Материалдар / Тәрбие сағатының 1жарты жылдық бойынша есебі 1 сыныпқа 2024-2025 оқу жылы

Тәрбие сағатының 1жарты жылдық бойынша есебі 1 сыныпқа 2024-2025 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының 1жарты жылдық бойынша есебі 1 сыныпқа 2024-2025 оқу жылы
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

2024-2025 оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізілген « » сыныбының тәрбие

жұмысының бірінші жартыжылдығының есебі:

Мақсаты:

Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.


Сыныпта ---- оқушы бар. Оның --- ұл бала, --- қыз бала. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды.

Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды.


Оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, сынып тақталарында және т.б. орналастырылды.

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

  • 1-апта дәйексөзі: Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына (Мұзафар Әлімбаев)

02-06.09.2024ж

  • 2-апта дәйексөзі: Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!

09-13.09.2024ж.

  • 3-апта дәйексөзі: Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! (Абай)

16-20.09.2024ж.

  • 4-апта дәйексөзі: Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы.(Абай)

23-27.09.24ж.

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

  • 1-апта дәйексөзі: Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!

30.09-04.10.24ж.

  • 2-апта дәйексөзі: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!

07-11.10.24ж.

  • 3-апта дәйексөзі: Отанды сүю – отбасынан басталады!

14-18.10.24ж.

  • 4-апта дәйексөзі: Отаным – алтын бесігім!

21-24.10.24ж.

Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;

  • 1-апта дәйексөзі: Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!

04-08.11.24ж.

  • 2-апта дәйексөзі: Тура биде туған жоқ!

11-15.11.24ж.

  • 3-апта дәйексөзі: Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі

18-22.11.24ж.

  • 4-апта дәйексөзі: Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!

25-29.11.24ж.

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

  • 1-апта дәйексөзі: Бірлігі күшті ел озады

02-06.12.24ж.

  • 2-апта дәйексөзі: Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді

09-13.12.24ж.

  • 3-апта дәйексөзі: Бірлік болмай тірлік болмас

16-20.12.24ж.

  • 4-апта дәйексөзі: Ынтымақ – бұзылмайтын қорған

23-27.12.24ж.


«Қауіпсіздік сабағы», – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізіліп отырды.

«Тәрбие сағаттары» қалған 35 мин өткізілді

Атап өткенде:

  • 1 қыркүйек -Білім күні.«Мектебім-мейірім мекені!»Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 1-САБАҚ:1-сыныптар: «Төтенше қызмет нөмірлері».

  • Жол қауіпсіздігі ЖЖЕ №1«Көше күтпеген оқиғаларға толы» / «Мен және менің отбасым» (видеоролик жасау)Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 2-САБАҚ:1- сыныптар: «Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері»

  • «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады»Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 3-САБАҚ1- сыныптар: «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?»

  • «Еңбегі адал жас өрен» жобасы«Еңбек түбі береке» Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 4-САБАҚ1-сыныптар: «Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану ережелері»

  • «Қамқор» жобасы «Табиғатты қорғау -біздің міндетіміз» Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 5-САБАҚ1-сыныптар: «Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?»


  • «Аялдау жолы және қозғалыс жылдамдығы» ЖЖЕ №2 /«Даналық ұстаздан» челленджіҚауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 6-САБАҚ1- сыныптар: «Дүкенге алғашқы рет жалғыз бару»

  • «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 7-САБАҚ1- сыныпта: «Біріктіруге болмайтын өнімдердің комбинациясы»

  • «Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Ұлттық мереке 25 қазан – «Республика күні» «Республикам – мақтанышым!»Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№8-САБАҚ1- сыныптар: «Ата –аналармен құпия сөз»

  • «Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Оян, ар мен адалдық!»Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 9-САБАҚ1- сыныптар: «Жасанды интеллекті мүмкіндіктері. Ата – аналардың дауыстарымен қоңырау шалу»

  • 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні «Ұлттық валюта-теңге» Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 10-САБАҚ1-сыныптар :«Су қоймаларындағы қауіптер

  • «Буллингтен қорған!»Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 11-САБАҚ1-сыныптар: «Төтенше қызмет нөмірлері».

  • «Жүргіншілер өтпелері . Бағдаршам»ЖЖЕ №3/«Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі»Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 12-САБАҚ1- сыныптар: «Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері»

  • «Қамқор» жобасы «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» акциясыҚауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 13-САБАҚ1- сыныптар: «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?»

  • «Буллингтен қорған!» / «Реттелетін, реттелмейтін көше қиылыстары. ЖЖЕ №4Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 14-САБАҚ1-сыныптар: «Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану ережелері»

  • «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 15-САБАҚ1-сыныптар: «Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?»

  • «Бірлік және ынтымақ» құндылығы»«Жаңа жылдық тарту»Қауіпсіздік сабағы (10 минут)№ 16-САБАҚ1- сыныптар: «Дүкенге алғашқы рет жалғыз бару»

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастырылды – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесу жүргізіп отырды.

«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірленіп оқушылар арасында таратылды.

Атаулы күндерге ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Біртұтас тәрбие сағаттары да өз дәрежесінде өткізілді.

Әр тоқсан сайын ата-аналар жиналысы жоспар бойынша өткізіліп, хаттамасы жазылды.

Жоспар бойынша ұлдар жиналысы өткізіліп хаттамасы жазылды.

Жоспар бойынша қыздар жиналысы өткізіліп хаттамасы жазылды.

Мектепішілік Алтын күз мерекелік жарысқа сынып оқушылары белсене қатысты.

Республикалық, облыстық, аудандық олимпиада жарыстардан жүлделі орын алып келген оқушыларды арнайы лездемеде марапаттап сыныппен қолдау көрсетіп отырдық.

Сыныпта өткізілетін тәрбие сағаттары мен тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың уақытында өткізілуі нәтижесінде құқық бұзушы бала, ата-ана жоқ.

Нәтиже: Оқушылардың бойынан жүргізілген әрбір тәрбие сағаттары арқылы Отанға , мектепке, отбасына деген сүйіспеншіліктері оянды. Адамгершілік, имандылық, үлкенді сыйлау, кішіге көмек қолын созу, көпшілік ортада, жолда өзін қалай ұстау керек екенін үйренді. Мен оны оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысуынан байқадым.









ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Фариза
26 Желтоқсан 2024
1248
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі