Материалдар / Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан желі ызғарлы....»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан желі ызғарлы....»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«16 желтоқсан – желтоқсан құрбандарын еске алу» күніне орай

«Желтоқсан желі ызғарлы....» атты бағдарлама.



Безендіру: сахнада жапқыш, ұлттық ою-өрнекпен, кинолента, кілем.

Интерактивтік тақта: жиын тақырыбы.

Сахнада: Композицияға қатысатын оқушылар түгел тұрады.

Қонақтар: желтоқсан куәгері, аудандық Ішкі саясат бөлімі.

ФАНФАР

Интерактивтік тақта: тақырып.

Бейнеролик: «Алаш»

«Алаш»

Бейнеролик «Желтоқсан желі ызғарлы ...», видео қосылып тұрады.

Найман:

Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты.

Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.

Пауза

Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Қайрат пен Ләззат, Ербол менен Сәбира

Құрбаны болған жаланың...

Оқушылар шығады.

Ләззат

Буырқан қәне, Желтоқсан,

Орашы қарлы боранмен.

Қайраттың қайсар мінезін

Өзіңнен іздеп табам мен.

Желдетші қәне, Желтоқсан,

Желіңе жастар үн қосқан.

Еседі желмен Ләззаттың

Ерлігі жайлы жыр-дастан.

Сәбира

Мұздатшы қәне, Желтоқсан,

Мұзыңа нәзік гүл біткен.

Сәбира рухы мұз бетін,

Азаттығымен гүлдеткен.

Ербол

Қаһарлан қәне, Желтоқсан,

Аязың басып жер бетін.

Қазағым енді елдігін,

Ешкімге қолдан бермесін.

Ызғарлан қәне, Желтоқсан,

Ерболдың аты өлмесін.

Жас кеткен жастың жалауын,

Желтоқсан желі тербесін.

Қайрат

Қаһарлан кәне, Желтоқсан

Көрсетіп елдің айбатын

Ел үшін құрбан жастардың

Жаңғыртып мәңгі қойды атын

Рысқұлбековтей алаңға

Ел үшін шықты қай батыр?


Ұмытпайды енді болашақ

Қазақтың қайсар Қайратын

Монтаж

Ілияс:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Бақытнұр:

Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

Жанель

Когда стал выбор: быть или не быть.

Листаю я страницы книги-жизни

И возвращаюсь в 90-й год:

Черной вуалью покрывает небо,

И звезды начинают хоровод.

В сердцах родных – и боль, и состраданье,

В глазах родных – бездонность передряг

И гордость за страну, что поднимает

Тот долгожданный независимости стяг.

Енлік

Тернист был путь к свободе обретенной,

И каждый шаг – открытие дорог,

И понимаешь: как же очень дорог

Огромный путь, покрытый лавою тревог.

Сейчас я вспоминаю эти годы,

Как яркие страницы, звездный всплеск,

Который дал возможность окунуться

В реку надежды и уверенных побед!

Жанылай:

Моя страна, ты, словно сокол, мчишься

И поднимаешь голубой наш флаг.

Ты украшаешь золотом страницы

Открытой книги яркий звездопад.

История – огромный круг событий:

Борьба батыров, смерть ради Земли,

Родной земли, что в детстве нас вскормила,

Родной земли, что в старости приют.

Земля казахская наполнена любовью

И уважением, верою в тебя,

О человек, ты человек Вселенной,


В твоих руках надежных независимости стяг!

Алдияр:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –
Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында –
Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да –
Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да –
Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да –
Желтоқсан.
Намысымның шырағы да –
Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да –
Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да -
Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да –
Желтоқсан.

Сахналық қойылым
Найман:

Дауылға желтоқсанның желі айналады,

Ашу мінді Алатау кәрі, айбарлы,

Күтпеген іс ақыры не болды, деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.


Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңда шеру емес салтанатты,

Қытымыр қыстың басы сол бір айда

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

БЕЙНЕРОЛИК

ҚАЙРАТ АҒАМА ХАТ
Ләззат Асанованың монологы
Мен де армансыз...
Мен де ажалсыз...
Азатпын,
Мендегі мұң – Сіздің мұңдай азап мұң.
Ғажап мұң деп айту Сізге лайықты,
Бір білерім –
Қайсар қызбын! Қазақпын!
Иә, солай...
Намыс отын маздаттым!
Маған қымбат –
Азат елім, Азат күн.
Тек бір арман...
Он алтымда қиылдым –
Анасына айнала алмай қазақтың...
Назы дерсіз...
Ерке қыздың кезекті –
Өкінішім өртемейді өзекті.
Жаным – жібек, жалын еді жүрегім –
«тік мінезді» екен деген сөз өтті.
Жүрмін, Аға, жалғыз өзім жабығып,
Ай – серігім. Айдан тұмар тағынып.
Желтоқсаннан ұзап шыға алмадық –
Сіз көктемді, мен жазымды сағынып...
Анамды да ойлап қоям, Ардақты –
Ай,жылдарын мені ақтауға арнапты.
Түбі әйтеуір, жеңіп шықты. Шындық бар!
Білем... сезем...
Талай жандар алдапты.


Халық үшін құрбан жастық, жанымыз –
Биік әркез – Жігер, Намыс, Арымыз!
Айтыңызшы...
Қуандық қой қабірде –
Тәуелсіз боп атқан кезде таңымыз!
Бәрі арманда!
Көрмеген де, көрген де...
Біз тірілдік құлдық сана өлгенде!
Жүрегімді мұңлы ән-күй кернейді –
Сіз айтқандай, «Үн шығады көрден де».
Жоғалттым ба домбырамның тиегін?
Жалғаспады өнер жолы – киелім.
Мен бірақ та...
Бақыттымын дәл Сіздей:
«Сүтім – Қазақ!
Қазақ – менің Сүйегім!».

Ақсүйрік:

За свой народ я вправе постоять,

За боль души и мыслей выраженье!

Но тяжек путь! Стремления убиты!

И нет пути назад, так стоит ли идти?

Когда струей воды сбивают,

И собирают в кучу, как дрова,

Как мусор грязный подбирают,

В надежде замести следы.

Мы те, которых вы не знали,

Которые пытались лишь сказать,

Остановись от необдуманных решений,

И навсегда свободу удержать!

Вы поклонитесь до земли,

За тех, кому ты должен быть обязан,

За день, что вырван кровью был в борьбе,

Чтобы сейчас ты независимость обрел!

И чувствовал себя всегда свободным!

Найман:

Желтоқсанда құрбан болған боздақтарды еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

(МЕТРОНОМ)

Фон. (видео)

Ақсүйрік:

Желтоксан – неугасимая боль казахского народа. Уроки декабря напоминают нам, как важен мир и взаимопонимание между людьми разных национальностей, живущих на нашей земле. Казахстан встал на новый путь развития, воплотил вековые мечты народа о свободе. И сегодня каждый гражданин Республики гордится своей Независимостью.

Ақсүйрік:

Слово предоставляется директору школы-лицея №5 Әбдіғапаровой Әлие Пәуединқызы.

Найман:

Еске алу жиынымызға желтоқсан оқиғасының куәгері Юсупов Қайрат Мұқанұлы қатысып отыр. Сөз кезегін жиынымыздың құрметті қонағына ұсынамыз

«Алаш» тобы. «Поппури».

Бейнеролик.

Қуан, қазақ!

АРМАН:

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!

Ендіктерді аралап еркін дүбір,

Алаулатты керемет көркіңді нұр.

Алақайлап аспанға атып тұрып,


Берекелі бастағы бөркіңді бір...

Қуан, қазақ!

Алдияр:

Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,

Қазақ жері азат,

Қазақ ері азат,

Бұдан нұрлы шақ бар ма?

Бұдан асар бақ бар ма?

Қуан, қазақ!

Ілияс:

Күн туды қуанатын!

Әдіптеді арманды әуелгі үміт,

Кекете алмас қазақты жау ел күліп...

Тәуелсіздік туындай биік еңсең,

Кетті бүгін келмеске тәуелділік...

Қуан, қазақ!

Нұрбақыт:

Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,

Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...

Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін

Танығысы келмейтін тарпаң елдер...

Қуан, қазақ!

Найман:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстан»

Ақсүйрік:

Настал тот день которого мы ждали

восстало солнце праздничного дня

О независимость- О родина моя

чтобы добиться мира и добра

летели доблестно года

да будет день которого мы ждали

да будет солнце праздничного дня

О независимость-О Родина Моя!

Хор: «Қазақстан егемен елім»

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!