400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағатының тақырыбы: Көкорай көкмайсасы көркемсөздің.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының мақсаты: Жазушының өз бейнесін көру үшін шығармасына терең үңілдіру, сол арқылы өмірі, арман – мұраты, дүниеге көзқарасы, адамгершілік, азаматтық қасиеттерін аңғарту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Көкорай көкмайсасы көркемсөздің.

Тәрбие сағатының мақсаты: Жазушының өз бейнесін көру үшін шығармасына терең үңілдіру, сол арқылы өмірі, арман – мұраты, дүниеге көзқарасы, адамгершілік, азаматтық қасиеттерін аңғарту.

Көрнекіліктер: Ж.Аймауытовтың суреттері, нақыл сөздері, көрініс, слайд.

Тәрбие сағатының жоспары:

  1. Ж.Аймауытовтың өмірімен танысу;

  2. Өнер жолында.

а)Ж.Аймауытов – жазушы.

ә) Ж.Аймауытов – драматург.

б) Ж.Аймауытов – әңгімеші.

в) Ж.Аймауытов – аудармашы.

3. Жүсіпбек шығармаларының зерттелуі.

Қорытынды.


Саламатсыздар ма оқушылар және қатысып отырған ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ ақын – жазушыларының бірі, жан – жақты талант иесі, халқының қамын ойлаған, сол жылдардағы қазақ елінің кешегісі мен бүгінін жырлаған ұлы тұлғалардың бірі Ж.Аймауытовқа арналмақшы.

Ж.Аймауытов 1889 жылы күзде Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылтау облысының бірінші ауылында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, «Жосалы» совхозы) дүниеге келген. Өз әкесі Аймауыт та, оның әкесі Дөндебай да шағын шаруалы адамдар болған. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз ауылында өтеді. Ол ауыл молдасынан оқып сауат ашады. Содан кейін аз уақыт өзі де молдалық құрып, бала оқытады.

1907 жылы Жүсіпбек молдалықты тастап Баянауылға барып, орыс мектебіне оқуға түседі. Ол мектепте бір қыс оқып, екі бөлімін бітіріп, келер жылы Павлодардағы қазыналық ауылшаруашылық мектебіне оқуға тапсырады. Бір айдай ауыл шаруашылық жұмысына қатысып, одан кейін екі ай ғана оқуға мүмкіндік алған Жүсіпбек мектеп режимі мен әділетсіздікке қарсы бой көтерген балалардың қатарында оқудан шығып қалады.

Осыдан кейін ол еліне қайта оралып, біраз уақыт ауылда бала оқытады да, Баяндағы мектептің үшінші класында оқуын жалғастырады. Содан 1911 жылы Павлодарға келіп, екі класты орыс – қазақ мектебіне орналасады. Әуелі сол мектепте, кейін интернатта білім алып, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1919 жылы бітіреді.

1919 жылы Жүсіпбек Комунистік партияның қатарына кіреді. Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметін атқарады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істейді. 1922 – 1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып, 1924 – 26 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызмет атқарады. 1926 -29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады да, 1931 жылы мезгілсіз қайтыс болады.

Ж.Аймауытовтың отбасымен таныстырып кетейін. Әкесі – Аймауыт, шешесі – Бәтима. 5 ағайынды: ағасы – Ақат, 2 апасы – Қадыкеш пен Жәмікен, інісі – Оспан.

Жұбайының аты - Евгения Қарабатырқызы Сермұхамедова, үш баласы: Бектұр, Жанақ, Муза бар.


ІІ. Өнер жолында.

Жүсіпбектің сахна өнеріне жақындығы оның жазушылық еңбегін драматургия саласынан бастауына едәуір ықпал еткен. 1916 – 1917 жылы ол «Рабиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану» атты пьесалар жазып, оны өзі сахнаға шығарған. Шығармашылық жолын осылай ьастаған Ж.Аймауытов совет өкіметі жылдары жас қазақ совет әдебиетінің бастауында тұрып, оның негізгі жанрларын дамытуға еңбек сіңірген үлкен талант иесі болып танылды. Оның «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, көптеген әңгімелері, публицистикалық туындылары қазақ прозасының, әсіресе үлкен прозаның туып, қалыптасуына игі ықпал жасады. Поэзия саласында көптеген өлеңдер мен «Нұр күйі» сияқты поэма туғызды,сын мақалалар жазды. Орыс және дүние жүзі әдебиеті үлгілерінен прозалық, поэзиялық, драмалық шығармаларды көп аударды. Мектеп және орта дәрежелі оқу орындары үшін оқулықтар жазуға қатысты. Әсіресе, оның «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты педагогика және психология саласындағы оқулықтары - жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеуде, жақсы қылықтарға баулуда үлкен қызмет атқарған еңбектер.


Ж.Аймауытов – жазушы.

Неғып жатыр?

Түрленіп мынау заман ағып жатыр,

Жай өтпей әркімге сын тағып жатыр,

Жайынан замананың хабардар ма?

Осы біздің қазақтар неғып жатыр?

Шүкір, қазақ ұйқыдан тұрып жатыр,

Өз әлінше өрмегін құрып жатыр,

Жіліктің майлы басын бері тартып,

Икемдеп өз алдына бұрып жатыр. (Б.Бекзат)


Ұран.

Қазағым,қақтықпа, қамалма!

Ел болар қамыңды амалда!

Кетті түн, атып таң, шығып күн

Сал малды, сал жанды аянба!

Ұраным,қорғаным, сен Алаш!

Жолыңа құрмалдық мал мен бас!

Өнер тап, өрге шап, қару ат,

Аллалап алға бас, ал Алаш! (Жансая)

-Жақсы, балалар, ал енді Ж.Аймауытовтың білетін шығармаларын топтастырайық.




Shape4 Shape3 Shape1

«Ел қорғаны»

пьесасы

Shape2

«Шернияз» пьесасы

«Ақбілек»

романы

«Қартқожа»

романы



Shape5

Shape20 Shape14 Shape19 Shape18 Shape17 Shape15 Shape16 Shape7 Shape6 Shape8 Shape10 Shape11 Shape12 Shape13 Shape9

«Күнікейдің жазығы»

повесі

Көптеген өлеңдері менәңгімелері

«Нұр күйі»

поэмасы

«Мансапқорлар»

пьесасы

«Қанапия мен Шәрбану»

пьесасы

«Рабиға»

пьесасы

Ж.Аймауытов шығармалары






Shape21







Ж.Аймауытов – драматург.

Олай болса, Жүсіпбектің «Қанапия мен Шәрбану» пьесасынан үзінді көрініс көрсетейік.

Ағаш үй. Ұмсынай бір қолында жерге тіреулі ұршығы, бір қолымен оң көзін сипап отыр.

-Көзі түскір неге тартып отыр,қуанам ба, жылаймын ба? Көріңде өкіргір Мекалай көрмегенді көрсеттің ғой. Қазақтан солдат алмайды дейтіні қайда? Қане алмағаны? Ей,жасаған ие – ай! (орнынан тұрып,үйдің есігінен қарайды) үлкен ауылдан бір кісі келе жатыр екен,әлдекім... Жаным – ау,Қанапия болар ма?

Қанапия: (келіп отырады) Мал жандарыңыз аман ба,шеше?

Ұмсынай: Шүкір,қарағым,өз мал – жандарын есен ғой?

Қанапия:Аманшылық

Ұмсынай: Қайдан келдің,қарағым?

Қанапия: Орын – морын табыла ма деп заводқа барып,содан келемін.

Ұмсынай: Қарағым тамақ іштің бе,шай қояйын ба?

Қанапия: Тамақ ойға да келмейді.

Ұмсынай: Оның рас,қарағым! Жүрегіңе ас батпайды екен!

Қанапия:(жан – жағына қарап). Шеше,Шәрбану қайда кеткен?

Ұмсынай: Қабуға шақырып кетіп еді,келетін де уағы болды.

Шәрбану кіріп келіп,Қанапияны көріп,қызарып шешесінің қасына келіп, бір қолымен жер таянып отыра кетеді.

Қанапия: Көңілі – қарың тиыш па?

Шәрбану: Шүкір

Ұмсынай: Қарағым, Қанашқа самаурын қайнат. Ана шелекте су тұр.

Шәрбану:(Ынтас Қанапияға ауып) Апа,маған не істе дедің?

Ұмсынай: Қанашқа самауыр қайнат деймін.

Шәрбану шелекті алып сыртқа шығып кетеді.

Ұмсынай: мен құсап мұның да есі шығып жүр. Заманы әлдеқалай болады сорлының.

Шәрбану келіп: Апа жантақ мүйізің жанасып жатыр екен. Бұзауын байлап қойдым.

Ұмсынай: (ұршығын жерге қойып түрегеліп): сауып жіберейін,желіні айырылып бара жатқандай, азынап кетпес.

Сыртқа шығып кетеді.

Шәрбану: Орын таптыңыз ба?

Қанапия: Жоқ,соғысқа кеткеннің өзін дұрыс көріп жүрмін.

Шәрбану: Сонша біреуден көңіліңіз қалды ма? Соғысқа шынымен барасыз ба?

Қанапия: Бармаймын дегенмен бола ма? Жұрттың бәрінен менің жаным ардақты ма?

Шәрбану: Өйтіп –бүйтіп қалып жатқандар бар ғой.

Қанапия: Қалқам –ау, өзгелердей қолымыз ұзын ба?

Ұмсынай: (кіріп) Үлкен ауыл жақтан бір кісі құйғытып тұрып шауып келе жатыр.

Қанапия: (ұшып түрегеліп) Ол неғылған адам?

Даладан – Уа,сүйінші,сүйінші! Батыстан телеграмма келді. Қазақты босатыпты. Қазақты алмайтын болыпты, мүлде қалдырыпты.

Ұмсынай: Алла – ай, жасаған – ай!

Шәрбану: Құдай жарылқады!

Қанапия: Ауылға барып әжемді қуантайын!

  • Рахмет,балалар. Осы көріністен не ұқтық? Жазушы не айтқысы келді?


Ж.Аймауытов – әңгімеші.

Ж.Аймауытов әдебиетіміздің проза саласында,әсіресе оның көркем әңгіме,роман, повесть сияқты жанрында өзіндік үлес қосқан қаламгерлердің бірі. Әңгімелерінде қоғамдық құбылыстар,өмір көріністері ақиқат жайттарға негізделген. Жазушы өмір шындығын,нақтылы көріністерді арқау еткен. Бай, кедей өмірлерін суреттеу арқылы кейіпкерлер жан – дүниесін ашады. Олардың қарым – қатынастарынан, сөздерінен сол уақыттың үні сезіледі. Әңгіме тілі, кейіпкер сөздері нақтылы уақиға, өмір шындықтары тұсында мәнді сипат алған.

Әңгімелері: «Қырсықты Сүлей», «Жаңа өмірге аяқ басты», «Әңші», т.б.


Ж.Аймауытов – аудармашы.

Жүсіпбектің шығармашылық мұрасының ең бір көрнекті жағы, сан – салалы талантының тағы да бір қыры оның аудармашылық өнерінен танылады. Жас талап талай қиындықтарға төтеп беріп, өзінің зеректігінің арқасында орысша хат танып, өз бетінше көп ізденеді, соның нәтижесінде кәдімгідей еркін аударма жасау дәрежесіне жетеді. Ол Мопассан,Мольер, Шекспир, Тагор, Гюго т.б шетел жазушылары мен Гоголь, Пушкин, Толстой, Чехов т.с.с орыс жазушыларының озық ойлы туындыларын ұнатып оқумен қатар көпшілігін қазақ тіліне еркін аударды.


Жүсіпбек шығармаларының зерттелуі.

Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы көптеген әдебиетші- ғалымдар мен жас қаламгерлердің ізденістерінен орын алып келеді. Д.Әбілевтің «Көкейде қалған кездесу» атты естелік өлеңінде,Қ.Мұқамедханұлының «Жүсіпбек Аймауытов», Е.Өтебайұлының «Тағдардың кездестім ғой кермесіне», Б.Кенжебаевтің «Телегей теңіз», Т.Қожакеевтің «Дархан дарын», Б.Байғалиевтің «Қайта оралған қаламгер», Қ.Төлеметовтің «Өткендер мен өткелдер» т.б ізденіс еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Ж.Аймауытұлының әдеби мұрасы негізінде К.Әбдікова, Р.Досжанова, Д.Құсайынов т.б кандидаттық дисертация қорғаса, ғалым Р.Тұрысбек «Жүсіпбек Аймауытұлы және 20-жылдардағы қазақ прозасы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

- Сонымен, балалар, Жүсіпбек Аймауытов кім болды?


Қорытынды:

Жүсіпбектің артында бірталай ғылыми мұра да қалды. Қазақтың демократтық – ағартушылық әдебиеті, орыстың және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерінен сусындаған Жүсіпбек бүкіл шығармашылық өмірінде әдебиет арқылы адамдық, адамгершілік және туыстық идеяларын уағыздады. Отаршылдық пен үстем таптың екі жақты қанауында езіліп келген туған халқын оқу,өнер,білім жолына үгіттеді.

Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы аяқталғанымен, оның шығармашылығын қазіргі қоғаммен байланыстырып жан – жақты талдау өскелең ұрпақтың басты міндетіне айналмақ. Жүсіпбектану қазіргі кезде әлі де көп зерттеуді қажет етеді.

Осымен, қазақ әдебиетіміздегі тұлғалардың бірі – Ж.Аймауытовқа арналған «Көкорай көкмайсасы көркемсөздің» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет!


















Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп










Көкорай көкмайсасы көркемсөздің.

Ашық тәрбие сағат














Өткізген: Маратқызы Г

6 «а» сынып жетекшісі












2014ж








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
2413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі