400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Тәрбие сағатына арналғаң мақалалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеп сақтауға әдеттен
Материалдың қысқаша нұсқасы



Көшеде

Көшеге шығар алдында айнага карап,үсті- басыңды, киіміңді жөнге келтір.Таныс адамдар кездескенде 6ipiншi болып салем бер. Жасы үлкендермен және қыз баламен амандасқанда, 6ipiншi болып қол ұсынбай, олардың өздepi қол бергенше күте тұрган жөн. Қол бергенде қолғабыңды шеш. Қарсы келіп тұрган улкен kiciге, қыз балаға жол бер. Тұсыңнан өтіп бара жатып, 6ipey тайғанап кетсе, демеп қал, құлай қалса, тұруына көмектес. Қоғамдык көлікке отырарда есікген алдымен cepiгіңді немесе cepiк қызыңды өткіз Серігіңнің көңілін 6ip нәрсеге аудару кажет болса, саусағыңды шошайтып көрсетпей, оны сөзбен айтып білдірген жөн.





ҮЙДЕ

Үйіңе қонақ келгенде сәндірек киін, сөйтіп қонақтардың келгеніне қуанышыңды, оларды құрметтейтініңдј білдіресің Келген қонақтың пальтосын шешіп, iлуіне көмектес. Одан соң бөлмеге шақыр, алдымен қонағыңды кiргiз. Уйде бұрыннан отырған кici болса, бөлмеге жасы улкен адам кipce,оған досыңды таныстыр Қонақтың қалауы бойынша радио,телевизорды сөйлетіп қоюға болады Егер қонағың бір нәрсені бүлдіріпалса, оны байқамаған бол Дастархан басында бірінші болыпүй иесі отырады,бірақ тағамға қонақтан бұрын қол созба Қонақтар тамақ ішіп болғанша стол басынан тұрып кету ыңғайсыз Шығарып саларда қонақтың пальтосын кигізіп, есікті өзің аш





ТЕАТРДА

Театрга ойын басталардан ертерек кел. Асьқпай шешініп, таранып, программамен танысып, орныңа келіп отырасың. Киіміңді гардеробқа, к өткіз, нөмірін қалтаңа салып қой. Қолға ұстап жүрген келіспейді, әрі жоғалтып аласың. Өз билетіңде көрсетілген орынға ғана отыр Егер алдыңнан кісі өтсе,орныңнан тұрып жол бер Ойын жүріп жатқанда қасыңдағы адамдармен күбірлеспе Үзіліс кезінде жұртты кимелемей, гардеробқа тура жүгірмей, ойын бітіп, шымылдық жабылғанша орныңда отыр



ДАСТАРХАН БАСЫНДА

Тағамды асьқпай, аптықпай, жайлап iш. Ұртыңды толтырып алып сейлеуге болмайды. Тамақты тамсанбай, сораптамай iш. Ыстық тамақты суытамын деп үрлеуші болма, тәрелкені тықырлатпа. Eттi ұсактап турап же. Құс eтiн тарелкеден шанышқымен бөлшектеп алып, кейін сүйегін қолмен ұстап мүжуге болады. Балыкты да солай жеген дұрыс. Пышак жүзінен тағам жеуші болма. Бұл әpi әдепсіз, әpi қауіпті Пышақты оң қолыңа, шанышқыны сол колыңа ұста. Тағамды түгел жеп болғанша шанышкы мен пышақты қолдан-қолга ауыстырма. Компот сүйегін тарелкеге түкіріп тастама. Аузыңнан қасыққа түсіріп,соңынан тарелкеге сал, өзіңнен алыста тұрған ыдыстан тағам алмақшы болып столға асылып қол созба. Көршінің қол жалғап 6epyiн сұра. Тамакты ішіп болғаннан кейін қасығыңды жалама. Ұстаған пышагың мен қасығыңды дастархан үстіне тастай салма, тарелкенің ішіне қой. Босаған тарелкеңді көршіңнің бос тәрелкесінің үстіне рұқсатсыз қойма. Шай ішіп отырғанда шай қасықты кесеңнің ішінде қалдырмай, қантты араластырып болсаң, тарелкеңе сал. Тамақ iшіп отырып, кітап, газет оқуға болмайды. Нанды үгітпей қабығына дейін түгел же,оны қадірлей біл



ҚАЛАДА

Жакындап келе жаткан көліктіңалдынан өтіп кетем деуші болма, ол токтағанша не өтіп кеткенше тосып тұр. Көшеден өтерде әyeлi солға, жол ортасына жеткенде оңға қарау керек. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр. Көше қиылысында светофор болса, жасыл шам жанғанда немесе «Жүре бер» деген сөз көрінгенге дейін көшені кесіп өтуге болмайды. Аялдамада тұрған қоғамдық көліктің тек артынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың. Ал трамвайдың тек алдынан ғана өтуге болады. Әйтпесе оған қарсы келе жатқан трамвайды көре алмай қалуың мүмкін



ТАЗА болғың КЕЛСЕ...

Күнде таңертең, кeшкiciн беті-қолыңды, құлағыңды, мойныңды жууға дағдылан. Даладан келгенде, қол жууды ұмытпа. Тырнактың кө6eciндегi кірді кетіру үшін, саусақтың басын ысқышпен тазала. Күнде ұйықтар алдында аяғыңды жуып жатуды ұмытпа. Ticiңдi тазалап жүр. Tic арасына тұрып қалған тағам қалдықтарына зиянды бактериялар ұялайтынын ұмытпа. Апта сайын душқа, ваннаға не моншаға түсіп тұр. Қол –аяғыңның тырнағын өсірмей, өзің алып үйрен.

ҰКЫПТЫ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ...

Таңертең 6ip мезгілде оянуға дағдылан. Кітаптарыңды, басқа да заттарыңды 6eлгiлі 6ip орынға қоятын бол. Сонда керек нәрсеңді оңай тауып аласың. Бір жаққа барарда үйден әрқашан да ертерек шық. Қайда барсаң да кешіккеннен гөpi 2-3 минөт ерте келген әдептілік.

Жолдасыңнан 6ip нәрсе алсаң, ұмытпай, уақытында қайтарып беретін бол. Қолыңнан келмейтін iстi орындаймын деп ешқашан уәде берме. Ал уәде бердің екен, қайткенде де орындауға тырыс. Сөзіңдe тұр.

ӘДЕМІ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ...



Киімің қарапайым да ықшам болсын. Жүpiп тұрғанда, жұмыс icтeгенде, ойнаған кезде тарлық жасап, не кepiciншe, қолпылдап тұратын болмасын. Киіміңді жасыңа қарай ки. Үлкендер тағатын әшекейдің балаларға қажеті жоқ. Адамның көркі-тазалығы мен ұқыптылығы. Жақсылап үтіктелген таза да қарапайым көйлек қиқы-жиқы умаждалып, ұйпалақталған жібек көйлектен әлде қайда әдемі. Өз киіміңді күтіп ұстауға дағдылан. Шулық жамау, түйме қадау, киім үтіктеуді уйрен. Кeшкілікте пальтоң мен аяқ киіміңді тазалап қоюды естен шығарма. Таза ауада қыдырып, ойна. Үйьқтар алдында да таза ауада болған жақсы. Қыста белмеңді жиі желдетіп отыр, ал жаздыгүні терезені ашып қойып үйьқта.

Т әрбие сағатына қорытынды жасалады. Адамгершіліктің aлғы шарты-әдептілік. Осындай үлгі-өнеге боларлық көргендікті ретіне қарай кез келген әнгімеден мысалдар келтіріп, түсіндіріп отыру балаларға өте пайдалы, әpi тиімді екеніне тоқталуға болады. «Жақсыдан - үйрен, жаманнан - жирен» деп, мағынасын түсіндіріп, «әдеп - әдеттен» екенін ұғындыру керек. Өйткені жақсы әдеттерді жастардың бойына халықтың, заманның тілегіне сай cіңіріп, терең тарату ата-аналар мен ұстаз — тәрбиешілер қолында, ceбeбі, халық игілігін арттырып, елді ырысқа кеңелтетін осы жас буын келешек жеткін шектер.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі