400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағатының бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
1,2,3,4 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие жұмысының жылдық жоспары

2016-2017 оқу жылы


Тәрбиенің мақсаты:

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.       Жаңа қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2.       Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3.       Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4.       Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

5.       Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.

6.       Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

7.       Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8.       Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 








Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда

күтілетін  нәтижелер.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:

-               Қазақстанда жеке тұлға іс- әрекетінің дұрыс уәждемелік- құндылықты аясын;

-               Білім алушы жастарда Қазақстанндық патриотизмді, азаматтық өзіндік санасын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, толеранттылық және рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың артып отырған деңгейін;

-               Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;

-               Рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;

-               Бала тұлғасын қалыптастыруда ата- аналардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруді;

-               Білім беру ұйымдарыда көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытудың;

-               Тұлғаның дамыған экономикалық ойын және кәсіби қалыптасуға саналы  қарым- қатынасын қалыптастыруды; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін;

-               Табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алу мен өзін- өзі жүзеге асыруды, отбасы институтының өзін- өзі дамыту мен өзін- өзі тәрбиелеуін нығайтуға саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.













Тәрбие жұмысының бағыттары:

Тәрбие жұмысының бағыттары


Мақсаты:

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани- адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

3

Ұлттық тәрбие

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

4

Отбасы тәрбиесі

Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.






Қыркүйек

Тәрбие жұмысының бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

«Мектепке жол» акциясы

01.08.16-30.09.16

Сарыбаева А Омирбекова Ж Қоғамдық инспекторлар Сынып жетекшілер

Балалардың құқығын қорғау мақсатында қоғамдық комиссия құрамын құру

29.08.2016

Сарыбаева А

Қоғамдық инспекторлар

30 Тамыз - Конституция күні: «Ата - заңым қастерлім!» салтанатты жиынға қатысу, стенд безендіру

30.08.2016

Сарыбаева А Омирбекова Ж

«Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында 2016-2017 оқу жылының 1-қыркүйек-Білім күні салтанатты жиын өткізу

01.09.2016

Сарыбаева А Омирбекова Ж Сынып жетекшілер

1-қыркүйек-Білім күнінің сынып сағаты: «Мен өз Отанымның патриотымын»

01.09.2016

Сарыбаева А Омирбекова Ж Сынып жетекшілер

ЖЖЕ бойынша акция «Абайла жас дос!»

-Стенд безендіру

-Тест «Жол әліппесін білесінбе?»

-Әңгіме жүргізу ЖЖЕ бойынша

-Жол схемасын жасап, бекіттіру

- «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» тәрбие сағаты

- «Жол ережесін есте сақта» ашық шара

01.09-15.09

01.09

08.09

09.09


05.09

14.09

Сарыбаева А Омирбекова Ж

Сералиева А

Бармақова Т, Абитова Н

Сауранбаева Д


Сынып жетекшілер

Міркәрім М

Алдын – алу тобының отырысы

06.09.2016

27.09.2016

Сарыбаева А

Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау. Рейд

Күнделікті

Омирбекова Ж Сын. жет

«Жас Қыран» тобына қабылданатын оқушыларды анықтау «Жас Қыран» тобына қабылданушыларды ұйымның ережесімен, бағыттарымен таныстыру

Қыркүйек

Омирбекова Ж

Сын.жетекшілері

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

Әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды анықтап, іс-құжаттарын реттеу іс-құжаттарды ретке келтіру

01.09-10.09

Сарыбаева А

Қоғамдық комиссия

Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуын қадағалау бойынша рейдтер жүргізу .

Жыл бойы

Омирбекова Ж

Қоғамдық комиссия

ЖБББ қорынан көмек қажет ететін оқушыларды анықтап, іс-құжаттарын реттеу .Тізім

01.09-10.09

Сарыбаева А

Қоғамдық комиссия

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерді анықтау, есебін жүргізу. Ауданға мәлімет беру

01.09-10.09

Сарыбаева А

Қоғамдық комиссия

«Мейірімділік-Асыл Қасиет» тәрбие сағаты

28.09.2016

Смағұлова А

3



Ұлттық тәрбие

Ұлдар, қыздар жиналысы

16.09.2016

Омирбекова Ж

Сыдықбаев А , Абикенова Ғ

«Тіл туралы» айлық жоспарын бекіту. Іс-шараны ұйымдастыру.

Ай бойы

Адамова Г

«Туған тілім-елге мұра, ұрпаққа ұран!» ашық шара


Мамырқұлова Н

«Бір ел-бір кітап» кітап көрмесі

19.09.16

Мұсабекова Ж

«Тіл тағдыры-ел тағдыры» қабырға газеттерінің байқауы 5-8 с

12.09-22.09

Омирбекова Ж сын.жет

«Тілім менің-ғасырлардан аманат» тәрбие сағаты

17.09.16

Асылбаева Ж

4

Отбасы тәрбиесі

«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық аптаға орай өтетін іс-шарасын өткізу

05.09-12.09.16

Сарыбаева А , Омирбекова Ж

Сынып жетекшілер

«Берік отбасы – адамның сенімді тірегі» тақырыбында суреттер байқауы

05.09-12.09.16

Исмайлов Е

Тәуелсіз елімнің «Үздік отбасы» байқау

15.09.16

Сералиева А

«Әке отбасы тірегі» атты әкелер арасында волейболдан жарыс

10.09.16

Дене шынықтыру бірлестігі

1 ата –аналар жиналысы

27.09.16

Сарыбаева А Сынып жетекшілер

Мектепішілік ата-аналар комитетін сайлау, жоспарын бекіту

27.09.16

Сарыбаева А

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

«Еңбек түбі береке» тақырыбында тәрбие сағаты 1-11 сынып

12.09.2016

Сынып жетекшілер

Таза сенбілік

Ай бойы

Омирбекова Ж сын.жет

«Бабалар мұрасын сақтаймыз, жетілдіреміз» көрме

20.09.16

Абикенова Ғ, Иембердиева М

«Біз өз жеріміздің табиғатын сақтаймыз» тәрбие сағаты 1-4 с

19.09

1-4 сынып жетекшілер

«Гүл – ғажайып дүние» кабинеттерге гүл өсіру

Ай бойы

Сынып жетекшілер

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

«Сәлем саған , Алтын күз!» суреттер байқауы

26.09-31.10

Исмаилов Е

Мектеп ережесімен оқушыларды таныстыру

Ай бойы

Сынып жетекшілер

Оқушыларды үйірме жұмысына тарту (үйірме таңдау)

01.09-10.09

Сынып жетекшілер, үйірме жетекшілері

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Үйірмелерге жазылу

01.09-12.09.16

Сынып жетекшілер

Тәртібі қиын оқушыларды үйірмелерге қатыстыру

01.09-12.09.16

Сарыбаева А , Психологтар

Сынып жетекшілер

Мамандық туралы хабардылығың ( сауалнама)

Ай бойы

Психологтар

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру

Ай бойы

Сынып жетекшілер

Таңғы жаттығу

Күнделікті

Омирбекова Ж

Дене шынықтыру бірлестігі

«Бақытың да, байлығың да – Денсаулық» ұранымен денсаулық күнін өткізу


10.09.16

Сарыбаева А Омирбекова Ж

Сынып жетекшілер

Дене шынықтыру бірлестігі

«Әке отбасы тірегі» атты әкелер арасында волейболдан жарыс

10.09.16

Дене шынықтыру бірлестігі








Қазан

Тәрбие жұмысының бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

«Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел мұраты»1-4 сынып оқушыларын ауылдық мұражайға саяхатқа апару

15.10.2016

1-4 сынып жетекшілер

«Ел бақыты – Тәуелсіздік!» кітаптар көрмесі

22.10.2016

Мұсабекова Ж

Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау. Рейд.

Күн сайын

Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған күніне 175 жылдығына арналған салатантта жиын

18.10.16

Сарыбаева А Омирбекова Ж Мамырқұлова Н

Сынып жетекшілер

Тәрбиесі қиын балаларды бақылау (сабаққа қатысуы, үлгерімі, тәртібі)

Айына 2 рет

Сарыбаева А, Омирбекова Ж

сынып жетекшілер

Алдын – алу тобының отырысы

04.10.2016

25.10.2016

Сарыбаева А

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

«Қарттарға қамқорлық жасайық!» қарттар күніне арналған акция

01.10.16

Омирбекова Ж, өзін-өзі басқару ұйымы

Ардагер ұстаздарға құттықтау хаттар жолдау

01.10.16

Абдукайымова Х

«Қарттарым асыл қазынам» тәрбие сағаты

01.10.16

Бармақова Т

«Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» мерекелік концерт 11а,ә сыныптар

05.10.16

Мамырқұлова Н , Адамова Г

«Жырлаймын ұстаз өзіңді» оқушылардың өз шығармашылығынан байқау

26.09-05.10.16

Сауранбаева Д, Имирова М

«Ұлттың ұлы ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында стенд безендіру

15.09.16

Сарыбаева А Омирбекова Ж Тоқтар Н

«Дала жұлдызы- Ыбырай Алтынсарин» эссе жазу байқауы

15.09.16-19.09.16

Қайыпбаева С

«Ұстаздың ұлы келбеті» суреттер байқауы

15.09.16-19.09.16

Исмайлов Ө

"Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері" слайд жасау

15.09.16-19.09.16

Информатика пәнінің мұғалімдері

«Даланың дара ұстазы» қабырға газеттерінің байқауы

15.09.16-19.09.16

Сынып жетекшілер

Мүгедектер күніне орай үйден оқытылатын оқушылармен кездесу ұйымдастыру.

10.10

Сынып жетекшілер

3



Ұлттық тәрбие

Ұлдар, қыздар жиналысы

21.10.2016

Омирбекова Ж

Сыдықбаев А , Абикенова Ғ

Мектепішілік есепте тұратын оқушылармен әңгіме , сұхбат жүргізу

15.10.16

Сарыбаева А, Омирбекова Ж, психологтар

Оқушылардың оқудан қашу себептерін анықтау

Сауалнама

Үнемі

Сынып жетекшілер

Сабаққа кіру, әңгімелесу, тест жүргізу, сауалнама алу. Тәртібі нашар балаларды анықтау

Үнемі

Сарыбаева А, Омирбекова Ж, психологтар

4

Отбасы тәрбиесі

Мектепішілік есепте тұратын оқушылардың ата-аналарымен әңгіме жүргізу

27.10.16

Сарыбаева А, Омирбекова Ж, психологтар

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына күзгі жәрмеңкеден түскен қаражаттан көмек көрсету

17.10-29.10.16

Сарыбаева А, Омирбекова Ж, Сынып жетекшілер

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мектепішілік сенбіліктер ұйымдастыру

Ай бойы

Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын,тазалығын, кітап тазалығын тексеру

24.10-29.10.16

Омирбекова Ж, өзін-өзі басқару ұйымы

Өзін-өзі басқару күнін ұйымдастыру

05.10.16

Омирбекова Ж, өзін-өзі басқару ұйымы

«Күз-мереке,күз-береке»күздік жәрмеңке (қайырымдылық акциясы)1-11с.

22.10.16

Сарыбаева А, Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

Оқушылардың күнделіктерінің жүргізілуін тексеру

29.10.16

Сарыбаева А,Омирбекова Ж, коммисия мүшелері

Тазалық күнін жүргізу

Сенбі

Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

Оқушылардың күзгі демалысында өтілетін іс-шаралардың жоспарын жасау

25.10.16

Сынып жетекшілер

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Кезекшілік журнал бойынша сабақ қалдырған оқушылардың есебін шығару, өзін-өзі басқару комитетінде мәселені қарау


Сарыбаева А,Омирбекова Ж, өзін-өзі басқару ұйымы

Мектеп мүлкінің сақталуына көңіл бөлу

17.10-22.10.16

Сарыбаева А, Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

Күзгі балл

26.10.16

27.10.16

29.10.16

1-4 Міркәрім М

5-7 Бағашарова Ш

8-10 Имирова М

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Қазақстан инновациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу (9-11сыныптар)

28.10.16

Сарыбаева А, Омирбекова Ж,

ҚР Рәміздерін білу деңгейлерін анықтау үшін тест алу 2-11 сыныптар

12.10.16

Темиркулова Г

Тілашар

29.10.16

1а -9:00 Омарова С

1ә-10:00 Уразыметова Р

1б-11:00 Сембаева Б

1в:12:00 Абдыкадырова Л

Мамандық таңдауға байланысты жекелеген оқушыларға психологиялық кеңес

Ай бойы

Психологтар

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Таңғы жаттығу

Күн сайын

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

Мектеп оқушыларының денсаулығын қадағалау

Күнделікті

Медбикелер , сынып жетекшілер

Спорт секцияларының жұмысын қағалау

Үнемі

Сарыбаева А

Адамның жүйке жүйесіне кері әсер тигізетін зиянды заттар жайлы кеңестер, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, сауалнама, тест алу. Денсаулық бұрышын ұйымдастыру






Қараша

Тәрбие жұмысының бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

«Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері» тақырыбында «НұрОтан» партиясының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізу

15.11.2016

Иембердиева М

«Менің шағын Отаным»тақырыбындағы фотоколлажы (5-11сыныптар)

21.11.16-28.11.16

Омирбекова Ж.Белсенді оқушылар

«Сен өз құқығыңды білесің бе?» заң қызметкерлерімен кездесу

19.11.2016

Омирбекова Ж, өзін-өзі басқару ұйымы

«Ата заңым ардақты» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

21.11.2016

Наурызбекова Н

«Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер!» тақырыбында ашық шара

22.11.2016

Сәлімақынова Б

«Мәңгілік ел» тәрбие сағаты 1-11 сынып

07.11.16

Сынып жетекшілер

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» мұражайға саяхат 5-6 сынып оқушыларымен

22.11.2016

5-6 сынып жетекшілері

«Шекараны бүкіл ел қорғайды» ашық тәрбие сағаты

23.11.2016

Шабанбаева Ә

«Тілім менің- тірлігімнің айғағы» тақырыбында эссе жазу байқауы

24.11.2016

Серік А

«Бүгін - Ұлттық валюта - теңге күні «тақырыбында тәрбие сағаты 1-11 сынып

28.11.2016

Сынып жетекшілер

«Ұлттық валюта – төл теңге» тақырыбында тізбек өткізу

28.11.2016

Омирбекова Ж

Сынып жетекшілер

«Елін сүйген Елбасы» ашық тәрбие сағаты

29.11.2016

Сауранбаева Д

«Ғасыр дертінен құтылған Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында ашық шара

29.11.2016

Адамова Г

«Менің Елбасым»  жас ақындар шығармашылығы

25.11-30.11.16

Қазақ тіл бірлестігі

«Ел сенімін ақтағанЕлбасы» тақырыбында стенд безендіру

25.11-30.11.16

Омирбекова Ж, Ракишова М

«Менің Қазақстаным» тақырыбында қабырға газеттер байқауы

30.11.16-15.12.16

Омирбекова Ж , Сынып жетекшілер

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» салтанатты жиын

30.11.16

Абдукайымова Х

«Мен Елбасын мақтан тұтамын» тақырыбында эссе жазу

30.11.16

Қазақ тілі бірлестігі

Алдын – алу тобының отырысы

08.11.16

29.11.16

Сарыбаева А

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

Ризашылық күніне орай ауылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік концерт ұйымдастыру

18.11.16

Омирбекова Ж белсенді оқушылар

Мектептің , асхананың тазалық жағдайы, ыстық тамақтың ұйымдастырылуы

14.11-19.11.16

Омирбекова Ж

Асханадағы оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалау

Жыл бойы

Омирбекова Ж, қоғамдық инспекторлар

3



Ұлттық тәрбие

Ұлдар , қыздар жиналысы №3

18.11

25.11

Сыдықбаев А

Әбікенова Ғ

«Ата-баба жері-алтын бесік» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізу (8-9 сыныптар)

15.11.16

Омирбекова Ж

Сабақты көп қалдыратын, тәртібі нашар оқушыларды анықтап ата- аналарымен кездесу, үйлеріне бару

Үнемі

Сарыбаева А, Омирбекова Ж, психологтар

4

Отбасы тәрбиесі

«Тәуелсіздік – ел тірегі» тақырыбында №2 жалпы ата-аналар жиналысында баяндама оқу

02.11.2016

Сембаева Б

Ата – аналар жиналысы №2

01.11-04.11

Сынып жетекшілер

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

«Мен кім боламын?» шығарма жазу

14.11-23.11

Сынып жетекшілер

Сыныпта тазалық жұмыстарын жүргізу

Әр сенбі

Сынып жетекшілер

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Каникул мерзіміндегі іс-шараларға қатысу 2-11 сыныптар

01.11-05.11

Сарыбаева А, Омирбекова Ж Сынып жетекшілер

Мектеп кезекшілігін ұйымдастыру

Жыл бойы

Омирбекова Ж

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Кітап көрмесі «ЭКСПО 2017»

07.11-12.11

Мұсабекова Ж

Мамандық таңдау – болашақты таңдау (пікіралмасу)

14.11-19.11

Сынып жетекшілер

Пәнге байланысты көмектер ұйымдастыру ( кәсіптік бағдар беру)

Ай бойы

Психологтар, пән мұғалімдері

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

19-қараша –«Халықаралық темекіге қарсы күрес» күніне орай іс-шара ұйымдастыру

«Темекі – сенің жауың» атты бұрыштар ұйымдастыру

14.11-19.11.16

Омирбекова Ж.Белсенді оқушылар

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында сынып оқушыларынан диктант алу

07.11-12.11.16

Медбикелер

«Біз СПИДке қарсымыз»сурет байқауы

24.11-30.11

Исмайлов Ө

 Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне арнаған акция

14.11-19.11

Сынып жетекшілер







Желтоқсан

Тәрбие жұмысының бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

«Менің Отаным Қазақстан!» ашық шара

13.12.16

Матекова Н

 «Өнеге отбасынан» отбасы құндылықтарын насихаттау барысында ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағаттарын өткізу

02.12.16

Қайыпбаева С

«Ұлт саулығы- келешегіміздің кепілі» дәрігерлермен кездесу 5-8 сынып

03.12.16

Байжарасова Л

Тәуелсіз Қазақстанның спорттағы өткені мен бүгінгі жетістіктері тақырыбында

-1-11 сынып тәрбие сағаттарын өткізу

-1-4 сынып әңгіме сұхбат жүргізу

-қабырға газеттері байқауы 5-11 сынып

05.12.16

Омирбекова Ж

Сынып жетекшілер

«Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» тақырыбында ашық шара

07.12.16

Әбікенова Ғ

«Нұрлы болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу 10-11 сынып

08.12.16

Мамырқұлова Н

«ЭКСПО-2017» тақырыбында тәрбие сағаттары 1-11 сынып

12.12.16

Сынып жетекшілер

«Астана –Отанымыздың жүрегі» ашық шара

14.12.16

Абитова Н

«Мәңгілік ел» тақырыбында

  • Суреттер байқауы 1-4 сынып

  • Қабырға газеттері байқауы 5-8 сынып

  • Эссе жазу 9-11 сынып



15.12.16

Омирбекова Ж

Исмайлов Е

Сынып жетекшілер

Серік А

"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" салтанатты жиын


15.12.16

Сағ: 12:15

Сарыбаева А

Омирбекова Ж

Шажабаева Т

 «Өнеге отбасынан» отбасы құндылықтарын насихаттау барысында ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағаттарын өткізу

02.12.16

Қайыпбаева С

"Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына жаңа мүшелерді қабылдау

15.12.16

Сарыбаева А Омирбекова Ж

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға базарлық» акциясы

28.12.16

Сарыбаева А Омирбекова Ж

«Қазастан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері » тәрбие сағаты 1-11 сыныптар

19.12.16

Сынып жетекшілер

«Жасөспірім мен көше»ата- анамен әңгіме 

Үнемі

Сарыбаева А Сандыбаева М Сынып жетекшілер

3



Ұлттық тәрбие

ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл іс-шараларға қатысу

12.12-17.12

Сарыбаева А Омирбекова Ж Сынып жетекшілер

Ұлдар , қыздар жиналысы

16.12

23.12

Сыдықбаев А

Әбікенова Ғ

4

Отбасы тәрбиесі

Мүмкіндігі шектеулі отбасыларын жаңа жылдық мерекеге қатысуларына көмек көрсету

19.12-31.12

Сарыбаева А Омирбекова Ж Сынып жетекшілер

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына жаңа жылдық сыилықтар ұйымдастыру

19.12-31.12

Сарыбаева А Омирбекова Ж Сынып жетекшілер

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Жаңа жылдық шыршаны безендіруге ойыншықтар жасау

19.12-24.12

Омирбекова Ж Сынып жетекшілер

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

«Қош келдің Жаңа жыл-2017» кесте бойынша

24.12-29.12.16

Сарыбаева А

Омирбекова Ж сынып жетекшілер

«Қош, сүйікті Әліппем!» 1аәбв

20.12.16

Құрманбаева Р 1 сынып жетекшілері

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Адам өмірі - басты құндылық» тәрбие сағаты

25.12.16

Пәзілұлы Е

«Интернеттің зияны мен пайдасы» дебат

06.12

Серік А

Оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына көмек беру

Үнемі

Психологтар

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

1 желтоқсан «ЖҚТБ-ға жол жоқ» қабырға газеттері байқауы

01.12.16

Омирбекова Ж, Сынып жетекшілер

«Салауатты өмір- көтеріңкі көңіл» тәрбие сағаты

10.12.16

Сауранбаева Д

«Тұмау ауруларының алдын алу»

1-4 сынып диктан алу

5-8 сынып дәрігерлермен кездесу өткізу

9-11сынып әңгіме жүргізу

Ай бойы

Медбикелер

Сауранбаева Д

Әбікенова Ғ

Абдукайымова Х

Оқушыларды  дәрігерлік байқаудан өткізу

Жыл бойы

Медбикелер















Қаңтар

Тәрбие жұмысының бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

«Түнгі ауылдағы балалар» (сағат 22-ден кейін) Тоқсанына 1 рет

Әр сенбі

Сарыбаева А Омирбекова Ж Сандыбаева М Сынып жетекшілер

«Жас Қыран» , «Жас Ұлан» тобының отырысы

18.01.17

Омирбекова Ж

6-11 сынып оқушылары арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының алдын-алу, суицидтік мінез құлықты балаларды анықтау. Психологиялық сауалнама

Жыл бойы

Психологтар

«Жеке өзіңнің қауіпсіздігің»-мектеп оқушыларын зорлық-зомбылықтан өзін-өзі қорғаудың, жеке басының қауіпсіздігінің әдіс тәсілдерін үйрету .Сынып сағаттары

16.01.17

Сынып жетекшілер

Тәртібі қиын оқушыларды есепке алу олармен тәрбие жұмыстарын жүргіз

Жыл бойы

Сарыбаева А , психологтар

Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру

09.01.17

Сынып жетекшілер

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

«Мейрімділік – асыл қасиет» тәрбие сағаты

26.01.17

Бағашарова Ш

«Достық неден басталады?»пікірталас 5-7сыныптар

21.01.17


Мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетуде ерікті демеушілерді тарту

Жыл бойы

Сарыбаева А

3

Ұлттық тәрбие

Ұлдар,қыздар жиналысын өткізу-№5

27.01.17

Сыдықбаев А Әбікенова Ғ

4

Отбасы тәрбиесі

«Ана- отбасы тірегі, мейірімділіктің жүрегі» тәрбие сағаты

28.01.17

Ракишова М

«Отбасындағы менің міндеттерім» тәрбие сағаты

27.01.17

Серік А

Отбасы аз қамтылған, жартылай жетім, көпбалалы отбасылар балаларына тегін тамақ ұйымдастыру

Жыл бойы

Омирбекова Ж

Ата-аналар жиналысы №3

02.01-07.01.17

Сарыбаева А, сынып жетекшілер

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Қарттар кісілерге көмектесу (ауласын қардан жинау)

Ай бойы

8-9 сынып жетекшілер

«Оқушы үні»стендінің жүргізілуін қадағалау

Ай бойы

Омирбекова Ж, белсенді оқушылар

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Сыйласа білесіз бе? Ашық шара

19.01.17

Сауранбаева Д

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Интернеттің пайдасы мен зияны» туралы пікірталас өткізу (7-10сыныптар)

12.01.17

Омирбекова Ж,

Белсенді оқушылар

«Мамандық таңдау-маңызды шешім» тренинг 9-10сыныптар

20.01.17

Иембердиева М

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Саниталық және наркологиялыққа қарсы жұмысын ұйымдастыру

Үнемі

Сарыбаева А Сынып жетекшілер

Аудандық спорттық жарыстарға қатысу

Жыл бойы

Дене шынықтыру пән бірлестігі

Оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру
Спорттық жарыстар (волейбол, баскетбол, футбол)

01.01-08.01

Омирбекова Ж.

Дене шынықтыру бірлестігі

«Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тәрбие сағаты 1-11 сынып

09.01.17

Сынып жетекшілер


Ақпан

Тәрбие жұмысының бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

«Елімнің рәміздері менің мақтанышым»тәрбие сағаты 1-11.

13.02.17

Сынып жетекшілер

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

21.02.16

Асылбаева Ж

«М.Мақатаев-қазақтың лирик ақыны» поэзиялық кеш (5-9с)

08.02.16

Адамова Г

«Қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі –Мұқағали» тәрбие сағаты 1-11 сынып

06.02.17

Сынып жетекшілер

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тәрбие сағаты

07.02.17

Темиркулова Г

«Рәміздер мақтанышым!» байқау


01.02-04.02

1-4 сынып Сауранбаева Д

5-8сынып Смағұлова А

8-11 сынып Имирова М

Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру

01.02.17

Сынып жетекшілер

«Құқық – әділет пен парасат жолы»  заң қызметкерлерімен кездесу

10.02.17

Сарыбаева А

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

М.Мақатаев туған күніне іс-шаралар ұйымдастыру

08.02.17

Сарыбаева А, Омирбекова Ж

3



Ұлттық тәрбие

Жігіт сұлтаны -2017

22.02.17

23.02.17

24.02.17

1-4сынып Сембаева Б

5-7 сынып Абитова Н

8-10 сынып Наурызбекова Н

«Имандылық – ізгілік негізі» тәрбие сағаты

09.02.17

Шажабаева Т

Ұлдар,қыздар жиналысын өткізу №6

24.02.17

бикенова Ғ,Сыдықбаев А

«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тәрбие сағаты

17.04.17

Сынып жетекшілер

4

Отбасы тәрбиесі

«Тәртіп отбасынан басталады» пікір талас

03.02.17

Тоқтар Н

Жасөспірімнің отбасындағы жағдайы және ата – анасымен қарым – қатынасы

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Тазалық күнін жүргізу

Сенбі

Сынып жетекшілер

Мектепішілік кезекшілктің жүргізілуін тексеру

Үнемі

Омирбекова Ж

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

«Сәлем түзелмей,әлем түзелмейді» тәрбие сағаты

25.02.16

Уразыметова Р

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Өмір қымбат» тәрбие сағаты

28.02.17

Ракишова М

Мектеп оқушыларына тақырыптар бойынша тесттер, сауалнамалар алу, мониторинг жасау

Жыл бойы

Психологтар

«Сан мамандық түрі бар, таңдап –талғап бірін ал» ашық шара

11.02.17

Адамова Г

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

«Дені саудың – жаны сау» тәрбие сағаты

16.02.17

Матекова Н

«Әкем, шешем және мен» спорттық байқау

17.02.17

Пәзілұлы Е

«Есірткісісіз болашақ» қабырға газеттерінің жарысы

13.02-18.02

Омирбекова Ж, белсенді оқушылар






Наурыз

Тәрбие жұмысының бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Ұзақ мерзімге сабақ қалдырған оқушылармен жұмыс жүргізу

Үнемі

Омирбекова Ж.

Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру

02.03.17

Сынып жетекшілер

«Қылмыстық топ» рейд

Тоқсанына 1 рет

Сарыбаева А, психологтар

Оқушылардың оқудан қашу себептерін анықтау

Аптасына 1 рет

Омирбекова Ж

Өзін-өзі басқару күнін ұйымдастыру

07.03.17

Омирбекова Ж,өзін-өзі бас. ұйымы

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

 «Алғыс айту парызым...» ашық шара

01.03.17

Қайыпбаева С

 «Алғыс білдіремін» ашық хаттар жазу

27.02-01.03

Сынып жетекшілер

Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері 1-11 сынып тәрбие сағаты

13.03.17

Сынып жетекшілер

3



Ұлттық тәрбие

«Ардақтамыз ананы» тәрбие сағаты

07.03.17

Сералиева А

«Ана – өмірдің гүлі» тәрбие сағаты

06.03.17

Омарова С

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» аналардың қатысуымен тәрбие сағаты

04.03.17

Наурызбекова Н

«Қош келдің әз Наурыз!» ашық шара

15.03.17

Абитова Н

Мүшел той

16.03.17

Темиркулова ГӘбікенова Ғ

Нұрғалиева Қ

Ұлдар,қыздар жиналысын өткізу-№7

17.03.17

Сыдықбаев А Әбікенова Ғ

4

Отбасы тәрбиесі

 «Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей» ата – аналармен тренинг

02.03.17

Бармақова Т

Халықаралық Әйелдер күніне орай «Ананың аялы алақаны» атты аналар мерекесін өткізу

04.03.17

Уразыметова Р

Ата –аналар жиналысы №4

23.03-30.03

Сарыбаева А, сынып жетекшілер

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Оқушылардың оқу құралдарының талапқа сай пайдалануын қадағалау.

Үнемі

Омирбекова Ж белсенді оқушылар

«Аялайық, туған жер табиғатын»  ұранымен ағаштар отырғызу

Ай бойы

Омирбекова Ж Сынып жетекшілер

Оқушылардың күнделіктерінің жүргізілуін тексеру

17.03.17

Сарыбаева А,Омирбекова Ж, коммисия мүшелері

Тазалық күнін жүргізу

Сенбі

Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

«Сыйласаң сый көресің» тәрбие сағаты

11.03.17

Бағашарова Ш

«Менің қорғаушы-періштем»атты газеттер мен суреттер

13.03.17

Исмайлов Ө

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Мың бір мақал, мың бір жұмбақ» байқау

14.03.17

Сәлімақынова Б

«Өзіңді сүю-өмірді сүю» тәрбие сағаты

03.03.17

Сәрсенбаева Ж

«Ғаламтор деген не?»бастауыш сынып оқушыларымен диспут өткізу

10.03.17

Омирбекова Ж.Белсенді оқушылар

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Жеке бас  гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінеміз? тәрбие сағаты 1-4 сынып

06.03.17

Сынып жетекшілер

«Ұлттық ойын ой сергітер» байқау

09.03-13.03

Итжанов Д

«Есірткінің адам ағзасына тигізер кесірі»

Диктант алу. 5-11-  сыныптар

13.03-18.03

Сынып жетекшілер

Сәуір

Тәрбие жұмысының бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

«Халықтар достығы - бірлікте» ашық шара


28.04.16

Сәрсенбаева Ж

«Татулық - ел тірегі» тәрбие сағаты

27.04.16

Серік А

«Қауіпсіздік дөңгелек» байқауына дайындық

Ай бойы

Тохтахунов П, Баташев Қ

«Рәміздер  мәртебесі - еліміздің мақтанышы» тәрбие сағаты

25.04.17

Сауранбаева Д

Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру

05.04.17

Сынып жетекшілер

«Мәңгілік ел» ашық шара

13.04.17

Тоқтар Н

Оқушылардың сабаққа қатысу қорытындысы бойынша оқушылармен жұмыс жүргізу

Үнемі

Сарыбаева А, Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

Түнгі рейд жүргізу

Үнемі

Сарыбаева А, Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

«Рухани байлық, игілік көзі» тәрбие сағаты 1-11 сынып

10.04.17

Сынып жетекшілер

Адал өмір сүру - абзал қасиет тәрбие сағаты 1-11 сынып

24.04

Сынып жетекшілер

«Кітап – ең сабырлы ұстазым»  акция өткізу

19.04.17

Мұсабекова Ж

3


Ұлттық тәрбие

«Абай – дана, Абай- дара қазақта!» ашық шара

27.04.17

Ракишова М

Ұлдар,қыздар жиналысын өткізу-№8

28.04.17

Сыдықбаев А Әбікенова Ғ

4

Отбасы тәрбиесі

Мектеп ішілік есепте тұратын оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесу

Жыл бойы

Сарыбаева А, психологтар , сынып жетекшілер

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

«Табиғат – тал бесігім» тәрбие сағаты

11.04.17

Матекова Н

«Құстар біздің досымыз» тәрбие сағаты

22.04.17

Міркәрім М

«Таза болса табиғат-аман болар адамзат» ұранымен сембілік өткізу

Ай бойы

Омирбекова Ж сынып жетекшілер

2 сәуір-Халықаралық құстар күніне орай «Құстар-біздің досымыз» тәрбие сағаты

08.04.17

Абдықадырова Л

Мектеп оқушыларын «Жасыл желек» көгалдандыру жұмыстарына тарту

Ай бойы

Омирбекова Ж сынып жетекшілер

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тәрбие сағаты

20.04.17

Сералиева А

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мерекесі (10-11сыныптар)

14.04.17

Омирбекова Ж, белсенді оқушылар

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Мен мектепке барамын» ашық шара

21.04.17

Бабазова Р, Пансурова З

«Менің таңдаған мамандығым» дөңгелек үстел 9-10 сынып оқушылары  арасында

07.04.17

Имирова М

«Мен өмірді таңдаймын» тренинг

15.04.17

Нұрғалиева Қ

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

7 сәуір – Бүкіләлемдік денсаулық күні. Көңілді жарыстар

07.04.17

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

«Елдің намысын қорғар ер болам»  Ұлттық ойындар

07.04.17

Баташев Қ

«Жас спортшылар»  Футболдан жолдастық кездесу ( үйірме қорытындысы)

06.04.17

Садиров А

«Жас боксшы» үйірме қорытындысы

13.04.17

Найманов М


Мамыр

Тәрбие жұмысының бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

«Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші» ашық шара

04.05.16

Шабанбаева Ә

«Отанды сүйген оттан қорықпайды» тәрбие сағаты

03.05.16

Темиркулова Г

«Ел рәміздері – еркіндік нышаны» тәрбие сағаты

12.05.16

Абдықадырова Л

«Ұрпаққа ұлан болған Ұлы Жеңіс» тәрбие сағаты

05.05.17

Шажабаева Т

«Жас Ұлан»

байқау

Сарыбаева А, Омирбекова Ж

«Сапта жүру,ән айту»

байқау

Сыдықбаев А,сынып жет-р

«Жеңіс туы желбіре» 1-11 сынып тәрбие сағаты

08.05.17

Сынып жетекшілер

Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру

02.05.17

Сынып жетекшілер

2

Рухани-адамгершілік тәрбие

«Адам өмірі - басты құндылық» психологиялық тренинг

15.05.17

Психологтар

Кітап патшалығына саяхат 1 сыныптар

16.05.17

Сынып жетекшілер

«Қоғамдық орында сен өзіңді қалай ұстайсың?» Сауалнама

15.03-18.03

Сынып жетекшілер

Қиын оқушылармен жұмыс

Жыл бойы

Сарыбаева А , сынып жетекшілер

3

Ұлттық тәрбие

«Жат ағымның жетегіне ерме!» тәрбие сағаты

18.05.17

Пәзілұлы Е

4

Отбасы тәрбиесі

Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат пікірлесу

Ай бойы

Сынып жетекшілер

Ата –аналар жиналысы №5

26.05-30.05.17

Сарыбаева А, Сынып жетекшілер

Ұлдар,қыздар жиналысын өткізу-№9

19.05.17

Сыдықбаев А Әбікенова Ғ

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

«Жасыл ел» акциясына қатысу

Ай бойы

Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

Сенбілік ұйымдастыру

Ай бойы

Омирбекова Ж, сынып жетекшілер

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

«Бастауышым – балбұлағым!» 4 аәб

19.05.17

Сауранбаева Д Матекова Н Бармақова Т

7

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Талаптан да, білімнен өнер үйрен» ашық шара

13.05.17

Міркәрім М

« Есірткіге жол жоқ!» ашық шара

11.05.17

Смағұлова А

Оқушыларға радикалды діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы насихаттауға бағытталған тәрбие сағаттарын ұйымдастыру



8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

«Шынықсаң шымыр боласың» таңғы бой жазу жаттығу

Ай бойы

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

«Салауатты өмір салты-ұлт саулығының кепілі» тәрбие сағаты 1-11 сынып

22.05.17

Сынып жетекшілер

Президенттік тестің орындалысы

мамыр

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
3293
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі