздердің белгілері
Елтаңба төлқұжатта,
туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда
бейнеленген.
2.Ту президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық
мекемелерде бар. 3.Әнұран Республика,облыс, аудан көлеміндегі
маңызды салтанатты мәжілістерде
орындалады.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір
азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу –
елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу
болып табылады.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы Теңге
айналымға қай жылы өтті(Мәди)
1993 жылы
15-қарашада Қазақстан
Республикасының
Ұлттық
ақшасы
–Теңге
айналымға
енді.
Ақшам
шықты
өзімнің
тұңғыш
рет,
Білдім дербес елімнің
үлгісі
деп.
Бейнеленген хан, ақын,
ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып
тұрды
сурет.
Теңдікті айтып
тұр аты
теңге
деген,
Құт-береке болшы бір
елге келген.
Өз
туы,
елтаңба,
әнұраны
бар
Айтыңдаршы,
енді елім кем де неден?
Біздің байланысқа
тағы да бір көрерменіміз қоңырау шалып отыр.Сұрағыңызды қоя
беріңіз.Тыңдап тұрмыз.
Сұрақ:Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде қай ән
бекітілді және авторлары
кімдер?(Ержан)
2006
жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік
Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды.
Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар
Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау
рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне
жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі
ән.
Жүргізуші:
Әнұраным –жан
ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Жүргізуші:
Халқым
айтқан жер
көтерер ел
даңқын,
Елім айтқан ел
көтерер жер
даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса,
жас қазағым,
өр
халқым!
Оқушылар:
Далаңыз
егісті,Ордаңыз кеңісті,Отырған орныңыз келісті,Жұмысыңыз жемісті
болсын деп елбасымызға тілек тілей отырып, «Елім менің әнін» қабыл
алыңыздар
Жүргізуші:
:- Міне,
балалар, бүгін
өздеріңді
Тәуелсіз
еліміздің
болашағы
екендеріңді,
яғни,
нағыз
азамат
екендіктеріңді
көрсете
білдіңдер. Белгілі
ақын атамыз
Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді
еске
алсаң,
Өскеніңнің
белгісі.
Өткеніңді
ұмытсаң,
Өшкеніңнің
белгісі,
- деген екен. Сондықтан,
халқымыздың
бүгінгі
уақытқа дейінгі
жеткен жетістіктері өздеріңе аманат.
Сондай-ақ,
еліміздің
егемендігін танытатын ресми ерекшелік
белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз,
Туымыз, Ата
заңымыз,
Әнұранымызды
бойындағы
бойтұмарындай
сақтап
қана
қоймай,
қашанда
еліміздің,
жеріміздің
еркіндігін сақтар
мықты
ұрпақ,
мықты
азамат
болатындарыңа сенімім
мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
Барлығы:
Осы тәуелсіз
еліміздің
намысын қорғайтын,
бүгінімізді
ертеңіне
жалғайтын,
қазақ
елінің
ертеңі,
болашағы
үшін
жауап
беретін ұрпақ
екенімізді сезінеміз»
Осымен біздің ашық тәрбие сағатымызда өз соңына да жетті Көңіл бөлгендеріңізге көп-көп рахмет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген