Тәрбие сағатының тақырыбы: «Атадан-өсиет, анадан-қасиет»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Атадан-өсиет, анадан-қасиет»

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Атадан-өсиет, анадан-қасиет»

Сынып: 9 «ә»

Күні: 04.03.2024

Құндылық: Ар-ұят

Индикатор: Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды.

Мақсаты:  Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге, мейірімділікке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту

Күтілетін нәтиже: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге, мейірімділікке сый-құрметке тәрбиеленеді , оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттері дамиды.

Барысы:
Мемлекеттік әнұран орындалады.

Өмірдің көркі - көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8 наурыз күніне белгіленген. Құрметті аяулы, ардақты аналар өміріміздің гүлі, қуанышы. Әйелдер шаңырақ ұйытқысы, ырыс-берекесі, алтын діңгегі. Сонау, заманнан ерлерімізге тірек болып, жігер берген аналарымыз қаншама. Бүгінде ел экономикасына етене араласып, саяси күшті ықпал жасап отырған - осы бір нәзік жанды әйелдер қауымы. .

Балалар анамызды құрметтейік Көңілін ешқашанда кірлетпейік Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп. Орынсыз ренжітіп, үндетпейік. Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан.Сенің барлық қылығыңды кешіреді ,аяйды.

«Миға шабуыл» әдісі 1.Қоғам қайраткерлері аналардан кімдерді білесіздер?

2. Қыз балаға лайық мамандық атаңыз?

3. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыздарды білесіздер ме?

4. Балаларыңыдың ішінде ең еркесі ең тәттісі қайсысы деп айтар едіңіздер? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

«Мен анамды қаншалықты білемін?»
1.Анаң қандай түсті киімдерді ұнатады?
2.жақсы көретін тағамы.
3.Ұнататын гүлі қандай?
4.Анаң қандай иіссуды ұнатады?
5.Бос кезде немен шұғылданғанды ұнатады?
6.Ұнатпайтын ісі кандай?
7.Ұнатпайтын әншісі кім?

Караоке Ана https://www.youtube.com/watch?v=9LDjEmSQN-k

Сөзі: Садраддин — Ана.

Батаңды қабыл алып сахнаға шықтым ана

Сапарда жүрген кезде мені

алаңдап күттің ана

Әрдайым уақыт бөліп, шабыт беріп көңіліме қарадың.

Иә, мама әр сөзің алтыннан бағалы, бар мәні

Біз үшін жаныңды арнадың, бәрі де

Сенің арқаң Анажан, Анажан!



қайырмасы:

Ана, ана жалғыз ғана

Жарық өмір сыйлаған,

Жамандыққа қимаған…

Ана, ана деген ғана

Мандайымнан сипаған

Жылы киіп жүр балаң



Жұмақтың кілті-сенің табаныңның астында,

Дұғаңның арқасында бақыт қонды басыма,

Мен үшін орны бөлек байлығымсың расында

Ана жан

Ешқашан қатарымнан кем қылмадың,

Жаныма жігер беріп нұр сыйладың.

Жанашыр, Ана жан!



қайырмасы:

Ана, ана жалғыз ғана

Жарық өмір сыйлаған,

Жамандыққа қимаған…

Ана, ана деген ғана

Мандайымнан сипаған

Жылы киіп жүр балаң

Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып қойылады,жауабын балаңыз екеуіңіз бірлесе отырып табыңыздар.

1.Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)

2.Тозар елдің жаңжалы бітпес, Озар елдің несі бітпес? (арманы)

3.Елдің ерлігі ерінен танылар, Елдің байлығы несінен танылар?(жерінен)

4.Ел қалаған ұл-қыздар – Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар)

5.Ынтымақты елге ешкім жетпес, Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)

6.Анаңа ауыр сөз айтпа, Атаңа ауыр не артпа?(жүк)

7.Адам болатын бала қандай?(ағайыншыл) Бай болатын бала айырбасшыл.

8.Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп) Өнерімен қуантады түбінде.

9.Қарағайға қарап тал өсер, Несіне қарап бала өсер?(қатарына)

10.Кішіпейіл болғаннан Кішірейіп кетпейсің. Өркөкірек болғанмен, Неге жетпейсің?((Ұлылыққа) 11.Мейірімділікті анадан үйрен, Әдептілікті кімнен үйрен?(данадан)

12.Қандай бала аяққа басылған шала?(әдепсіз)

13.Ұл-қыздан да жаман мінез шығады, Қырсыз қылық тек кімдерден жұғады?(ата-анадан)

14.Берекені көктен тілеме, Бірлігі мол кімнен тіле? (көптен)

15.Отанға опасыздық еткенің Кімнің түбіне жеткенің?(өз)

YI Туысың сенің-ырысың

1.Оның шешесі сенің шешеңнің қайын енесі.Ол сіздің кіміңіз болады? (әкесі)

2.Оның әкесі менің күйеу балам. Ол менің кімім ? (жиен)

3.Менің шешем оның қызы. Ол менің кімім ? (нағашы ата)

4.Ол менің күйеубаламның жары.Ол маған кім? (сіңілі)

5.Оның апайы сенің ағаңның жары. Ол саған кім?(құдаша)

YII Адам болып қал балам.(Өлеңнің бір сөзі жасырылады, табу керек

«Ашу - дұшпан, ақыл - дос, Ақылыңа ақыл қос». Деген халық нақылы Қандай өмір болар бос.(зердесіз) Атаң менен анаңа, Далаң менен қалаңа. Тілің менен неңе,(дініңе) Адал болып қал, балам!

Қорытынды: Тәрбиенің мақсаты-балаларымызды бізсіз де күн көре алатындай етіп оқытуымыз керек.Халық даналығы: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» дегендей ата-аналардың көмегінсіз жеке тұлға тәрбиелеуіміз қиын,сондықтан мектеппен тығыз байланыста болыңыздар деп, - сөзімді қорытамын





















































Сөзі: Садраддин — Ана.

Батаңды қабыл алып сахнаға шықтым ана

Сапарда жүрген кезде мені

алаңдап күттің ана

Әрдайым уақыт бөліп, шабыт беріп көңіліме қарадың.

Иә, мама әр сөзің алтыннан бағалы, бар мәні

Біз үшін жаныңды арнадың, бәрі де

Сенің арқаң Анажан, Анажан!

қайырмасы:

Ана, ана жалғыз ғана

Жарық өмір сыйлаған,

Жамандыққа қимаған…

Ана, ана деген ғана

Мандайымнан сипаған

Жылы киіп жүр балаң

Жұмақтың кілті-сенің табаныңның астында,

Дұғаңның арқасында бақыт қонды басыма,

Мен үшін орны бөлек байлығымсың расында

Ана жан

Ешқашан қатарымнан кем қылмадың,

Жаныма жігер беріп нұр сыйладың.

Жанашыр, Ана жан!

қайырмасы:

Ана, ана жалғыз ғана

Жарық өмір сыйлаған,

Жамандыққа қимаған…

Ана, ана деген ғана

Мандайымнан сипаған

Жылы киіп жүр балаң

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2024
623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі